Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Казахстан, г. Кызылорда, пос.Тасбугет

Средняя школа №257

Заместитель директора по начальным классам

Рахметова Айсулу Казыбековна

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік — құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. [1]

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті үрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлей мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Дамыта оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.

В.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық — бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

« Шығармашылық » сөзінің төркінң «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекі психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған.

Шығармашылық дегеніміз — адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек.

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс — тәсілдері, мазмұны қандай? Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталмақпыз:

  • Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл — күй тудыру арқылы оқушылардың назарын бір нәрсеге бағыттау керек.

Яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма — міндеттер, жаттығу, ойын түрінде ұсынған жөн.

  • Шығармашылық жатығу, ойын — тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: бірінші — «сәтсәздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екінші - өзіне - өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшінші — жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдары:

  • Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
  • Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсіру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолдау болып табылады.

Олар мынадай:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
  • Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін әңгіме құру);
  • Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
  • Қиялдау арқылы сурет салғызу;
  • Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;
  • Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
  • Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.

Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері:

  • Мұражайға апару;
  • Әртүрлі кездесулер өткізу;
  • әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;
  • Балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуше зор әсерін тигізеді.

Бала бойындағы қабілетті ашу — оқушының шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады.

Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Мәселен, тірек сөздер беру арқылы жұмбақ құрау.

_ _ _ _ _ _жұмсақ, Тоны сондай жұмсақ,

_ _ _ _ _ _қорқақ. Өзі бірақ қорқақ. (Қоян)

_ _ _ _ _ _домалақ, Резеңке домалақ,

_ _ _ _ _ _домалап. Тоқтамайды домалап. (Доп)

Берілген сөздерді солдан оңға қарай оқы,жаңа сөз жаса: қыран — нарық, есек — кесе, сүт — түс.

Ертегі құрауға үйрету.

Ертегіні құрауға қойылатын талапта әңгіме құрауға қойылатын талап секілді. Тек ерекше назарда болатын нәрсе ертегі болу үшін өмірде болмайтын, орындалмайтын ғажайып нәрселер, оқиғалар жүзеге асып жатуы керек.

А) «Терек пен алма ағашы» ертегі тұтас беріледі.

Қарт бағбан ерте көктемде бақтың ортасынан ыңғайлы жер сайлап, терек пен алма ағашының талдырмаш шыбықтарын отырғызыпты. Құнарлы жерге түскен әрі күтімі жақсы жас ағаштар демде — ақ көгеріп, бүршік атып, жапырақ жая бастапты. Бірнеше жылдан соң, олар жайқалған үлкен ағаштар болып шығады. Терек ағашы болса, бұтақтарын кең жайып, ақ гүл жарады.

Есейе келе бұлардың арасындағы бұрынғы достық суыса түседі.Терек өзінің биіктігіне мақтанып, алма ағашына менсінбей қарайды. Тіпті бірге өскен досына өктем сөйлейтін болды.

Ал алма ағашы өте әдепті еді. Ақылсыз досын кешіріп, терекке күнде күн шапағымен бірге амандасады екен.

Алма ағашы күні бойы жас гүлдерін мәпелеп, уақыттың қалай өткенін білмей қалады.Ал терек мойынын көкке созып, мақтанумен болады.

Ә) Ертегі желісін оқушылар өз ойларымен жалғастырады. Тірек сөздер: бағбан, қызы, алма ағашы, терек, балта.

Б) Кейіпкерге мінездеме Венн диаграммасы арқылы сипаттама беріп, салыстырады.

Осындай жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларын танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын арттыра түседі.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007ж.
  2. C.Қ.Мұхамбетова. Педагогика. Ақтөбе:- 2006ж

Г.Нұрахметов.Шығармашылық жұмыстар — оқушының қозғаушы күші./Бастауыш мектеп/ № 2-2006

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности