link5796 link5797 link5798 link5799 link5800 link5801 link5802 link5803 link5804 link5805 link5806 link5807 link5808 link5809 link5810 link5811 link5812 link5813 link5814 link5815 link5816 link5817 link5818 link5819 link5820 link5821 link5822 link5823 link5824 link5825 link5826 link5827 link5828 link5829 link5830 link5831 link5832 link5833 link5834 link5835 link5836 link5837 link5838 link5839 link5840 link5841 link5842 link5843 link5844 link5845 link5846 link5847 link5848 link5849 link5850 link5851 link5852 link5853 link5854 link5855 link5856 link5857 link5858 link5859 link5860 link5861 link5862 link5863 link5864 link5865 link5866 link5867 link5868 link5869 link5870 link5871 link5872 link5873 link5874 link5875 link5876 link5877 link5878 link5879 link5880 link5881 link5882 link5883 link5884 link5885 link5886 link5887 link5888 link5889 link5890 link5891 link5892 link5893 link5894 link5895 link5896 link5897 link5898 link5899 link5900 link5901 link5902 link5903 link5904 link5905 link5906 link5907 link5908 link5909 link5910 link5911 link5912 link5913 link5914 link5915 link5916 link5917 link5918 link5919 link5920 link5921
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Педагогтың өз білімін жетілдіру — жұмыс барысында кәсіби тұрғыда жоғарлаудың және сәттілікке жетудің бірден-бір маңызды факторы
Қазақстан Республикасы,Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Мырзабаева А.Е.

Қазіргі заман педагогы тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи - танымдық, педагогикалық - психологиялық сауатты, саяси - экономикалық білімді және ақпараттық - коммуникациялық білімді және ақпараттық - коммуникациялық технологияны жан - жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Оқушылар көбінесе ағылшын тілін қиын пән деп ойлайды. Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан дидактикалық ойындар, логикалық ойын - тапсырмалар оқушылардың білімді толық игеруіне көмектеседі. Дидактикалық тапсырма түрлерін сабақтың әр кезеңінде орны мен мақсатын анықтап, қолдану теориясы мен практикасын педагог алдын ала дайындап отыруы тиіс. Дидактикалық тапсырмалар сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелілік маңызы да арта түседі.
Қабілеттілік, дарындылық, логикалық икемділік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі мүмкін емес. Оқушының қабілеті педагогтардың ықпалының аясында шыңдалады. Логика дегеніміз спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек қой. Өз ойыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білу — үлкен өнер. Логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде ағылшын тілі сабағының өз орны бар.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын оятуда шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық тапсырмалар мен ойындар, танымдық жаттығулардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі бұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың дербес ойлануына, тұжырым жасауына мүмкіндік беретін өз білімін тексеру және өзара жарысу элементтері бар. Оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып әр түрлі сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай - ақ мұндай дидактикалық материалдарды кез келген технологияда жұмыс істейтін педагог та пайдалана алады. Сонымен оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуде, тілін ширатуда, сөздік қорын молайтуда, жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдеуде осы дидактикалық материалдардың маңызы зор.

Сабақтың соңында оқушылардың сабаққа қабілеттілігі төмендеп, зейіні қалжырай бастаған кезде олардың назарын, ақыл - ойын жұмысқа жұмылдыруға пәрменді әдіс — тәсіл Ойынды қажет болған шақта пайдаланған орынды. Мұның үстіне ойын оқушылардан белгілі дәрежеде өзінше жұмыс істей білуді қажет етеді. Сондықтан ондай ойын өзінен бұрын орындалған жаттығудан кейін дайындалуы тиіс. Оған жеткілікті уақыт бөлу керек.
Ойын - тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімдеудің белгісі, дене шынықтыру мен сергітудің құралы. Қазақ халқы «ойын баласы» деп баланың ойлауына мүмкіндік туғызып отырған. Ойынның түрлері өте көп. Әрбір ойынның тәрбиелік мақсаттары болады. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін ойын — жаттығулары пайдаланамыз. Бұл пәрменді тәсілдердің бірі. Грамматикалық ойын - жаттығулар оқушылар арасында белсенді жарыс түрінде өткізіледі. Ойында педагог ойнаушыларды басқарушы (төреші) қызметін атқарады. Жаттығуларды орындау барысында әрбір оқушы немесе топтың алдында өз білімдерін, іскерлігі мен дарындылығын көрсету міндетті қойылады.

Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Инновациялық технологиялар қалай және қайдан пайда болады? Ол өркениетті елдердің бірін бірі тануы, байланысы, білім саласы бойынша тәжірибе алмасуынан болады. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарастар пайда болып, оқытудың технологиясы, яғни инновациялық оқыту технологиялары өмірге келді.
«Инновация» термині ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңалықты енгізу». XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болған, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді. Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет — тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу.
«Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ белсенділік» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ал өзім қазіргі уақытта ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде, облысымыздағы «Өрлеу» педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында болып, әр түрлі инновациялық технологияларды меңгеріп, өз білімімізді жетілдіріп тұрамыз. Бұл да — педагогтардың өз білімін жетілдірудің және сабақ беруде құзіретті маман дайындаудағы сәттілікке жетудің бірден-бір маңызды факторы екенін ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан да, әр педагог өз білімін үнемі курстармен шектеліп қана қоймай, заман талабына сәйкес жетілдіріп, үнемі ізденісте болуы қажет.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности