link576 link577 link578 link579 link580 link581 link582 link583 link584 link585 link586 link587 link588 link589 link590 link591 link592 link593 link594 link595 link596 link597 link598 link599 link600 link601 link602 link603 link604 link605 link606 link607 link608 link609 link610 link611 link612 link613 link614 link615 link616 link617 link618 link619 link620 link621 link622 link623 link624 link625 link626 link627 link628 link629 link630 link631 link632 link633 link634 link635 link636 link637 link638 link639 link640 link641 link642 link643 link644 link645 link646 link647 link648 link649 link650 link651 link652 link653 link654 link655 link656 link657 link658 link659 link660 link661 link662 link663 link664 link665 link666 link667 link668 link669 link670 link671 link672 link673 link674 link675 link676 link677 link678 link679 link680 link681 link682 link683 link684 link685 link686 link687 link688 link689 link690 link691 link692 link693 link694 link695 link696 link697 link698 link699 link700 link701 link702 link703 link704 link705 link706 link707 link708 link709 link710 link711 link712 link713 link714 link715 link716 link717 link718 link719
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қазақ тілі апталығындағы «Қазақ тілі –мақтанышым» атты іс-шара

Қазақстан Республикасы,Алматы облысы, Қапшағай қаласының

«№ 4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Мамереженова Ажар Надырбековна

Мақсаты: а) Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мерейін көтеру, сөз өнеріне деген құрмет.
ә) Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
б) Сахнада өзін еркін ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдер: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.

Қажетті заттар: «Сарыарқа күйі», жануар мен құстардың дыбыстары мен маскалары, қатық, сүт, сыпырғыш, мейіз, қап тарысымен, қайшы, жапырақ, шелек, сағыз .
Өту барысы

Залда Құрманғазының күйі «Сарыарқа» орындалады. Залдың ортасында бүгінгі іс-шараның тақырыбы жазылған.

1-жүргізуші Мамереженова А.Н. Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар сіздерді қазақ тілі апталығына арналған «Қазақ тілі –мақтанышым» атты іс-шарамызға келгендеріңізге көп рахмет! Қазақ тіліміз — ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біз үшін зор қуаныш.Бүгін біз осы тілде ән айтып, мәнерлеп тақпақ оқып, ертегіден қойылым көрсетеміз.

2-жүргізуші Мурзатаева Ғ.К. Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар! Мектебімізде әр сыныптарда қазақ тілі апталығы өтіп жатыр.

Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі іс-шарамызға қош келдіңіздер. Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

1-жүргізуші Мамереженова А.Н. Қазір 3 «а» сынып оқушылары мемлекеттік тілде «Қуыршағым» әнін орындайды.Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші Мурзатаева Ғ.К 7 «б» сынып оқушысы Турусбаева Адель М.Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін оқып береді.

1-жүргізуші Мамереженова А.Н. 7 «б» сынып оқушысы Балтабай Арлен өзінің шығарған өлеңін оқып береді.

2-жүргізуші Мурзатаева Ғ.К Сіздердің назарларыңызға 4 «в» сынып оқушыларының бүгінгі мерекеге дайындаған «Мақта қыз бен мысық» атты қойылымын тамашалаңыздар.

Даниэль Юнусов:

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде, Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Ботбаева Аружан (үй сыпырады, мейіз тауып алады).
Даниэль Юнусов: Мақта қыз мысығын шақырады.
Аружан: - Мияуым менің, қайдасың?
- Мысығым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін.

Даниэль Юнусов: Мысық келмейді.

Ботбаева Аружан:- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе.

Юнусов - Мейізді қыз жеп қояды.
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады,

Ботбаева Аружан:

Мысығым-ау, мысығым,
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,

«Мяу! -деп дыбыс бере ғой..

Мысық- Камран Муталипов
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп .
Мысық- Камран Муталипов: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын

Мысық- Камран Муталипов Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық- Камран Муталипов Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Даниэль Юнусов: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр — Досымжан Шаяхмет
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір .
Мысық- Камран Муталипов
Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр- Досымжан Шаяхмет: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Даниэль Юнусов: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш — Анисимова Анна
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым тамақ,
Мысық- Камран Муталипов

Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш — Анисимова Анна:

Маған су әкеліп бер, мен саған жапырақ беремін.
Даниэль Юнусов: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар- Катызина Мадина
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір жоқ.
Су адамға өте керек.
Мысық- Камран Муталипов

Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыз- Катызина Мадина

Сен маған дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Даниэль Юнусов:

Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық- Камран Муталипов

Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші — Де Даниал:

Маған жұмыртқа әкеп бер, мен саған сағыз берем.
Даниэль Юнусов:

Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық — Байжанов Тимур:
Мен ақ тауықпын,
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам

Мысық- Камран Муталипов.: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық- Байжанов Тимур: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер.
Даниэль Юнусов: : Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан — Асылхан Нұрайхан
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін.

Мысық- Камран Муталипов - Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоям.

Даниэль Юнусов: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, ағаш мысыққа жапырақ береді, жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық- Камран Муталипов

Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.

Даниэль Юнусов: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
1-жүргізуші Мамереженова А.Н. Бүгінгі тіл апталығының мерекесі осымен аяқталды, ортаға кейіпкерлерді шақырамыз, оларға қошемет көрсетеміз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности