link6426 link6427 link6428 link6429 link6430 link6431 link6432 link6433 link6434 link6435 link6436 link6437 link6438 link6439 link6440 link6441 link6442 link6443 link6444 link6445 link6446 link6447 link6448 link6449 link6450 link6451 link6452 link6453 link6454 link6455 link6456 link6457 link6458 link6459 link6460 link6461 link6462 link6463 link6464 link6465 link6466 link6467 link6468 link6469 link6470 link6471 link6472 link6473 link6474 link6475 link6476 link6477 link6478 link6479 link6480 link6481 link6482 link6483 link6484 link6485 link6486 link6487 link6488 link6489 link6490 link6491 link6492 link6493 link6494 link6495 link6496 link6497 link6498 link6499 link6500 link6501 link6502 link6503 link6504 link6505 link6506 link6507 link6508 link6509 link6510 link6511 link6512 link6513 link6514 link6515 link6516 link6517 link6518 link6519 link6520 link6521 link6522 link6523 link6524 link6525 link6526 link6527 link6528 link6529 link6530 link6531 link6532 link6533 link6534 link6535 link6536 link6537 link6538 link6539 link6540 link6541 link6542 link6543 link6544 link6545 link6546 link6547 link6548 link6549 link6550 link6551
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Астана - таза қала
Қазақстан,Астана қаласы
№36 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалім
Адамзатова Ж.О.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Астана қаласы туралы толық ақпарат бере отырып, мәтінмен талдау жұмыстарын жүргізу, тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана білулерін қадағалау.

2) Түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың тіл шеберлігін дамыту және тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту.

3) Оқушыларды өз қаласын таза ұстап сүюге ынталандыру және нақыл сөздерді оқыту арқылы әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.

Ресурстар: интербелсенді тақта, слайд, ватман, суреттер, оқулық.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар

Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын!
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Амансыз ба, қонақтар.
Амансыз ба, әлем.
Баршаңызға амандық сәлем!


- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

II. Үй жұмысын тексеру. «Астана - арман қала» Махмұтбай Әміреұлы

өлеңді жатқа айту.

- Астана қандай қала?

- Астана әдемі болу үшін не істеу керек?

- Жақсы, балалар, дұрыс айтасыңдар. Яғни тазалық бар жерде әдемілік те бар, солай емес пе, балалар.

- Тазалық не үшін керек сендерге?

  1. Жаңа сабақ:

1) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Астана — таза қала». (1 слайд)

- Жыл сайын Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл күні қала тұрғандары сенбілікке шығады. Олар ағаштар отырғызады, қалалық саяжайлар мен саябақтардың аумағын тазартады. Бұл іс- шараға елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та қатысады. (2, 3, 4 слайд)

-Қыс кезінде елордалықтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер жолдарды және олардың жиектерін қардан тазартып, сыпырып, жинайды. Күн сайын тиісті жұмыстарға 750 арнайы техника мен 405 жұмысшы тартылады. (5 слайд)

- Біздің мектеп оқушылары да қалалық сенбілікке белсене қатысады. ( 6 слайд)

3) Мәтінмен жұмыс (слайд)

а) Сөздік жұмысы

- Қиын, түсініксіз сөздерді талқылау


сенбілік - субботник

желек - саженцы

күрек - лопата

сыпырғыш - веник

тырнауыш -грабли

сыпырады - подметают

суарады - поливают

іс-шара - мероприятие

белсене - активно

қатысады — участвуют

қолдаймыз - поддерживаем


ә) Мәтінді мәнерлеп оқу

Қалалық сенбілік

Біздің қалада қалалық сенбілік жиі өткізіледі. Мектеп оқушылары бұл іс - шараға белсене қатысады. Балалар мектептің ауласын жинайды, сыпырады, қоқыс шығарады, жасыл желектерді суарады. Олар сенбілікке күрек, сыпырғыш, тырнауыш, шелек әкеледі. Біз таза қаланы қолдаймыз.

б) Сұрақтарға жауап беру.

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Балалар сенбілікте не істейді?

- Олар сенбілікте немен жұмыс істейді?

в) Мәтінді оқу, аудару

2) Сурет бойынша жұмыс (слайд):

- Суретте қай мезгіл көрсетілген?

- Суретте кімдер бейнеленген?

- Балалар қайда жұмыс істеп жүр?

- Ал енді, суреттегі балаларға ат қояйық.

- Арман немен жұмыс істеп жатыр?

- Антонның қолында нені көріп отырсыңдар?

- Ол не істеп жатыр?

- Тақтадағы тірек сөздері пайдалана отырып, сурет бойынша сөйлем құрастырайық.

( Күз келді. Балалар сенбілікке шықты. Олар саябақта жұмыс істеді. Арман тырнауышпен жапырақтарды жинады. Балалар қоқысты қапқа салды. Олар өте көңілді).

3) Сергіту сәті. Видео

4) Дәптермен жұмыс. Грамматикалық жұмыс.

І топ — сенбілік сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІІ топ — сенбілік, шелек, күрек, сыпырғыш, тырнауыш сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырат. (тексеру)

5) Топпен жұмыс.

І топ — Астана - әр әріпіне сын есім жазу

А — атақты

С - сымбатты

Т - таза

А - ару

Н — нағыз, нұрлы

А - арайлы

ІІ топ — Астана туралы «бес жолды өлең» жазу

6) Интерактивтік тақтамен жұмыс.

- Қала таза болу үшін не істеу керек?

- Керекті сөз тіркестерін теріп, сызбаны толықтырыңдар.

қоқыс шығару керек, сурет салу керек, ауланы сыпыру керек, қоқысты шашпау керек, доп ойнай керек, жасыл желек отырғызу керек, ән айту керек.

ІІІ. Сабақты бекіту. Рефлексия
- Жарайсыңдар , балалар. Астана таза болу үшін қала әкімшілігі көп жұмыс жүргізеді. 1 желтоқсанда-Тұңғыш президент күні қала бойынша алаңдарда 19 шырша орнатты. Бізде бүгін шыршамызды орнатып, безендіреміз. Ал Астанамызға, елімізге қандай тілек айтар едіңдер? (Оқушылар бейбітшілік, тыныштық т.б. туралы айтады). Тілектеріңді шырша ойыншықтарына жазып, шыршаға жапыстырыңдар.
- Жарайсыңдар, балалар. Астана қаламызға тілеген жақсылық Отанымызға да арналады. Сондықтанелімізтынышболсын! Шекарамызберікболсын!
Жасай берсің жаңажасқалам. Жайнайберсің Астанам!

ІV. Үйге: мәтінді мазмұнын айту, сөздерді жаттау

V. Бағалау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности