link840 link841 link842 link843 link844 link845 link846 link847 link848 link849 link850 link851 link852 link853 link854 link855 link856 link857 link858 link859 link860 link861 link862 link863 link864 link865 link866 link867 link868 link869 link870 link871 link872 link873 link874 link875 link876 link877 link878 link879 link880 link881 link882 link883 link884 link885 link886 link887 link888 link889 link890 link891 link892 link893 link894 link895 link896 link897 link898 link899 link900 link901 link902 link903 link904 link905 link906 link907 link908 link909 link910 link911 link912 link913 link914 link915 link916 link917 link918 link919 link920 link921 link922 link923 link924 link925 link926 link927 link928 link929 link930 link931 link932 link933 link934 link935 link936 link937 link938 link939 link940 link941 link942 link943 link944 link945 link946 link947 link948 link949 link950 link951 link952 link953 link954 link955 link956 link957 link958 link959
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар

Ахметова Багила Серикбаевна
Қызылорда қаласы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті,
Жанқожа батыр атындағы №70 тарих және құқық пәнінің мұғалімі.

класс:7

пәні: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы:

§6 Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар.

Сабақтың мақсаты:Білімділік; Оқушыларға эфталит мемлекеті,шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы туралы кең көлемде мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушыларға мәлімет бере отырып білімге,мәдениетке деген қызығушылығын арттыру тарихи тұлғалық қасиет қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке,ұлт-жандылыққа рухани және материалдық мәдениетті құрметтеп сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Карта,Сурет т.б

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Мінездеме,цифрлы диктант,сызба т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезең а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) Оқу құралдарын тексеру

б) Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау §5 Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ислам дінінің негізін қалаушы? 2.Мұсылмандардың қасиетті кітабы.

3.Қағба деген не? 4.Араб саудагерлері дүние жүзіне қалай белгілі болды?

5.Ең ірі кітапхана қай қалада болды?

6.Еуропадағ ең жоғары мәденит ошағы қай мемлекетте шоғырланды?

Шығармашылық тапсырма .«Арабтардың мәдениетІ» кестесін толтырыңдар.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіру. Жоспары:

  1. Эфталит мемлекеті.
  2. Шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы.
  3. Эфталит мемлекетінің ыдырауы.

V-VI ғасырлар аралығындаОрта Азия, Ауғанстан,Солтүстік-батыс Үндістан және Шығыс Түркістан жерінде эфталит –ақ ғұндар тайпалық бірлестіктері құрылды.Негізгі иеліктер;Шығыс Иран,Тоқарстан және Шығыс Ауғанстанда орналасқан.437 жылғы жазылған қытай деректерінде эфталит-хионит тайпаларынТұрфан,Ташкент,Ферғана,Тоқарстан жерлерінде көп кездестіруге болатындығы айтылған.Эфталит тайпалары V ғасырда әскери саяси жағынан бірігіп,Ауғанстан аумағында ірі мемлекет құрды.Эфталиттер 460жылы солтүстік Үндістанды,484жылы эфталит патшасы Пероз сасанидтік Иранды бағындырды.Үндістандағы Гупта мемлекетінің ірі қаласы Гандхарды бағындырып,Синд,Раджастан,Диса,Ганга өңірлерінде үстемдік жүргізді.493-508 жылдарыТұрфан мен Қарашарды алып,Шығыс Түркістанды толық жаулап алды.Ресми иастанасы:Құндыздың жанындағы Бадиян қаласы болды.Сөйтіп эфталит мемлекетіОрталық Азияда бір орталыққа бағынған күшті мемлекетке айналды.Ірі қалалары.Кей-Кобад,Сейстан,Гандхар.Қоғамдық құрылысы:Патриархадтық қатынас үстем болды.Меншік түрі:Жерге меншік орнаған.Шаруашылығы:мал шаруашылығымен айналысып,жылқы және қой өсірген.Бірақ,отырықшылық шаруашылық басым болды.Эфталиттер жаулап алған елдеріндегі-мәдениет ошақтарын қиратпаған.Жазба деректердің көбі шығыс Иран тілінде жазылып,иран тілінде сөйлеген.Олар жергілікті тайпалармен бірігіп,қазіргі ауған халқын құрады.Эфталит мемлекетінің мәдени ескерткіштері көп сақталған.Бұл ескерткіштердің көбі-будда дінінің ғибадатханасыжәне храмдары.болып келген.Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің орталығы –Герат қаласы болды.545 жылы Эфталит мемлекетінде ішкі қырқыстың шығуын пайдаланған Иран патшасы Хұсрау біраз бөлігін басып алады.563-567жылдары Орта Азиядағы Әмудария мен Сырдария аралығын бағындырады.588жылы Сасани қолбасшы Бахрам эфталит мемлекетін толық жаулап алады.Иран мен Түріктер Эфталит жері үшін ұзақ мерзімге соғысады.590жылыБахрам патша Термез қаласында таққа отырды.Бірақ Түріктермен соғыс кезінде Бахрам патша қайтыс болып,орнына II Хұсрау590-627 ел басқарып,оның тұсында Иран мемлекеті әлсірейді.Орта Азия толығымен Түріктердің қол астына өтеді.

VI Жаңа сабақты бекіту. Эфталит мемлекетіне мінездеме бер.

1.Территориясы....................................................

2.Сыртқы саясаты................................................

3.Шаруашылығы..................................................

4.Мәдениеті............................................................

5.Мемлекеттің ыдырауы.....................................

Цифрлы диктант

460жылы Солтүстік Үндістан жерін жаулап алды.

484жылы Сасанидтік Иранды бағындырды.

V ғасырдың II жартысында Гандхарды бағындырып,Синд,

Раджасхан,Диса, Гангаға үстемдік жүргізді.

493-508жылдарыТұрфан мен Қарашарды алып,Шығыс Түркістанды жаулап алды.

545жылы Эфталит мемлекетін Иран шахы басып алды.

563-567жылдары Түріктер Орта Азиядағы Әмудария мен Сырдария аралығын бағындырды.

588 жылы Сасани қолбасшы Бахрам эфталит мемлекетін жаулап алды.

590 жылы Бахрам патша Термез қаласында таққа отырды

VII .Қорытынды.Сабақтың қорытындысы бойынша оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасын беру: §6 Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар.

Скачать урок

Скачать файл: ashyk-sabak.doc
Посмотреть онлайн файл:


Комментарии пользователей /1/
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности