link13392 link13393 link13394 link13395 link13396 link13397 link13398 link13399 link13400 link13401 link13402 link13403 link13404 link13405 link13406 link13407 link13408 link13409 link13410 link13411 link13412 link13413 link13414 link13415 link13416 link13417 link13418 link13419 link13420 link13421 link13422 link13423 link13424 link13425 link13426 link13427 link13428 link13429 link13430 link13431 link13432 link13433 link13434 link13435 link13436 link13437 link13438 link13439 link13440 link13441 link13442 link13443 link13444 link13445 link13446 link13447 link13448 link13449 link13450 link13451 link13452 link13453 link13454 link13455 link13456 link13457 link13458 link13459 link13460 link13461 link13462 link13463 link13464 link13465 link13466 link13467 link13468 link13469 link13470 link13471 link13472 link13473 link13474 link13475 link13476 link13477 link13478 link13479 link13480 link13481 link13482 link13483 link13484 link13485 link13486 link13487 link13488 link13489 link13490 link13491 link13492 link13493 link13494 link13495 link13496 link13497 link13498 link13499 link13500 link13501 link13502 link13503 link13504 link13505 link13506 link13507 link13508 link13509 link13510 link13511 link13512 link13513 link13514 link13515 link13516 link13517 link13518 link13519 link13520 link13521 link13522 link13523 link13524 link13525 link13526 link13527 link13528 link13529 link13530 link13531 link13532 link13533 link13534 link13535
Тілеуберген Аманбол Сераліұлы
Должность:Физика-математика пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қазақстан, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл аулы
Тоқ күші, кернеу, кедергі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы

№98 орта мектептің физика пәні мүғалімі

Аманбол Тілеуберген.

Физика 8-сынып

Тоқ күші, кернеу кедергі тақырыптары бойынша оқушылардың білім дәрежесін тексеру, бағалау мақсатында өткізілетін жарыс сабағының жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Тоқ күші, кернеу, кедергі тақырыптары бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаты: Өткізгіштегі тоқ күші, кернеу кедергілерді табу жаттығуларын тексеру.Ом заңын пайдалана білулерін бақылау, қарапайым электр тізбектерін құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: ой—өрісін, белсенділігін, танымдық қызығушылығын дамыту.Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, ғылыми тұжырымдар жасап, алған білімін пайдалануға, ой қорытуға үйрету

Тәрбиелік: тапсырмаларды орындату арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі әдіс, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, үлестірме қағаздар.

Пән аралық байланыс:әдебиет, маематика, геометрия.

Сабақтың өтілу барысы: І.Ұйымдастыру

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

ІІ.Негізгі бөлім

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1с ішінде өтетін электр заряды тізбектегі тоқ күшін анықтайды. Ток күшінің бірлігі француз ғалымы Ампердің құрметіне ампер (А) деп аталған. Ток тың амперден басқа, оның үлестік және еселік бірліктері де қолданылады:миллиампер (м.А) микроампер (мкА) ал техникада килоампер (кА) қолданылады.

1мА=0,001А; 1мкА=0,000001 А; 1кА=1000А.

Тізбектегі ток күшін амперметр деп аталатын прибормен өлшейді. Ток күшін өлшегенде амперметрді тізбекке сол ток күші өлшенетін прибормен қосады. Ток көзінен және бірінің ұшы екіншісінің басымен жалғастырылған бірқатар өткізгіштерден құралған тізбектің барлық бөліктерінде ток күші бірдей болады. Ток күші-электр тізбегінің аса маңызды сипаттамасы.

Токтың қуаты электр кернеуі немесе тек кернеу деп аталатын физикалық шамаға байланысты болады. Токтың қуаты мен күшін біле отырып, тізбек бөлігінің ұштарындағы кернеуді анықтауға болады, ол үшін қуатты ток күшіне бөлуге болады. Кернеу бірлігі вольт деп аталады.(В деп белгіленеді).

Кернеу қуаттың ток күшіне қатынасына тең болғандықтан, 1 вольт 1 амперге бөлінген бір ватқа тең. Мұны қысқаша былай жазамыз:

1 вольт= немесе 1В= 1B=1

Практика жүзінде вольттан басқа оның үлестік және еселік бірліктері қолданылады:

милливольт (мВ), киловольт (кВ).

1мВ=0,001В, 1кВ=1000 вольт.

Кедергі бірлігіне 1 Ом қабылданған, бұл-ұштарындағы кернеу 1 вольт болғанда бойындағы ток күші 1 амперге тең болатын өткізгіш кедергісі. Бұны қысқаша былай жазамыз:1 Ом= ,

немесе 1 Ом= немесе 1 Ом=

Кедергінің омнан басқа, оның үлестері және еселіктері болып табылатын бірліктер қолданылады:

миллиом (мОм), килоом (кОм), мегаом (МОм).

1 мОм=0,001 Ом; 1 кОм=1000 Ом 1 МОм=1000000 Ом.

Өткізгіштегі ток күші өткізгіш кедергісіне кері пропорционал болады.

Ток күшінің тізбек бөлігінің ұштарындағы кернеуге және сол бөліктің кедергісіне тәуелділігі Ом заңы деп аталады. Тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, оның кедергісіне кері пропорционал болады:

ток күші = I= Ом заңы

ІІІ. Екі топтың оқушылары бір-біріне өлеңмен сәлем жолдайды.

І топ ІІ топ

Ток күші деген немене! Зарядтарды сүймейді?

Білесің бе, балалар, Ал осының құпиясын

Тек әсерін білсеңіз Бұл көпшілік білмейді.

Білімділер бағалар. Бас қатырып физиктер

Ток күшімен кернеуді Еңбектеніп терлейді

Айтшы немен өлшейді? Ампер, Вольт, Омдардың

Бөгде күштер неліктен Мұралары өлмейді

ІV.Физикалық формулалар мен ережелерді еске сақтауын пысықтау мақсатында ойлан тап ойыны ұсынылады.Мұнда жауап қайтаруға қажетті сұрақтар үлестірмелі қағаздарға жазылып таратылады.

«Ойлан тап!» ойыны. Ойлайық азырақ

Бұл сабақтың сұрағы Уақытыңды үнемдеп

Көпшілікке ұнады, Кім шығады кәнеки

Көп нүктенің орнында Жауабын мен білем деп.

Қандай шама тұрады?

1. Мына ток күшінің мәндерін ампермен өрнектеңдер:

2000 мА=… 100 мА=… 55 мА=… 3кА=

2. Электр тогы деп…

3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы І=…

4. Кедергінің өлшем бірлігі не?

5. Ток күшінің өлшейтін құрал…

6. Келесі кедергілердің мәнін оммен өрнектеңдер:

100мОм=… 0,7 кОм=… 20МОм=…

7. Тізбектегі ток күшін анықтайды…

8. Ток күшінің формуласы: І=…

9. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде өтетін электр заряды…

10. Кернеулік өлшейтін құрал не деп аталады…?

V.Шапшаңдық сайысы мұнда екі топқа да жеңілдіктері бірдей есептер беріліп, уақыты есептелінеді.

Жібермейміз есе біз

Ғалым болып өсеміз.

Көзді ашып жұмғанша

Есепті де шешеміз

1.Электр желісіндегі кернеу 220 В, ал шам спиральының кедергісі 440 Ом.Электр шамындағы ток күшін есептеңдер.

2.Электр плитканың спиралындағы ток күші 5 А, спираль кедергісі 44 Ом.Спиральға түскен кернеуді табыңдар.

3.Тізбек бөлігінің ұштарындағы кернеу 4,5 В, тізбектегі ток күші 0,3 А.Тізбек бөлігінің кедергісін есептеп шығарыңдар.

4.Кернеуі 120 В сетьке электр шайнек және үстелге қойылатын шам қосылған.Шайнек спиралының кедергісі 22 Ом, шам қылының кедергісі 240 Ом.Әрбір прибордағы ток күші неге тең.

5.Кедергісі 240 Ом электр шамы ток күші 0,5 А болғанда барынша қыза жанады.Шам қысқыштарындағы кернеу қандай?

6.150 В кернеуге арналған вольтметр арқылы өтетін ток күші 0,01 амперьден артпайтын болу үшін, ол вольтметрдің кедергісі қандай болу керек?

VІ.Тірек карточкаларының көмегімен есептер шығару.

1. Бір гальвани элементінен және әрқайсысын өз алдына жеке қосуға болатын екі қоңыраудан құрылған тізбектің схемасын сызып көрсетіңдер.

2. Суретте берілген сызбаларда жіберілген қателерді табыңдар.

3. Элементті қоңырауды және екі түймешені қосу схемасын ойлап табыңдар, сонда түймешелерді әр түрлі екі жерден қоңырау соғуға боларлықтай етіп орналастырыңдар

4. Амперметрді тізбекке 1-ші суреттегіше қосқанда тоқ күші 0,5 А болған. Ал сол тізбекке амперметрді 2-ші суреттегіше қосқанда оның көрсетулері қандай болады?

VІІ.Жауабын таңдап алуға тапсырмалар.

1.Қыздырғыш элементтерінің спиралы жасалған металдың қандай қасиеттері болуға тиіс?

А.Кедергісі көп; Ә.Ыстыққа төзімді; Б.Кедергісі аз; В.Ыстыққа төзімсіз.

2.Тұрғын үйлерде өткізгіштің қандай қосылыстары қолданылады?

А.Тармақталған ; Ә.Тізбектей; Б.Паралель.

3.Электрлік шаманы қайсысы тізбекте қосылған өткізгіштердің барлығы үшін бірдей болады?

А.Кернеу; Ә.Ток; Б.Кедергі.

4.Электр өрісінің болатындығын зерттеген ғалымдар кім?

А.Резерфорт; Б.Вольт; В.Фарадей; Г.Максвелл.

5.Электр тізбектері қандай бөліктерден құралады.

А.Өткізгіштер; Б.Тұйықтағыш құрылғылар; В.Электр энергиясын қабылдағыштар; Г.Ажыратқыштар.

6.Электр энергияын өлшейтін құрал?

А.Реостат; Ә.Амперметр; Б.Есептегіш (счетчик).

7.Өткізгіштерді паралель қосқанда қай шама бірдей болады?

А.Заряд; Ә.Кернеу; Б.Ток күші; Б.Кедергі.

8.Ток күшінің өлшем бірлігіне не алынған?

А.В; Ә.Кл; Б.А; В.Ом

VІІІ.Қорытынды.1.

2.Оқушыларды бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности