link7632 link7633 link7634 link7635 link7636 link7637 link7638 link7639 link7640 link7641 link7642 link7643 link7644 link7645 link7646 link7647 link7648 link7649 link7650 link7651 link7652 link7653 link7654 link7655 link7656 link7657 link7658 link7659 link7660 link7661 link7662 link7663 link7664 link7665 link7666 link7667 link7668 link7669 link7670 link7671 link7672 link7673 link7674 link7675 link7676 link7677 link7678 link7679 link7680 link7681 link7682 link7683 link7684 link7685 link7686 link7687 link7688 link7689 link7690 link7691 link7692 link7693 link7694 link7695 link7696 link7697 link7698 link7699 link7700 link7701 link7702 link7703 link7704 link7705 link7706 link7707 link7708 link7709 link7710 link7711 link7712 link7713 link7714 link7715 link7716 link7717 link7718 link7719 link7720 link7721 link7722 link7723 link7724 link7725 link7726 link7727 link7728 link7729 link7730 link7731 link7732 link7733 link7734 link7735 link7736 link7737 link7738 link7739 link7740 link7741 link7742 link7743 link7744 link7745 link7746 link7747 link7748 link7749 link7750 link7751 link7752 link7753 link7754 link7755 link7756 link7757 link7758 link7759 link7760 link7761 link7762 link7763 link7764 link7765 link7766 link7767 link7768 link7769 link7770 link7771 link7772 link7773 link7774 link7775
Пользователь с логином Арман не найден.
Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
№5 кәсіптік лицейдің арнайы пән оқытушысы
Медетьяров Арман Кашакбаевич

Сабақтың тақырыбы:

Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу



Сабақтың мақсаты: «Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу» туралы білім беру
және тәжірибе жүзінде үйрету.

Білімділік: Оқушыларға шеңберлерді тең бөліктерге бөлу түрлерін түсіндіре
отырып,құрал-саймандарды тиімді пайдаланып,сызбаны дұрыс
салуға үйрету,алған білім дағдыларын пысықтау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа ,өз мамандықтарына сәйкес ұлттық ас
дәстүрін үйрету. Үлкенді құрметтеуге, сонымен бірге әртүрлі ойын
элементтерін пайдалана отырып,пәнге қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жылдам қабылдау қасиеттерін
дамытып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен, ұжыммен жұмыс жасау,
бірін-бірі бағалау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада сызылған сызбалар, презентациялар, әр
топтың бағалау парағы, тест сұрақтары

Пәнаралық байланыс: геометрия, арнаулы

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: ( 2-3 минут )
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгелдеу.
3.Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4.Топты екі қатарға бөліп, әр қатардан топ басшыларын сайлау.(бағалау парағын беру)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: ( 10-12 минут )
Топтың өз мамандықтарына сәйкес қазақтың ұлттық дәстүрі «Табақ тарту» рәсімін «Сызу» пәнімен байланыстыра отырып, оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
ІІ1.Миға шабуыл. сұрақ-жауап әдісі

1.Өзара параллель түзулерді қандай құралдармен орындаймыз?
2.Бұрыштықтар нешеге бөлінеді және айырмашылығы?
3.Үлкен ұзын сызғышты не деп атаймыз?
4.Өзара перпендикуляр түзулерді қандай құралдармен орындаймыз?
5.Циркуль қай елдің сөзі?
6.Өзара параллель түзулердің қандай қасиеттері бар?
7.Өзара перпендикуляр түзулердің қандай қасиеттері бар?
8.Өзара перпендикуляр түзулерді салудың неше әдісі бар?

ІІ2.Тақтамен жұмыс. Сызбаны орындау.
1.Өзара параллель түзулерді интерактивті тақта құралдарымен орындау.
2.Өзара перпендикуляр түзулерді интерактивті тақта құралдарымен орындау.
ІІІ. Жаңа сабақ . (20-25 минут)
1.Мақсат қою және мотивациялау
2.Сабақ жоспарымен таныстыру.
Кесіндіні тең бөлікке бөлу. (4 слайд)
Берілген АВ кесіндісін тең 4 бөлікке бөлу үшін осы кесіндінің бір ұшы А нүктесі арқылы,қалауымызша сәуле жүргіземіз.Осы түзудің бойына ұзындығы қалауымызша алынған өзара тең 4 кесіндіні А нүктесінен бастап өлшеп саламыз.Сөйтіп,өзара тең 4 бөлікке бөлінген А С кесіндісін аламыз.Ең соңғы 4 нүктесін В нүктесімен түзу арқылы қосамыз.Бөліну нүктелері 1, 2, 3 арқылы 4В түзуіне параллель түзулер жүргізсек,олар АВ кесіндісін А1, А2, А3 нүктелерінде қияды.Сонда АВ кесіндісі де тең 4 бөлікке бөлінеді.



Бұрышты тең бөлікке бөлу(6 слайд)
Берілген АВС үшбұрышын тең 3 бөлікке бөлу үшін В нүктесі арқылы радиусын қалауымызша алып,шеңбер жүргіземіз.Бұл шеңбер үшбұрышты екі нүктеде қияды.Алдыңғы радиусты өзгертпей табылған 1 және 2 нүктелерден екі шеңбер жүргіземіз. Тиісінше R2 шеңбер R1 шеңберді 4 нүктеде қияды,ал R3 шеңбер 3 нүктеде қияды.Табылған 3 және 4 нүктелерді В нүктесімене қоссақ, АВС үшбұрышымыз тең 3 бөлікке бөлінді.Берілген үшбұрышты тең 2-ге бөлу үшін R2 және R3 шеңберлердің ортақ екі нүктесін қосамыз.
Шеңберлерді тек бөліктерге бөлу
Интерактивті тақтадан шеңберлерді 3, 4, 5, 6, 8, 10, 12 бөліктерге бөліп көрсету

ІV.Жаңа сабақты бекіту. (7-8 минут)
1.Жаттығулар орындау
1.1. Диаметрі 50 мм-ге тең шеңбер жүргізіп, оны тең 3,6,12 бөлікке бөл.
1.2.Диаметрі 60 мм-ге тең шеңберді тең 4, 8, 16 бөлікке бөл.
2.Тест тапсырмаларымен жұмыс
1.Кесіндіні тең бөліктерге бөлу үшін не жүргіземіз?
А) Сызық В) Кесінді С) Сәуле Д) Шеңбер Е) Доға
2.Өзара 900 бұрыш жасап қиылысқан шеңбердің екі диаметрі шеңберді нешеге бөледі?
А)2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6
3.Бұрышты тең 3 бөлікке бөлу үшін неше шеңбер жүргізу қажет?
А) 2 В) 3 С) 4 Д)1 Е) 5
4.Шеңбердің диаметрін қандай құралмен жүргіземіз?
А) Циркуль С) Ұзын сызғыш
В) Бұрыштық(900 600 300) Д) Транспортир Е)Бұрыштық(900450450)

5.Кесіндіні тең 2 бөлікке бөлу үшін неше шеңбер жүргізу қажет?
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5
6.Шеңбердің ішкі бұрыштары қанша градус?
А) 900 В) 1200 С) 1800 Д) 3600 Е) 450
7. Алты бөлікке бөлінген шеңбердің әрбір бөлігінің ішкі бұрышы қанша градус?
А) 300 В)360 С) 450 Д)900 Е)600
8.Үш бөлікке бөлінген шеңбердің әрбір бөлігін екіге бөлсек,шеңбер неше бөлікке бөлінеді?
А) 3 В)5 С) 6 Д) 8 Е) 10
9. Кесінді дегеніміз не?
А) Сызықтың бір түрі.
В) Шеңберді тең екіге бөлетін сызық
С) Екі шеті нүктелермен шектелген сызық
Д) Шегі жоқ түзу
Е) Екі шеті нұсқамамен шектелген түзу
10.Он бөлікке бөлінген шеңбердің әрбір бөлігінің ішкі бұрышы қанша градус?
А) 300 В)360 С) 450 Д)900 Е)600
3.Жаңа сөзді түсіндіру.
Орнамент дегеніміз (латынша ornematum-орысша украшение) қазақтың «Ою» ,«Өрнек» деген сөзін білдіреді. Орнаменттің түрлері көп.

Анаграмманы шешу, артық терминді анықтау
кесінді індескі
шеңбер еңбреш
циркуль кильруц
бензин незбин
қарындаш нырашдақ
сызғыш сшзығы
параллель ларалепль

V.Оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалау.
Сабақты ұйымдастырукезеңінде оқушыларды бағалау үшін әр топ басшысына бағалау параға берілген.Сол парақ бойынша әр оқушынының жалпы бағасын шығарады.Оқушыларды осы тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау парағына қарай қорытындылай отырып,бағалау.
Бағалау парағы
Топ басшысы Топ оқушыларының аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақты бекіту Топтың ұпай саны Бағасы
Сұрақтарға жауап Тақтамен жұмыс Жаттығулар орындау Тест сұрақтары



VI.Үйге тапсырма.
1. Оқу §9 Ж.Есмұқанов 22-24 беттер
2. Ұзындығы 40 мм кесіндіні тең 6 бөлікке бөл; ұзындығы 30 мм кесіндіні тең 8 бөлікке бөл
3. Диаметрі 48 мм-ге тең шеңберді тең 5 бөлікке бөл.Осы бөліну нүктелері төбелері болатын бес бұрышты жұлдыз сал.
VII.Пайдаланылған әдебиеттер мен программалар:
1.И.С.Вышнепольский «Сызу»
2.Ж.Есмұқанов «Сызу»
3.Кәсіпік мектеп №1, №2,№3 2011ж
4.Power Point
5. Photoshop,
6. Interactive whiteboard

Арнайы пән оқытушысы: Медетьяров Арман Кашакбаевич

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности