Казахстан, Актюбинская область,Темирский район
Шубаркудукская казахско-русская средняя школа №2
Учитель начальных классов
Сиюмова Мяаш Болекбаевна
Кештің мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Шығармашылық меңгерудегі алған білім, біліктерін пысықтау, ьексеру, ойлау қабілеттерін дамыту. Тез жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта немесе кештің тақырыбы жазылған плакат, қима парақ қағаздар, шаралар, гүлдер, ойыншықтар, бөлім кезеңдері және мақал-мәтелдер жазылған қағаздар.
Мақал-мәтелдер: Білімді мыңды жығады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады.
Кеш бөлімдері:
1-бөлім. «Ойнайық та, ойлайық!» (Математикалық жұмбақтар)
2-бөлім. «Кімнің ойы жүйрік!» (Жұмбақ есептер)
3-бөлім. «Білімді мыңды жығады» (Шығармашылық жаттығулар)
4-бөлім. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (Қызықты есептер)
5-бөлім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» (Сөзжұмбақтар шешу)
Пайдаланған әдебиеттер: 2 сынып математика оқулығы (жасыл түсті қоршаудағы шығармашылық жаттығулар), Б.М.Қосанов. Математика курсындағы жаттығулар: орындау технологиясы. 2-сынып. Алматы-2005ж Бастауыш мектеп журналдары.
Кешке 2а, 2ә сынып оқушылары топпен қатыстырылды. Кешке мұғалімдер, ата-ана комитет мүшелері шақырылады. Екі сынып оқушыларының білімдерін сараптап, ұпай санын есептеп отырған 4-ші сынып озат екі оқушы сараптаушы болып сайланады. Қатысатын әр сынып оқушылары бөлек отырады. Кешке қатысып отырған барлық оқушылар білімі ескеріледі. Дұрыс жауап 5 ұпай санымен есептеледі. Кеш 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлім соңынан кейін ұпай санын сарапшы оқушылар хабарлап отырады.
Бастау.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Білім теріп, бейнетінен қашпаймыз,
Оқу жылын бестікпенен бастаймыз.
Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда,
Білімменен достасамыз жастай біз, -деп кешіміздің
1-бөлімі.
«Ойнайық та, ойлайық!» (Математикалық жұмбақтар) шешуді бастайық. Мына тақтадағы сандарға назар аударындар Қалаған сандарды атандар. Атаған сандардың артындағы жұмбақ есептерді шешеміз.
20 → 40 → 10
↓ ↓ ↓
30 60 50
↓ ↓
70 80
10-саны: Алты аяқты, 20-саны: Төрт аяғым болғанмен,
Төрт қаңатты. Жүре алмаймын өзімше.
Аң да емес,
Бір елес. (Үстел)
(Маса )
30-саны: Апалы - сіңлі келеді, 40-саны: Екі анадан он бала,
Біріне — бірі ереді. Есімі біреу бәрінің.
(Екі аяқ) (Саусақтар)
50-саны: Айқасқан екі таяқ, 60-саны: Аяғын жерге тіркуей
Тұрады жоқты сұрап. қалып,
(Төрт -өрт) Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
(Сарапшылар ұпай санын хабарлайды.)
Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өңер жараспай,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға-сол алда- дегендей келесі 2-ші бөлім.
«Кімнің ойы жүйрік!» (Жұмбақ есептер шешуге) кезек келді. Сурет таңдау арқылы жұмбақ есептер шешуге шақырамыз.
1 –сурет «Машина»
Ұлым, ұлым, ұлым деп,
Ұлдарын ана сүйеді.
Гүлім, гүлім, гүлім деп,
қыздарын ана сүйеді.
Бұл үйдің неше қызы, ұлы бар?
(3 ұлы, 3 қызы бар.)
2 - сурет «Балық»
Бірмін, бірмін, бірмін деп,
Үшеу келді талтаңдап,
Екім, екім, екім деп,
Үш жұп келді екеулеп.
Қаңша болды балапан,
Өзің айтшы, балақан!
(9 балапан)
3 - сурет «Үйрек»
Су құып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан,
Бір көксерек, бір қарға,
Қосылды кеп бұларға.
Айт, неше құс ұшып жүр?
(11 құс.)
4 - сурет «Күшік»
Табақта жеті өрік,
Қолымда бес өрік,
Қосқанда барлығы,
Болады неше өрік?
(12 өрік.)
5 - сурет «Сиыр»
Аулада бес үйрек,
Қорада 3 үйрек,
Бір үйрек тығылды.
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
(8 -1-1 3 үйрек)
6 - сурет «Піл»
Ал, балалар, балалар,
Қағаз бенен қалам ал.
Бес ешкінің мүйізін,
Кім есептеп табады?
(10 мүйіз)
7 - сурет «Керік»
Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Төртеуін өзің жоғалттың
Айта қойшы сонда нешеуі
Өз қолында қалады?
(3 асық.)
8 - сурет «Ешкі»
Тал басында тізіліп,
Оң жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі,
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі,
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
(4 жапырақ)
(Сарапшы оқушылар ұпай санын айтады.)
Мұғалім: Ал, келіндер, келіңдер,
Бір-біріңе еріндер.
Білімінді тексеріп,
«Білімді мыңды жығар»,
Ойынына қатысып көріндер!-деп 3-ші бөліміне де кезек
келді.
«Білімді мыңды жығады» (Шығармашылық жаттығулар.) тапсырмаларын орындауға шығарамын. Гүл теру. Ұнаған гүл суреттерін атап артындағы тапсырмаларды орындайды.
1 - гүл
Тапсырма: (9-бет математика)
0, 4, 4 сандарын пайдаланып әр түрлі өрнек құр.
(Бар мүмкіндікті пайдалан)
Жауабы: 0+4+4 0+4-4 4+0+4
4+4+-0 4-4-0 4+4+0
(Барлығы 6 өрнек)
2 - гүл
Тапсырма: (9-бет)
40, 40, 50 сандарын пайдаланып өрнекті құр.
(Бар мүмкіндікті пайдалан)
Жауабы: 40+40-50 40+40+50 50+40+40
50+40-40 50-40+40 50- 40- 40
40+50+40 40-40+50
(Барлығы 8 өрнек)
3- гүл
Тапсырма: (5-бет) Екеуара бір табақ тартсақ,
Онда бір табақ ет жетпей қалада. Үшеуара бір
табақ тартсақ, онда бір табақ ет артылып қалады.
Бұл үйдің мейманы нешеу, табақ саны нешеу?
Мейман -12, табақ саны -5
4- гүл
Тапсырма: (55-бет) Қатар тұрған неше саннын қосындысы
21-ге тең. Сондай сандардың қосындысын құрастыр.
Тапсырманың бірнеше шешімі бар.
Жауабы: 10 +11 6+7+8 1+2+3+4+5+6
0+1+2+3+4+5+6
5- гүл
Тапсырма: (69-бет) 8 адам кездесіп қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысты 1-ші адам 7 адаммен 2-ші адам 6 адаммен т.б.
Жауабы: (28 рет қол алысты.). (7+6+5+4+3+2+1)
6 — гүл
Тапсырма: (85-бет) Бірінің астына баған түрінде жазылған 6,8,1 сандарының қосындысы 15 шығады. Осы жазудың мәні -18-ге тең болатын қосындыны қалай шығарып алыға болады?
Жауабы: (6-ны аударып жазамыз. 9+8+1)
7 — гүл
Тапсырма: (60-бет) 1,2,3…99 сандарында 5 неше рет кездеседі? (5 цифры бар сандарды жазып анықтауға болады.)
Жауабы: (20 рет кездеседі.)
8 — гүл
Тапсырма:
Неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан?
Жауабы: (0)
(Сарапшы оқушылар ұпай санын хабарлайды)
Мұғалім: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін тапқырларға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп болса,
Солордың жауаптарын көрелік — келесі 4-ші бөлімімізге
келіп қалыппыз.
4 — бөлім
«Тапқыр болсаң, тауып көр!» (Қызықты есептерге) берелік.
Кім боласын? Мамандық таңдау суреттері.
1-сурет «Ғарышкер»
«Топ үйрек»
Бір топ үйрек ұшып барады. Олардың барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?
Жауабы: (Біреу. Қалғаны ұшып кетеді.)
2-сурет «Биші»
«Аулада»
Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу
Жауабы: (2 қой, 3 тауық).
3-сурет «Мұғалім»
«Қосарланған ат»
Қосарланып жегілген 3 ат 1 сағаттың ішінде 12 км. Жол жүрді. Осы уақыттың ішінде 1 ат неше км. Жол жүрді?
Жауабы: (12 км.)
4-сурет «Спорт»
«Мысық»
Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?
Жауабы: (4 мысық)
5-сурет «Суретші»
«Әтеш»
Әтеш екі аяғымен тұрғанда 4 кг., ал бір аяғымен тұрғанда салмағы қанша?
Жауабы: (4 кг.)
6-сурет «Дәрігер»
«Қоян»
45 қоян 9 торға әрқайсысындағы қояндар саны әр түрлі болатындай етіп орналасты.
1 қоян |
2 қоян |
? |
? |
? |
? |
? |
? |
? |
Жауабы: 1қ+2қ+3қ+4қ+5қ+6қ+7қ+8қ+9қ
7-сурет «Мүсінші»
«Қанша бала»
Жанар мен Анар апалы — сіңілі. Жанар: екі інім бар, - дейді. Анар да екі інісі бар екенін айтады.
Бұл үйдің неше баласы бар?
Жауабы: (4 бала).
8-сурет «Балықшы»
«Қу түлкі»
«Түлкі мен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды мен бөлші», - дейді. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын пайдаланып, былай бөліпті. Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, алтауы саған, жетеуі маған, сегізі саған, тоғызы саған, оны маған. Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиді?
Жауабы: Қасқырға тақ сандар
1+3+5+7+9 барлығы 25 балық.
Түлкіге жұп сандар.
2+4+6+8+10 барлығы 30 балық.
(Сарапшылар ұпай санын айтады.)
Мұғалім: Бұл ойыннан да қашпайық,
Сырын тауып кестенің,
Әзір болсақ бәріміз,
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - деген бар.
Ал, ойынды бастайық! Соңғы 5-ші бөлімге де кезек
келді.
5 — бөлім.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» (Сөзжұмбақ шешу)
1-
|
|
Сөзжұмбақ
|
|
|
|
«Кем» ұғымына қарсы ұғым.
Шешуі: 1 Артық. 2.Үлкен. 3 Оң.
4. Ондық. 5. М
2-Сөзжұмбақ
|
|
|
Жоқ разрядты көрсететін цифр.
|
|
17 + 33
|
97 — 67
Шешуі: 1. Нөл. 2. Шаршы. 3. Елу.
4. Төрт. 5. Отыз. 6. Тоғыз.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ:
Сарапшы оқушылар әр сынып оқушыларының жинаған ұпай санын айтады. Жеңген топқа қошемет көрсетіліп; мадақтау қағазы беріледі. Белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтар беріледі.
Алғы сөз.
Қазіргі кезеңде «21-ғасырдағы білімді жиһандандыру жағдайында бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу және дамытудың инновациялық моделі» жиі айтылып, көтеріліп жүрген мәселелердің бірі.
Жоғары динамикалық, жаһандандыру дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау және қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралын қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті міселелердің бірі өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдай өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатысын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдынғы орындарға шығады: креативтілік белсенділік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі жоғары кәсіби деңгейлік сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдылығы. Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен сипатталады.
Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыны игеруге оқу, жазу, сынау, шығармашылықпен ойлау жағдайларын қарастыра отырып жүргізіледі. Қазіргі таңда білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отырған кезде, бастауыш сынып мұғалімдерінен оқушының қызығушылығын арттыратын, білімнің көтерілу деңгейін көздейтін оқу — тәрбие жұмыс түрлерін жетілдіруді талап етеді. Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын мемлекеттік құжаттарда («Білім заңы», «Білім стандарты», «Білім мазмұның тұжырымдамасы» т.б.) оқыту үрдесін дамытушылық сипатта және шығармашылық іс-әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттігігінің атап көрсетілуі жайдан –жай емес, өйткені қазіргі заманның өскелең талаптары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Осыған орай бастауыш сыныптарға арналған математика оқулықтарында стандартты емес формадағы, оқушылардың әралуан бағытындағы белсенді шығармашылық ізденісті қажет ететін жаттығулар еңгізіліп отыр.
3 сынып математика оқулығында «Жасыл қоршаудағы» шартты белгілерде орындаулы міндетті емес болып саналатын, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандарты емес жаттығу, ал 4 сынып оқушыларында «шығармашылық жаттығу» деп көрсетілген. Алайда бұл жаттығулардың ішінен оқушылардың меңгеруіне жеңілдеу жағы ғана қарастырылып, қиынырақ, күрделі түрлері толық игерілмей жататыны аңғарылады. Оқушы бағдарламадағы біліммен шектеліп қана қалмай, білім қорын жетелейтін, ойландыратын, «көбірек білсем» деген ой туындауға қажет.
Бұл жаттығуларды толық меңгерудің нәтижесінде, Оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамитындығына, пәнге деген қызығушылығының артатынына, ойлауы мен көзқарастарының ерекшеленетіндігіне көз жеткізуге болады.
Сондықтан оқыту үрдесінде бұл жаттығуларды орындатудың іс-шараларын ұйымдастырып отырудың маңызы зор. Бастауыш сынып оқушыларының белсенділіктерін аттыратын жұмыс түрлеріне сайыстар, жарыстар, сыныптан тыс шаралар немесе пысықтау, білімді бекіту т.б. жұмыстарды ұйымдастыру арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл ойын сабақтарды өткізудегі көздеген мақсатым: әр сыныптарда математика оқулығында жасыл түсті қоршаумен берілген шығармашылық жаттығуларды орындау арқылы білім деңгейін көтеру, ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен еңбектене білуге, ойын ашық айтуға үйрету.
Қызықты математика. (сыныптан тыс шара).
(Жарыс сабақ 3 сынып.)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын
аттыру.
Оқулықтағы жасыл түсті қоршаудағы жаттығуларды
орындау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін және
тынымдық дербестігін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, бір-бірін тындай білуге,
ұйымшылдыққа, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Білім баспалдығы» сызба, тапсырмалар жазылған геометриялық қиындылар (үшбұрыштар, төртбұрыштар, шаршылар, жұлдызшалар, жалаушалар), бағалау парақшасы, интерактивті тақта.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ жоспары үлкен етіп сызылып тақтаға ілінеді немесе интерактивті тақтадан көрсетіледі. Жоспар түсіндіріледі. Сынып 2 тапқа бөлінеді. Тапқа «Жүйріктер», «Тапқырлар» деп ат беріледі. Бағалау парағын береді. Әр баспалдақ бойынша бірдей деңгейде тапсырмалар беріледі. Тапсырма жазылған парақшаларды алып, бірлесе отырып жауап береді.
Мысалы; үшбұрыш «А» жүйріктер таңдаса, үшбұрыш «Ә» тапқырлар таңдайды. Әр баспалдақта бірдей төрт-төрттен тапсырма жазылған. Дұрыс жауап 2 балмен белгіленеді. Парақшаға балл санын жазып отырады. Мұғалім жауаптарының дұрыстығын «дұрыс жауапты» ашу арқылы тексертеді. Ең көп дұрыс балл жинаған топ жеңіс жалауын «Шың» басына тігеді. Жеңген топ мақтау қағазымен марапатталады. Ерекше білімімен көрінген оқушы аталып марапатталады.
А Ә
Сұрақ жоспары.
Шың
Асы Асы
Белес Белес
Қыр Қыр
Төбе Төбе
«Жүйріктер» тобы «Тапқырлар» тобы.
Мұғалім: Ал балалар тұрмайық,
Асығыстық қылмайық.
Қандай жұмбақ, есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық!
«Төбе» баспалдағын орындайық.
Мұз айдындар жеті бала,
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап.
Еңді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың.
(9 бала)
Тауықтардың біреуі,
Бес балапан шығарды.
Көптен күтіп жүр еді,
Інім қатты қуанды.
Он жұмыртқа бастырған,
Қарай алмай шаршады.
Тауықтардың астында,
Жатыр әлі қаншауы?
(5 жұмыртқа)
Бір топ бала тоғаннан,
Он бес балық ұстады.
Бөліскенде оларды,
Тиді әркімге үш балық.
Сынайын бір ал сені,
Бала саны қанша еді.
(5 бала)
Жайылып жүр сегіз лақ.
Үшеуі оның егіз лақ.
Есептеуге,
Сен шебер.
Бала болғың келсе егер.
Сегіз лақтың енесін,
Тез есептеп берерсің.
(5 ешкі).
Потфеліңде әуелі,
13 жаңғақ бар еді.
Науат пенен Маратқа,
Самат пенен Сағатқа,
Апасының Қанаттың,
Екі-екі таратты.
Қанша жаңғақ қалғаның,
Айта қойшы ал жаным!
(7 жаңғақ)
Үйіне жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе,
Қос қап бидай артылды,
Әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң санап ал,
Бидай алдық қанша қап?
(6 қап)
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен.
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі –
Отыр едік шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып.
Арқасында кіші інім,
Саны қанша айта ғой,
Үйдегі бар кісінің
(11 кісі)
Он саусақтың.
Ақпанда
Егіз туды жетеуі.
Қырға көшіп жатқанда,
Жылқы туды екеуі.
Біздің үйде ұсақ мал,
Жетті қанша тұяққа?
(26 тұяқ)
(Әр дұрыс жауап 2 балдан есептеледі)
Мұғалім:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығындар білім қырына.
Ұқыптылық пен зергелік,
Жеткізеді сендерді,
Математика сырына — деп «Қыр» биіктігіне көтерілейік.
«Қыр» биіктігі
|
Тапсырма: Сандар қатарын жалғастыр.
6,11,16 … (21,26,31,36 … шектеусіз)
20,17,14,11 … (8, 5, 2 шектеулі )
|
Тапсырма: Сандар қатарын жалғастыр.
1,4,9,16 … (25,36,49 … шектеусіз)
30,28,24,18 … (10,0 шектеулі )
|
Тапсырма: Бес таяқшадан екі тең
қабырғалы фигура құрастыру.
Жауабы:
Тапсырма: 12 таяқшадан 4 шаршы құрастыр.
|
Жауабы:
|
Тапсырма: Дөңгелекті 3 түзу арқылы ең көп
дегенде неше бөлікке бөлуге
Жауабы: 7 бөлікке бөдуге болады.
|
Тапсырма: Әр бөліктердегі сандардың
қосындысының мәні 13-ке тең болатындай
етіп, сағат бетін 6 бөлікке бөл.
Жауабы:
|
Тапсырма: Кестені толтыр. Бірінш қосылғыш
қосындының мәнінен үш есе кем, екінші
қосылғыш бірінші қосылғыштан неше
есе артық?
1-қосылғыш |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2-қосылғыш |
||||||
Қосындының мәні |
3 |
6 |
9 |
12 |
15 |
18 |
Жауабы. Екі есе артық
1-қосылғыш |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2-қосылғыш |
2 |
4 |
6 |
8 |
10 |
12 |
Қосындының мәні |
3 |
6 |
9 |
12 |
15 |
18 |
|
Тапсырма: Екі тәрелкеде 13 апельсин бар, егер
тәрелкелердің біреуінен 1 апельсин алса, онда сол
тәрелкіде екіншісінен 3 есе артық апельсин
қалады. Әр тәрелкеде қанша апельсин болғаны?
Кесте толтыру арқылы орында:
1тәрелкеде |
12 |
11 |
10 |
9 |
2 тәрелкеде |
1 |
2 |
3 |
4 |
Барлығы |
13 |
13 |
13 |
13 |
Егер бір тәрелкеден 1 апельсин алып тастасақ, онда кесте бойынша
өзгерер еді
1 тәрелкеде |
11 |
10 |
9 |
8 |
2 тәрелкеде |
1 |
2 |
3 |
4 |
Жауабы: 10 апельсин және 3 апельсин.
«Белес» биіктігі
|
Тапсырма: Амал таңбаларын қой.
4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 = 32
Жауабы: 4+4+4+4+4+4+4+4+4-4=32
4*4+4*4+4-4+4-4+4-4=32
4*4*4*4-4*4*4+4*4+4*4=32
|
(* - көбейту таңбасы)
Тапсырма: Амал таңбаларын қой.
8 8 8 8 = 1 Жауабы: 8 ׃ 8+8-8=1
8 8 8 8 = 2 8 ׃ 8+8 ׃8=2
|
Тапсырма: Амал таңбаларын қой.
1 2 3 4 5 6 7 = 40
Жауабы: 1+2*3+4*5+6+7=40
|
Тапсырма: Амал таңбаларын қой.
1 2 3 4 5 6 7 = 100
Жауабы: 1*2+3*4+5*6+7*8=40
|
Тапсырма: Амал таңбаларын оқы:
6 6 6 = 30 Жауабы: 6*6-6=30
3 3 3 3 = 30 3*3*3+3= 30
|
Тапсырма: Амал таңбаларын қой:
(9 9) 9 = 2 Жауабы: (9+9) ׃ 9=2
(9 9) 9= 0 (9 -9) ׃ 9=0
|
Тапсырма: Амал таңбаларын қой:
9 (9 9) = 9 Жауабы: 9+(9׃ 9=9
(9 9) 9= 162 (9 +9) 9 *= 162
|
Тапсырма: Амал таңбаларын қой:
3 3 3 3 3 3 =90
Жауабы::= 90
«Асу» биіктігі
Тапсырма: Ауылда 9 метрлік 20 бөрене бар еді
Жарты метрден кесіп отын дайындау
керек болса, оларды барлығы неше
рет кесуге тура келеді?
Жауабы: 100 рет кесу керек.
1.
Тапсырма: 3 санның көбейтіндісінің мәні
олардың қосындысының мәніне тең.
Олар қандай сандар?
Жауабы: 0*1*2*= 0+1+3
1.
Тапсырма: Қандай сан 2,3 және 7
сандарына қалдықсыз бөлінеді
Жауабы: 14, 21, 28/, 35, 42, 49 т.б.
2.
Тапсырма: 6-ға қалдықсыз бөлінетін 1
сан ойла.
Ол санды 2,3 және 6 сандарына жеке –
жеке бөл. Шыққан бөліндінің
2. мәндерін қос. Сонда ойлаған сан
шығады. Неге?
Жауабы: 6, 12, 18, 24, 30, 36, 42 … шексіз.
Тапсырма: бірден төртке дейінгі
натурал сандардың
көбейтіндісі қандай цифрмен
аяқталады?
Жауабы: 4 цифрмен.
3.
Тапсырма: Амал таңбаларын қой:
23 22 2=1 Жауабы: 23 ׃22 ׃2=1
33 32 3= 23 22 2 33׃ 32׃ 3= 23 ׃22׃ 2
3.
Тапсырма: Амал таңбаларын қой:
3 32 33 =1 Жауабы: 3*32׃ 33 =1
33 32 3= 23 22 2 33׃ 32- 3= 23 ׃22- 2
4.
Тапсырма: 2 таңбалы санның
цифрларының көбейтіндісі 8-ге
тең. Сол екі таңбалы санды
цифрларының қосындысына
бөлгенде шыққан бөліндінің мәні
санның бірліктеріне тең 2
таңбалы санды тап.
4.
Жауабы: 24.
«Шың» биіктігі.
Тапсырма: Егер бір топ торғай әр
бұтаққа бір-бірден қанса,
онда 5 торғайға, егер әр
бұтаққа 2 торғайдан қонса,
онда 1 бұтақ артық
қалады. Қанша бұтақ, қанша
торғай болған?
Жауабы: 12 торғай, 7 бұтақ.
Тапсырма: Бір үйдің 3 ұлы бар. 3 ұлдың
әрқайсысының бір әпкесі, бір қарындасы
бар. Бұл үйдің баласы нешеу?
Жауабы: 5 бала (Үлкен қыз бала, онан
кейін 3 ұл бала және кішісі қыз бала)
Тапсырма: 5 алманы 6 балаға тең бөліп бер.
Бірақ бірде –бір лма алты бөлікке бөлінбесін .
Жауабы:
Тапсырма: Шанаға қосарланып жегілген 3 ат 30
км. Жүріп өтті. Әр ат қанша км.
жүріп өтті?
Жауабы: 30 км.
Тапсырма: Екі адам 2 сағат шахмат ойнады.
Олардың әр қайсысы не сағат шахмат
ойнады?
Жауабы: 2 сағат.
Тапсырма: Егер ең үлкен үш таңбалы санға
бір таңбалы санды қосып, ол санды с 10
есе кемітсе және шыққан саннан ең үлкен
бір таңбалы санды шегерсе, әжейдің жасы
шығады. Әжейдің жасы нешеде?
Қорытынды бөлім.
Әр топ балдарын есептеп бағалау парағына толтырады. Жинаған жалпы балдарын есептеп шығарады. Ең көп бал жинаған топ жеңіс туын шың басына тігеді. Жеңген топ мадақталады. Ерекше білім жағынан көрінген оқушыларды бағалауға да болады. Әр топта мынадай бағалау парағы беріледі. Оны оқушылар жұмыс барысында толтырып отырады.
Бағалау парағы.
Баспалдақтар |
Бала саны 1 |
2 |
3 |
4 |
Жалпы балы |
«Төбе» |
|||||
«Қыр» |
|||||
«Белес» |
|||||
«Асу» |
|||||
«Шың» |
«Төбе» биіктігі бойынша әр топқа 4-4- тен өлең- есептер берілген.
«Қыр» биіктігі бойынша а) Сандар қатарын жалғастырып жазу.
ә) Фигуралар құрастыру.
б) Бөліктерге бөлу.
в) Кесте құрап орындау.
«Белес» биіктігі Амал таңбаларын қою.
«Асу» биіктігі Логикалық мысал-есептер шығару.
«Шың» биіктігі - «Қызықты математика»
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Б.М.Қосанов. «Мамематика курсындағы шығармашылық жаттығулар: технологиясы» . 3 сынып. Алматы -2005ж.
Қайыңбаев Ж.Т. «Білім стандарты және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту» Алматы-2003ж.