link1342 link1343 link1344 link1345 link1346 link1347 link1348 link1349 link1350 link1351 link1352 link1353 link1354 link1355 link1356 link1357 link1358 link1359 link1360 link1361 link1362 link1363 link1364 link1365 link1366 link1367 link1368 link1369 link1370 link1371 link1372 link1373 link1374 link1375 link1376 link1377 link1378 link1379 link1380 link1381 link1382 link1383 link1384 link1385 link1386 link1387 link1388 link1389 link1390 link1391 link1392 link1393 link1394 link1395 link1396 link1397 link1398 link1399 link1400 link1401 link1402 link1403 link1404 link1405 link1406 link1407 link1408 link1409 link1410 link1411 link1412 link1413 link1414 link1415 link1416 link1417 link1418 link1419 link1420 link1421 link1422 link1423 link1424 link1425 link1426 link1427 link1428 link1429 link1430 link1431 link1432 link1433 link1434 link1435 link1436 link1437 link1438 link1439 link1440 link1441 link1442 link1443 link1444 link1445 link1446 link1447 link1448 link1449 link1450 link1451 link1452 link1453 link1454 link1455 link1456 link1457 link1458 link1459 link1460 link1461 link1462 link1463
Кенжебаева Назгуль Бекетбаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Ағылшын тіліндегі зат есім.

Зат есім (The Noun)

Ағылшын тілінде, қазақ тіліндегідей, зат есім деректі (a boy — ұл бала, a dog — ит ,a window — терезе, a house — үй) және дерексіз болып бөлінеді (rain — жаңбыр, peace — бейбітшілік, beauty — сұлулық, work -жұмыс) .

Ағылшын тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері :

1. Зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер — артикльдер қойылады

a , an , the :

I am a teacher. Мен мұғаліммін.

Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.

2. Зат есім екі септікке бөлінеді : жалпы ( a girl , girls ) және тәуелдеу ( girl’s , girls’ ) :

What is the girl’s name ? Қыздың есімі кім ?

Where are the girls’ books ? Қыздардың кітаптары қайда ?

3. Зат есім басқа зат есімдерге анықтауыш бола алады :

You must wear your school uniform. Сендер мектеп формасын киюге

тиістісіндер.

I like winter sports. Мен қысқы спорт түрлерін ұнатамын.

Зат есімнің көпше түрі (Plural form of nouns)

1.Зат есімнің көпше түрлері жекеше түрдегі зат есімге - s жалғауы жалғану арқылы жасалады :

a pen - pens қалам - қаламдар

a ball - balls доп - доптар

2.Егер жекеше түрдегі зат есім -s , -ch , -sh, -x, -o әріптеріне аяқталса,

көпше түрдегі зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a dress көйлек - dresses көйлектер

a box қорап - boxes қораптар

a birch қайын - birches қайындар

a hero батыр - heroes батырлар

a dish ыдыс - dishes ыдыстар

3. Егер жекеше түрдегі зат есім -f , -fe әріптеріне аяқталса, -f әрпі -v әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a knife пышақ knives пышақтар

a wolf қасқыр wolves қасқырлар

a leaf жапырақ leaves жапырақтар

a shelf сөре shelves сөрелер

a scarf мойын орағыш scarves мойын орағыштар

4. Егер жекеше түрдегі зат есім -у әрпіне аяқталып , алдыңғы әрпі дауыссыз болып келсе, -y әрпі - i әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a city қала cities қалалар

a family жанұя families жанұялар

a baby нәресте babies нәрестелер

a country ел countries елдер

a lady ханым ladies ханымдар

5. Көпше түрі өзгермейтін зат есімдер:

sheep қой sheep қойлар

fish балық fish балықтар

deer бұғы deer бұғылар

6. Кейбір зат есімдер көпше түрде еш жалғау жалғанбай , түбірдегі дауысты дыбыстың өзгеруі арқылы жасалады :

A man ер адам men ер адамдар

A woman әйел women әйелдер

A tooth тіс teeth тістер

A foot аяқ feet аяқтар

A mouse тышқан mice тышқандар

7. Кейбір зат есімдердің көпше түрі - (r)en арқылы жасалады :

a child бала children балалар

an ox өгіз oxen өгіздер

8. Тек жекеше түрде қолданылатын зат есімдер :

Advice кеңес

Information ақпарат

Iron темір

Money ақша

Permission рұқсат

Progress жетістік

Water су

Weather ауа-райы

Work жұмыс

News жаңалық

Athletics атлетика

Billiards биллиард

Economics экономика

Physics физика

9. Тек көпше түрде қолданылатын зат есімдер :

People халық

Police полиция

Scissors қайшы

Glasses көзілдірік

Pyjamas пижама

Shorts шолақ шалбар

Trousers шалбар

Clothes киім

Goods тауар

Stairs қабат (этаж)

Thanks алғыс

Contents мазмұн

Саналатын және саналмайтын зат есімдер

(Countable and Uncountable nouns)

Ағылшын тілінде зат есімдер саналатын (countable) және саналмайтын (uncountable) зат есімге бөлінеді

countable uncountable

A cap sugar

A man snow

UNCOUNTABLE Саналмайтын зат есім

1. Тек жекеше түрде қолданылады.

2. а/аn белгісіздік артиклі қолданылмайды.

Тағам

bread ,cheese, butter, chicken, fruit

I need some butter.

Зат

water, soap, snow, tea, coffee, milk, air

Snow is white

Материал

cotton , iron ,wood, woo l

The box is made of wood.

Абстракты ұғымдар

Hope, love, luck, time, advice,

information, news, progress

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности