link0 link1 link2 link3 link4 link5 link6 link7 link8 link9 link10 link11 link12 link13 link14 link15 link16 link17 link18 link19 link20 link21 link22 link23 link24 link25 link26 link27 link28 link29 link30 link31 link32 link33 link34 link35 link36 link37 link38 link39 link40 link41 link42 link43 link44 link45 link46 link47 link48 link49 link50 link51 link52 link53 link54 link55 link56 link57 link58 link59 link60 link61 link62 link63 link64 link65 link66 link67 link68 link69 link70 link71 link72 link73 link74 link75 link76 link77 link78 link79 link80 link81 link82 link83 link84 link85 link86 link87 link88 link89 link90 link91 link92 link93 link94 link95 link96 link97 link98 link99 link100 link101 link102 link103 link104 link105 link106 link107 link108 link109 link110 link111 link112 link113 link114 link115 link116 link117 link118 link119 link120 link121 link122 link123 link124 link125
Пользователь с логином Асемдаде не найден.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық
Шет тілін меңгертуде және оқушылардың сөздік қорын дамытуда алатын орны ерекше фразеологиялық тіркестер тобына жататын мақал-мәтелдер мән-мазмұнның тереңдігімен ерекшеленеді.
Қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі- тіл мәселесі.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының «Тілдердің үш тұғырлығы »стратегиясында тіл мәселесіне қатты назар аударған болатын.Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн.Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де шебер , мағыналы да мазмұнды қанатты сөздерге бай.Сол қанатты сөздердің бірі- мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі.Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмүнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің түрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері түрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.
Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:
1. Бұйрық райлы сөйлемдер:
1)Make hay while the sun shines-
Темірді қызғанда соқ.
2)Let sleeping dogs lie –
Жатқан жыланның қүйрығын баспа.
3)Cut your coat according to your cloth –
Көрпеңе қарай көсіл.
2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу:
1)Never say die — Салың суға кетпесін.
2)Don't count your chickens before they are hatced -
Тігілмеген етігіңді мақтама,
Орылмаған егініңді ақтама.
3)Don't cross a bridge before you come to it- Байыбына бармай, бал ашпа.
3. Шартты райлы сөйлем түрінде:
1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар.
2)If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.
4. Болымсыз жай сөйлемдер түрінде:
1)All are not friends that speak us fair - Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын сатар.
2)All are not hunters that blow the horn - Мылтық ұстағанның бәрі аңшы емес.
3)All are not thieves that dogs bark at - Ит үргеннің бәрі ұры емес.
Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен,олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.
Мысал:
Ағылшын баламасы Қазақша баламасы
"It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen" «Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің иті ұры
кеткен соң үреді»
Business before pleasure Еңбек түбі-бейнет,
Бейнет түбі-зейнет.
East or West, home is best Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Мақал-мәтелдердің осылайша әртүрлі өзгерістерге, түлғалық модификацияларға ұшырауы салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз.Инварианттық, өзгерістер авторлық тек өз еркіне, асыл тасты ер қырынан бір көрсетіп құбылта білетін шебердей, мақал-мәтелдердің көркемдік өрнегін, образы мен бейнелеушілік әсерін, эмоция-экспрессивтік қуатын бойында сақтай отыра пайдаланатын талантына байланысты.Мақал-мәтел инварианттары бірде олардың компоненттеріне инверсия жасау арқылы, бірде оларды түсіріп, иллипсис түрінде айту арқылы, бірде дербес екі түрлі мақал-мәтелдердің элементтерін өзара шебер қиыстыру жолдармен жасала береді.
1. Компоненттерін өзгертіп айтуға байланысты инварианттар: «Қырық жұт қырғын болса да ажалды өлер, Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз адам тірі қалар» деген… (М.Мағауин «Қияндағы қыстау», 37-бет)
«A living dog is better than a dead lion» (From the Bible)
Мақал-мәтелдердің жеке элементтері ғана сақталатын инварианттар:
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, Есеней оңай түсінді… Қазақ айласының құйрығы бір-ақ түтам (Ғ.Мүсірепов Ш.Ж, 5-том, 400-бет)
"The last straw breaks the camel's back" "He can't stand to the last straw" (Martin Eden, p 45)
Компоненттерінің орнын ауыстыруына байланысты инварианттар: Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
- Уай, жарандар! Бұл түстен кейін маңырайтын ақсақ қой дейсіңдер ғой. (М.Әуезов, Абай жолы 1-том, 82-бет)
"All is not gold that glitters"
Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысы, оның рухани-заттық мәдениеті, дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғүрып, наным-сенімі туралы бай информация табамыз.
Ағылшын ауыз әдебиетінде көп кездесетін кейіпкерлер мақал-мәтелдерден де өз орындарын тапқан.
Ағылшын Мағынасы Қазақша баламасы
A good Jack makes a good Jill Жақсы ер адамның әйелі де жақсы Жақсы әйел жігітке
біткен бақ,
Жақсы жер, жайлы
қамыс алтын тақ.
Жақсы әйел теңі жоқ
жолдас, түбі жоқ сырлас.
Jack off all trades and master of none Әр істің басын шалу Аузымен астау шапқан, қолымен жаңқа жара алмас.
Қай халық болмасын, билік пен байлыққы сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдың атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай-болыстарды мысалға келтіреді.
Ceaser`s wife is above suspicion Цезардың әйелі күдіктен жоғары Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен.Көненің көзі іспеттес мақал-мәтелдер тобы өз ұрпағына тәрбие бере отырып,оларды еңбек етуге,білім алуға, адалдыққа,үлкенді сыйлауға тәрбиелейді.



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности