Абдуллина Зоя Магзымовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанайская область, город Костанай
ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗ ЕКІ ТІЛДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУ

ТАҚЫРЫБЫ: ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗ ЕКІ ТІЛДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУ

Абдуллина Зоя Магзымовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қостанай қаласы

№115 орта мектеп.

Бүгінде еліміздің қай өңірінде болмасын кез келген қазақ мектебінің есігін ашсаңыз Ыбырай бабамыздың «Кел, балалар, оқылық!» деген ұлағатты сөзі [1] бірден көзге түседі. Бұл-заңдылық. Осы өлең жазылған1879 жылдан бері қазақ мектебінің есігін ашқан әр өреннің ең алғашқы жаттаған өлеңі де осы деуге болады .Қай қоғамда болмасын кез келген мәселе тарих шеңберінде, халық санасында,ел аузында екшеленеді,сұрыпталады.Бұл құбылыстан ешкім де,ештеңе де шет қалмайды. Ал ғасыр асқанмен ел тарихында, халық жүрегінде сақталып келе жатқан,өміршеңдігін жоғалтпаған өзектілігінен айнымаған қазақ мектебінің ұранына айналған Ыбырай Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық!» өлеңі әлі де талай ұрпақтың көкірегіне білім нәрін құяр тағылымды өсиет бола беретініне еш дау жоқ.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз — жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу — қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.

Бастауыш мектептiң сабақтарында жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өз ой-пiкiрiн ана тiлiнде еркiн, дұрыс, түсiнiктi жеткiзе бiлуденбасталады. Оқушыайтайын деген ойын, бiрiншiден, жасқанбай жеткiзе бiлуi; екiншiден, сөйлемдердi дұрыс та нақты құрастыра алуы; үшiншiден, сөйлеу мәдениетiнiң алғашқы қарапайым элементтерiн меңгеруi; төртiншiден, қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай бiлуге тиiс. Осыған орай бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру негізгі өзекті мәселе екені анық. Менің өз тәжірибемде де оқушылар оқыған мәтіндерін толық мазмұнын ашуға , мәтіннің негізгі ойын өз тілдерімен жеткізуге,өз ойларын, өз түсініктерін толық жеткізуге қиналады. Мәтінді мазмұндағанда көбіне жаттанды түрде айтады, немесе қысқа түрде мазмұндайды. Қойылған сұрақтарға толық емес, «иә» немесе «жоқ» деп қысқаша жауап бере салады.Осы жәйттерді ескере отыра мен өз тақырыбымды «Дүние тану сабағында бастауыш сынып оқушыларының ауыз екі тілде сөйлеу дағдыларын арттыру» деп алдым. Мысалы: «Табиғаттан үйрене біл» тақырыбына келетін болсақ, табиғат көрнісі бейнеленген суретті көрсетіп, оқушыларға «бұл не, не бейнеленген?» деген сұрақ қоятын болсақ, олар осы сұраққа бір-екі сөзбен ғана жауап қайтарды, ал орыс тілінде болса өз ойларын толық ашып, жеткізетін еді.Осыдан мен оқушылардың қазақ тілінде сөздік қоры аз екенін байқап,өз ойларын толық ана тілінде жеткізе алмайтынын көрдім. Мақсатым: оқушылардың мәдениеттi сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың осы бiлiмдi тiлдiк қатынаста еркiн пайдаланып, жатық сөйлеуге үйрету.

Тіл дамыту жұмыстары тек әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерінде ғана жүргізіліп қоймай, барлық оқу пәндері бойынша да жан-жақты ойластыру арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылардың тілін дамыту ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі.

Ауызша:мәтінмен жұмыс, сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, мақал-мәтел, өлеңдерді, жаңылтпаштарды жаттау.

Жазбаша:диктант жазу, мазмұндама жазу, шығарма жазу, жаттығу орындау.

Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары беріледі. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға толық жауап беру және шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады.

Тіл дамыту жұмыстарын мынадай бағыттарда жүргізуге болады:

1.Тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт.

2.Өтілетін мәтіндердің , орындалатын жаттығу жұмыстары,иллюстративтік материалдар қазақ баласының, халықтың ұғымына таныс және жеңіл болуы.

3.Сөздік жұмысын жүргізу,сөз тіркесін, сөйлемдер құрату.

4.Алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу.

5.Тіл дамытуда мақал-мәтелдер , мысалдар, өлең-жырлар, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынуы тиіс.

Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру керек.

Халық даналығында әдеп,нақыл сөздер көп. Мысалы дүниетану сабағынан «Дәрілік өсімдіктер»тақырыбында өткен сабақта мынадай мақал-мәтелдермен, тыйым сөздер пайдаландым.

1. Ер-елдің көркі, орман тоғай жердің көркі.

2. Дәрі –шөптен шығады,дана-көптен шығады.

3. Дала көркі- мал, өзен көркі –тал.

4. Көк шөпті жұлма, таптама.

5. Құс ұясын бұзба.

-Мұнда тапсырманы әртүрлі тәсілде пайдалануға болады.Оқушыларға мақалды бірнеше қайталап оқытып, жатқа айтқызу немесе мақалдың жартысын мұғалім айтып оларға жалғастыртуға болады.

Оқушылардың білімдерін қорытындылау кезінде топтастыру сызбалары, венн диаграммаларын пайдаланамын.

Сұрақ: - Мейірімділік дегенді қалай түсінесің?

Оқушылардың жауаптары сызбаға жазылады.

Баланың тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Айналадағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы ,көрген кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді.Ой-дамыту –тіл дамытумен ұштасады.

Дүниетану сабақтарында да оқушылардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын және шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептеймін және сабақтарымда жиі қолданамын. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейін:

Мысалы: Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей топтастырып құрастырады:

Мөлдір,түссіз сұйық,Су

Жұғады, жабысады,ағады

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма бердім:

І топ — эссе жазады «Су — тіршілік көзі»

ІІ топ — сурет салады

ІІІ топ - өлең шығарады «Бес жолды өлең»

Эссе «Су — тіршілік көзі»

Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді. Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.

Бес жолды өлең

Су

Мөлдір, түссіз

Ағады, жұғады, жабысады

Ол бізге өте қажет

Сусын.

- «Өсімдікке не қажет?» деген тақырыпты өткенде ертегі құрастыртуға болады.

Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін - өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Ы.Алтынсарин «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”(1879) деген еңбегінде тіл үйренудің нақтылай әдісін түзді. Оқушыларға үйрететін сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын айқын естіртіп, оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу- дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ал ана тілін оқыту да жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен әрбір оқушының сөздік мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушының сөздік қорын молайту тәсілдерін қолдану ұстаздың әдістемелік жаңашыл нұсқалары еді.

Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде оқушының сөздік қорын қамтамасыз етуді бірінші орынға қойып отыр. Оның ішінде адам сөйлеуіне нысана болатын зат атауларын үйретуге ерекше мән берген. Сонымен бірге оқулықта келтірілген сөздерден шектелмей, одан « молырақ тоқталу қажет » деу арқылы оқушының сөздік қорын байытып отыру мәселесін көтерген. Ұлы ғалымның бұл пікірлерін қазіргі әдістемеші ғалымдар да өз зерттеуіне жұмысына өзек етеді.

Тілдің үйренудің негізгі мақсаты - сөйлесе пікірлесе білуге үйрету. Ал сөйлесу үшін алдымен сол тілдегі сөздерді білу қажет, сөзсіз ойын жеткізу мүмкін емес. Адамның сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым ол ойын толық дәл жеткізе алады. Әрине тек сөздерді ғана білу сөйлесуді қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Сондықтан да Ы.Алтынсарин оқушыға сөздердің өзгеруін игерту керек екенін көрсеткен. Сөйтіп; бұл еңбекте ғалым жаттығу жұмысына, ойын ауызша және жазбаша дұрыс айтып, жаза білуге еркін сөйлеуге үлкен мән берген. Ы.Алтынсариноқулығындағы берілген мәтіндер оқушының сөздік қорын молайтып,тілін дамытуға,халық тілін білуге атап айтқанда мәтін барысында баланың тілін дамытудың негізін салғандығын анық байқауға болады.

Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді. Оқушының алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.

Бұл аталғандардан шығатын қорытынды мектеп оқушысының сөздік қорын байыту ең маңызды мәселе болып табылады. Оқушының сөздік қорына кіретін сөздерді ғылыми енгізуде, белігілі жүйеге асыру қажет. Оқушының сөздік қоры мұғалімнің бақылауымен, белгілі жүйеде қалыптасуын керек етеді.

Оқушының белсенді сөздік қорын белсенді қорға айнылдыру үшін мұғалім сөздерді қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Оқушының оқу кезінде сөздік қорын белсенді қорға айналдыру үшін сабақ үстінде арнайы ұйымдастырған жұмыстары, сондай-ақ дағдыландыру жаттығулары үнемі жүргізіліп отырылады.

Оқушының сабақта сөздік қорын дамытуда сөздік жұмысы дұрыс ұйымдастырудың қажеті зор. Ойланбай, жүйесіз жүргізген оқыту үстінде жақсы нәтиже бермейді. Бұл жұмыс түрі әр сабақта өткізілуі тиіс,оқытушы үйренген сөзді мағынасын түсініп саналы меңгеріп, мұны есінде сақтауы қажет.

Ыбырай жастарды оқу-білім,өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады.Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады. Бұл тұста ол ең алдымен шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын:

«Бір аллаға сиынып,

Кел,балалар,оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!»-десе надандықтың мән-жайын:

«Оқымаған жүреді,

Қараңғыны қармалап»-дейді.

Осындағы айтылған ойларға үңілсек,Аллалап бастаған әрбір істің арты қайырлы болады екен;оқыған адамның алдынан шамдай шырақ жағылады екен; оқымаған адам қараңғыны қармалап жүреді екен. Оқыған адам не тілесе, соның бәрі іздемей-ақ, оның алдынан өздігінен табылып жатады екен. Осы сөздерді төкпелеп айта келіп, балаларға түсініксіздеу болып кетті ме деп қауіптенгендей,олардың өздерінің күнделікті өмірінен алып:

Сиса көйлек үстінде

Тоқумен табылған…

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған…

Өнер- білім бәрі де

Оқуменен табылған

деп,бала санасына таныс салыстырмалы ойларды жүгіртеді.Бұл сөздер де қиындау соғып қалады ма деп күдікпен,оқымаған надан адам ақылға жарымайды, ол далада жайылып жүрген хайуанмен бірдей болады деген сөздерді естігенде , сөз жоқ сәби санасы бір салт етіп қалады. Дереу сол сәтті пайдаланған ұстаз: ертең ата-анаң қартайғанда сенің оқығаның оларға сүйеу, бастарынан мал тайғанда тіреу болады деп түйіндейді. Міне, осы сөздерді оқыған баланың оқуға ықалас қоймауы, әрі сабақтың мазмұнын көңілге тоқымауға тіпті де мүмкін болмас еді.

Ұлы ұстаздың көрсетіп кеткен педагогикалық әдістеме жолдарын өз педагогикалық тәжірибемде де қолданамын, оның нәтижесін көріп жүрмін. Бұл әдістер өте пайдалы және нақтылы бір тұжырым жасауға итермелейді.

Адамның жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін факторлардың бірі- тіл.

Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін, сезімін, жеткізеді. Баланың сөздік қоры мектепке келісімен — ақ бірден байып, дамып кетпейді. Бұл өте күрделі үрдіс. Оқушының неғұрлым сөздік қоры көп болып, ойлау қабілеті жақсы жетілсе, білімді тереңде тез үйренеді.Осы жұмысты жетілдіру мақсатында өз сабақтарымда мынадай тапсырмалар орындатамын:

I — А) Көліктер: …

Б) Жабайы аңдар: …

С) Қыстық киімдер: …

Д) Ыдыстар: …

Е) Еңбек құралдары: ....

II-Заттың көлемін, сынын, сапасын, іс- қимылын анықтауға арналған тапсырмалар.

2.1 тапсырма. Жануарлардың өзара ішінде бөлінетін атауларды ата.

Үлгі: Жылқы ( тай…

Сиыр ( құнажын…

Қой ( марқа…

2.2 тапсырма. Мына кестені толтыр. Үй жануарларын бір бағанаға, екінші бағанаға жабайы жануарларды жаз.

Үлгі: Үй жануарлары:

Жабайы жануарлар:

2.3 тапсырма. Әр топтағы сөздердің жалпылама аттарын ата.

Үлгі: 1. Астана, Ақтау, Тараз, Шымкент, Семей ----------------

2. Асанов, Байженов, Саятова, Алимов, Есенов-------------

3. Су тасқыны, жер сілкінісі, боран, сел, дауыл-------------

4. Дәрігер, мұғалім, сатушы, кітапханашы, агроном----------

2.4 тапсырма. Адамның бойындағы жақсы және жаман қасиеттерін атап бер.

Үлгі: ( жақсы қасиеттер: инабатты,…

( жаман қасиеттер: ұқыпсыз…

2.5 тапсырма. Қай жануар қандай дыбыс шығарады? Мына қатарды аяқта.

Үлгі: Арыстан ақырды, сиыр мөңіреді,......

Көрсетілген дидактикалық материалдар оқушылардың жас ерекшіліктеріне бағытталған, әрі анық, ашық, түрлі-түсті бояулармен боялған суреттер, тапсырмалар таратылынды.

Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды.

Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.

Қорытынды:

Өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.

2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды.

3. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды.

4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады,сөздік қоры байып, ауызша сөйлеу дағдылары артады.

5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.

Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті.ауызша сөйлеуі жоғары деңгейге көтеріледі.

Ойымды қорыта келе, Бала бидің сөзін есітеріңізге түсіргім келеді:

«Жерден ауыр дегенім-ақыл-білім,

Судан терең дегенім-оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім-адамның өмірі,

Көктен биік дегенім-шәкірттің көңілі!»-осы ойды дамытуда ақиқат шындықпен іштей бірлік тауып, үйлесімді жұмыс жүргізілсе, біз жүргізген тәлім-тәрбие, білім нәтижесі болмақ. Ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ! — деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ыбырай Алтынсарин мұрасының әлеуметтік, педагогикалық, өнегелі әлеуметі және қазіргі заман.(баяндамалар жинағы) - Қостанай, 2011ж.

2. Алтынсариннің таңдамалы педогогикалық мұралары. Алматы «Рауан»1991ж.

3.Ы. Алтынсариннің педогогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі.-Алматы,1995ж.

4.Бастауыш мектеп журналы №1 2013ж.

5.Бастауыш мектеп №3, 4. 2010ж.

6. Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева «Алматы», 2000ж

7. Қазақстан мектебі, Алматы №8. 2003ж.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности