link15000 link15001 link15002 link15003 link15004 link15005 link15006 link15007 link15008 link15009 link15010 link15011 link15012 link15013 link15014 link15015 link15016 link15017 link15018 link15019 link15020 link15021 link15022 link15023 link15024 link15025 link15026 link15027 link15028 link15029 link15030 link15031 link15032 link15033 link15034 link15035 link15036 link15037 link15038 link15039 link15040 link15041 link15042 link15043 link15044 link15045 link15046 link15047 link15048 link15049 link15050 link15051 link15052 link15053 link15054 link15055 link15056 link15057 link15058 link15059 link15060 link15061 link15062 link15063 link15064 link15065 link15066 link15067 link15068 link15069 link15070 link15071 link15072 link15073 link15074 link15075 link15076 link15077 link15078 link15079 link15080 link15081 link15082 link15083 link15084 link15085 link15086 link15087 link15088 link15089 link15090 link15091 link15092 link15093 link15094 link15095 link15096 link15097 link15098 link15099 link15100 link15101 link15102 link15103 link15104 link15105 link15106 link15107 link15108 link15109 link15110 link15111 link15112 link15113 link15114 link15115 link15116 link15117 link15118 link15119
Жупар
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
МӘШҺУР ЖҮСІП ЖӘНЕ ӘДЕБИ ТІЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

МӘШҺУР ЖҮСІП ЖӘНЕ ӘДЕБИ ТІЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

САГИТОВА Ж.С.

№ 21ЖББ мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Павлодар қ.

Қазіргі қазақ тілі үшін оның жазба түрінің болуы, сан салалы стильдерге тарамдалуы, қоғам өмірінің барша саласына түгел қызмет етуі-заңды шарттар. Бұл шарттарға қазақ топырағында қызмет еткен әдеби тілдер әрдайым барлық дәуірлерде бірдей жауап бере алмаған, әдеби болуы міндетті де емес, мүмкін де емес.

Мәшһур Жүсіп шығармаларының оның тіл тазалығын сақтауды міндетті іс ретінде санайтының байқаймыз. Бұл ойымыз белгілі ғалымдар пікірлерімен дәлелденбек. Мәселен, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д. Рабиға Сыздық «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбегінде: Жалғыз Бұхар емес, өзге ақындар, жыраулар мұраларына да осы шартты қою керек. Мұның сыртында Бұхар өлеңдері мен толғауларының /сондай-ақ,өзгелердің де/ жалпы мазмұны, тіпті ұйқастары мен образдары дұрыс сақталғанмен, кейбір жеке сөздерді немесе грамматикалық тұлғалары өзгеріп, екі-үш вариантта ұсынылып жүргендері аз емес. Мысалы, ХVIII-XIX ғ. қазақ ақындарының шығармалары /Алматы, 1962,34-бет/ кітабында Бұхар шығармаларының жариялануында :

Еңсені биік кең сарай

Мортық болар бөлген соң

деген екі жол Мәшһур Жүсіп дәптерінде /Қазақ ССР ҒА-ның Орталық кітапханасы. Қолжазбалар Ф. Папка 334/:

Еңсесі биік кең сарай

Мортық болар бүлген соң

деп берілсе, «Таң» жұрналында/ 1925 жылғы №2/:

Еңсесі биік кең сарай

Кемшік болар бөлген соң

деп ұсынылған. Мұнда екі жолдың ішінде екі сөз құбылып отыр: бөлу/бүлу; морты/кемшік. Алдыңғы пар бір-бірінен бөлек дүниелер, дұрысы –бүлу болуы керек, ол-«талқандалу, ойрандалу, жаудан жеңілу» мағынасын беретін көне сөздердің бірі. Соңғы парлар да мағналары жуық болғанмен, екі басқа түбірлер тіл тарихы үшін бұлардың қайсысы қай дәуірде қолданылғанының үлкен мәні бар. Сол сияқты, Мәшһур Жүсіп дәптерінде: Ат тұяғы тимеген Ақ кіріш тас суда бар деген жолдар 1962 жылғы кітапта ақ кірпіш тас суда бар болып келеді. Мұнда да өлең мазмұны, ұйқасы, образы бірдей болғанмен, кіріш пен кірпіш бірдей емес, екеуі екі бөлек сөз: дұрысы кіріш болуы керек. Міне, осындай жайлар белгілер бір суреткердің тілін талдауда да, тіпті белгілі бір дәуір тілін танытуда да қиыншылықтар туғызада, әсіресе бұл қолайсыздықтар тілдің әдеби нормаларының қалыптасу, даму, тұрақтану процесін зерттеде сезіледі.

М.Ж.Көпейұлының төл туындылары мен халық мұрасы, шежірелік сипатындағы шығармалар дәстүр мен сабақтастығы, жанр мен жауапкершілікті, көркемдік мұраттарды негізгі назарда ұстаған, қысқасы кеше-бүгін байланысы жан-жақты ескеріледі. Халық мұрасын қамқорлық пен құштарлық, қолжазба мен көзқарасқа адалдық айқын аңғарылады.

Әдебитші ғалым Тұрсынбек Рахымжан «Ұлт мұраты және руханият» еңбегінде:

«Асылы, М.Ж.Көпейұлының көптомдық кітаптары мәдени мұрамызда байқатып, рухани көкжиегімізді кеңейте түсетін алтын бастау, арналы ағыстарымыздың бірі болып табылады. Бұл-бір.

Екіншіден, М.Ж.Көпейұлының көптомдықтарындағы төл туындылары тақырып әралуандығымен бірге қоғамдық-кезеңдік мәселелерді, өмір-дүние дидарын, уақыт-тұрмыс сырларын, адам өмірі мен еңбегін, дін мен діл, тіл мен сөз жүйелерін кемел ой, көркем өрнек, терең толғамдарымен табиғи жеткізеді.

Үшіншіден, көптомдыққа енген халық мұрасының інжу-маржандары, әдебиет тарихының қымбат қазыналары, танымал тұлғалардың тарихи-көркем бейнелер, хан-би, шешендердің өмір-тағдырлары, өнегелі үлгі-үрдістері кезең-уақыт шындықтарына сай беріледі.

Төртіншіден, Ислам діні, Пайғамбарларға сену, Аллаға сиыну,Мұсылмандық шаты, Құран қасиеті, жеті ата мәні, қарыз-парыз баяны, адалдық пен әділеттілік, ер-әйел құқықтары, тарих пен таным, тазалық турасындағы тағылымдық сипаттар, қағидалы ой-өрімдері үлгі-өнегелік мұраттарымен, ғибраттық қырларымен маңызды.

Бесіншіден, М.Ж.Көпейұлының көптомдығының алғашқы кітаптары арғы-бергі тарихтан мол сыр шертеді. Адамзаттық құндылықтар, ұлт пен ұрпақ қамы, адами-имандылық мәселелері, мәдени –рухани жәдігерлер, өмір-уақыт шындықтары, тәлім-тәрбие ісі т.т. келісті, көркем өрнек құрап, соңы да сырлы сипатта өріс алады. Қысқасы, М.Ж.Көпейұлының көптомдық кітаптары тақырыптық-құрылымдық қырларымен мәнді, көркемдік-жанрлық жүйесі мен мәдени-рухани құндылықтары тұрғасынан тағылымдық тұстары мол. Көптомдықтың рухани байлығы, көңіл қуантқан тұстары осында.»

Талдау мақаланың өзегін Мәшһүр Жүсіптің поэтикалық ойымен қортындылауды жөн санадық:

Ай қараңғы, күн-бұлт: түн демеңіз,

Біреу жарлы, біреу-бай: күндемеңіз,

Ата тілін алмаған арам ұлды,

Аузы түкті кәпірден кем демеңіз.

Біреу жарлы, біреу-бай: күндемеңіз.

Ата тілін сыйлаған халам ұлды,

Хұтпа ұстаған молдадан кем демеңіз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Энциклопедия//Мәшһүр Жүсіп Көпеев.-Павлодар:ЭКО,2010

2 Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары.1-13 том. Павлодар: ЭКО,2003-2005.Сыздықова Р.- Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы «Ана тілі» баспасы, 1993 10 б.

3 Рахымжан Тұрсынбек.-Ұлт мұраты және руханият//зерттеу мен зертелеу//-Астана: Арай, 2008.- 632 бет.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности