link1920 link1921 link1922 link1923 link1924 link1925 link1926 link1927 link1928 link1929 link1930 link1931 link1932 link1933 link1934 link1935 link1936 link1937 link1938 link1939 link1940 link1941 link1942 link1943 link1944 link1945 link1946 link1947 link1948 link1949 link1950 link1951 link1952 link1953 link1954 link1955 link1956 link1957 link1958 link1959 link1960 link1961 link1962 link1963 link1964 link1965 link1966 link1967 link1968 link1969 link1970 link1971 link1972 link1973 link1974 link1975 link1976 link1977 link1978 link1979 link1980 link1981 link1982 link1983 link1984 link1985 link1986 link1987 link1988 link1989 link1990 link1991 link1992 link1993 link1994 link1995 link1996 link1997 link1998 link1999 link2000 link2001 link2002 link2003 link2004 link2005 link2006 link2007 link2008 link2009 link2010 link2011 link2012 link2013 link2014 link2015 link2016 link2017 link2018 link2019 link2020 link2021 link2022 link2023 link2024 link2025 link2026 link2027 link2028 link2029 link2030 link2031 link2032 link2033 link2034 link2035 link2036 link2037 link2038 link2039
Аймаганбетова Камшат Данабековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Открытый урок по истории "1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары "

Сабақтың тақырыбы: ІХ тарау. §44. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары

Сабақтың мақсаттары:

а) Білімділік: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын баяндай отырып, оның себептерін, басталуы мен сипатын, барысы мен тарихи маңызын түсіндіру.

ә) Дамытушылық: Оқушы бойында өзіндік қорытынды жасау дағдыларын дамыту, танымдық тапсырмалар беру арқылы білімдерін жетілдіру.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ерлік істерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, жинақтау, құжатты фильмдерді көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, видио роликтер, кеспе қағаздары

Пәнаралық байланыс: әдебиет, құқық, география.

І. Ұйымдастыру бөлімі

Ø Орналасу формасын ыңғайлау

Ø Оқу құралын тексеріп, түгелдеу

Ø Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

ҮІІІ тарау. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан

А) Тест.

1.1970 жылдары Қазақстан қай ауылшаруашылық өнімін өндіруден Одақта үшінші орын алды?

А. Мақта мен қызылша өндіруден В. Ет пен жұмыртқа өндіруден С. Сүт өндіруден Д. Астық өндіруден

2.Тоқырау жылдары Қазақстан экономикасы қай бағытта дамыды?

А. Шикізаттық-өндірушілік В. Әскери-өнеркәсіптік С. Ғылыми-технологиялық Д. Аграрлы-өңдеушілік

3.Семей атом полигонында 1943-1963 жылдары неше ашық жарылыс жасалды

А. 113 В. 343 С. 456 Д. 564

4. О.Сүлейменовтың "Аз и Я" еңбегі қай жылы жарық көрді?

А.1965 ж. В. 1970 ж. С. 1975 ж. Д.1979 ж.

5. 1970 жылдары халыққа білім беру саласында өріс алған науқан.

А. 6 жастан бастап оқыту В. жалпыға бірдей 8 жылдық білім берге көшу

С. 11 жылдық білім беруге көшу Д. Жалпыға бірдей орта білім беру

6. 1970 жылдары қазақ жазушылары арасынан Социалистік Еңбек Ері атағын алған жазушы.

А. Ә.Нүрпейісов В. Ғ.Мұстафин С. І.Есенберлин Д. Ғ.Мүсірепов

7. Кемелденген социализм тұжырымдамасы алғаш қайда айтылды?

А. Ұлы жеңістің 20 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте В.Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған мәжілісте

С. Дүние жүзі коммунистік партияларының Мәскеудегі мәжілісінде Д. Қазан төңкерісінің 55 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте

8. 1970 жылдары түсіріліп халық арасында ілтипатпен қабылданған "Қыз Жібек" фильмінің режессері

А. С.Қожықов В. Т.Теменов С. Ш.Айманов Д. С.Нарымбетов

9. 1980 жылдары жергілікті халықтың үлесі басым болған облыс орталықтары.

А. Жамбыл, Шымкент В. Қарағанды, Жезқазған С. Алматы, Талдықорған Д. Қызылорда, Атырау

10.1979 жылы құрылмақ болған неміс автономиялық облысының орталығы болып белгіленген қала.

А. Шыңғыстау В. Қарқаралы С. Ақмола Д. Ерейментау.

Ә) Тарихи сынақхат

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең… мерзімді қамтыды.

1970 ж… тұжырымдамасын қабылдады.

Қазақстан… партиясы… толық бағынышты болды.
Әлеуметтік жергілікті халықтың үлесі басым болған екі - ақ облыс -… болды.

Өндірістік мәні бар салаларда қол жеткен табыстар болса да, ғылым саласында… қатты бұрмаланды.
Б) Өткен таруға қорытынды:

(оқушылар төмендегідей қорытындыға келуі тиіс.) 1980 жылдардың ортасына таман КСРО

*Социалистік елдердің арасындағы беделі әлсіреген,

*Экономикалық даму қарқыны бәсең,

*Тұрғындарының әлеуметтік қамсыздандырылуы орташа,

*Ұлттық мәселе шиеленіскен, орыстандыру саясаты белең алған,

*Коммунистік партияның өктемдігі орнаған, әміршіл-әкімшіл басқару үстемдік еткен қоғам еді.

Видио ролик көрсету, арқылы жаңа сабаққа көшу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Бетбұрыс алдындағы қалыптасқан жағдай.

2. Желтоқсан оқиғасының себебі, сипаты.

3. Жаппай жазалау.

4. Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы.

1985 жылы КОКП басшылығына М.Горбачев бастаған жаңаша ойлап,жаңаша әрекет ететін топ келді.1985 жылы Наурыз пленумы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағытын қабылдады:

· экономикадағы тежеуші факторларды жою,

· ғылыми-техникалық прогресті жеделдету,

· адамдардың тұрмыс деңгейін көтеру,

· саяси салада демократиялық ұстанымдарды енгізу

· сайлау заңын өзгерту,халықтың саяси белсенділігін арттыру мәселелері алға қойылды

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК пленумы болды. Жиналысты Мәскеуден келген Г.Разумовский жүргізді. Пленум Д.Қонаевты орнынан алып Г.Колбинді Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысы етіп сайлады.Пленумның Республиканың бірінші басшысын ауыстыру туралы шешімі Желтоқсан оқиғаларының басталуына түрткі болды.

Д.А.Қонаев (1912-1993)

1960-1962, 1964-1986 жылдары Қазақсиан компартиясы ОК бірінші хатшысы, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері.Ол ел басқарған жылдарда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті:табиғи байлықтарды игеру артты, ауыр өнеркәсіп деңгейі өсті,зиялы қауым жаңа сапалық деңгейге көтерілді.

Г.В.Колбин (1927-1998)

Партия қайраткері.Ресейдің әр жерінде түрлі қызмет атқарған,1975-1983 жылдары Грузия компартиясы ОК екінші хатшысы, 1983-1986 жылдары Ульяновск облысының партия ұйымының басшысы. 1986-1989 жылдары Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысы.

17 желтоқан күні таңертеңнен бастап студенттер мен жұмысшы жастар Орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылықтарын білдіріп Брежнев алаңына жинала бастады.

Қойған негізгі талаптары:

· республиканың егемендігін сыйлау,

· ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз ету,

· жергілікті халық арасынан шыққан саяси қайраткерлерге кедергі жасамау,

· әр ұлтқа өз көсемі болсын.т.б.

Оқиғаның бұлай сипат алуы билік өкілдерін шошындырды. Елге тарамай тұрғанда митингіні таратуға тырысты. Әуелі елге танымал адамдарды жіберіп "ақыл" айтқызғаннан нәтиже шықпаған соң коммунистік басшылық үйреншікті әдісіне көшті. Алаңға Алматы гарнизонының, Ішкі істер министрлігіне қарасты Фрунзе, Ташкент, Челябнск, Уфа, Тибилиси, Свердловск қалаларының әскери бөлімдерінің әскерлерін, шекара училищесінің курсанттарын алдырып, шерушілерді қуып таратуға кірісті.

Шерушілерді қуып таратудың "Бұрқасын-86" деп аталатын арнайы жоспары жасақталған. Негізгі шабуыл 18 желтоқсан күні сағат 20 30-да басталған. Бейбіт шеруді басып-жаншуға кінәлі адамдарды ақтау үшін бұл оқиғаларды "маскүнемдер мен нашақарлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері" деп түсіндірді.

Жаппай жазалау

8500 адам ұсталып жазаланды 1720 адам жарақаттанды 1200 адам жұмыстан қуылды 99 адам сотталды,

Желтоқсан оқиғасына қатысқан

246 студент оқудан шығарылды 2 адам өлім жазасына кесілді 12 ЖОО ректоры орнынан түсірілді,

Желтоқсан оқиғаларының құрбандары:

Қайрат Рысқұлбеков (1966-1988)

Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті. Өлім жазасына кесілді.

Ләззат Асанова (1970-1986)

Алматы музыка училищесінің 1-курс студенті

Сәбира Мұхамеджанова (1970-1986)

Өскемен педагогика училищесінің 1-курс студенті

Ербол Сыпатаев (1964-1986)

Алматы энергетика институтының 2-курс студенті.

Видио ролик. (Сабақта М.Шахановтың «Желтоқсан желі» әнімен қосталған Желтоқсан оқиғаларын баяндайтын бейнероликті суреттер интерактивті тақтадан көрсетілді)

М.Шаханов. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы.

Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы

1.Қазақ топырағында ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі.

2. Кеңес елі әкімшілігінің саяси мәдениетінің төмендігін айқындады.

3.Кеңес Одағына еніп келе жатқан демократия үшін күрестің басы болды.

4. Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы оқиға болды.

5. Қазақстанның жас демократиясы тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды.

М.Шаханов

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы.

ІV. Бекіту

А) Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының себептері қандай?

2.Желтоқсан оқиғаларының басталуына түрткі болған оқиға.

3.Желтоқсан оқиғаларының сипаты қандай?

4.Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы неде?

Ә) Венн диаграммасы Дәптермен жұмыс

Ү. Үйге тапсырма:

1.Тақырыпты оқып келу.

2.Кесте толтыру. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы

Себеп, салдары

Өткен күндері

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қолданған жазалау шаралары

3. «Мен елімнің болашағымын!» эссе жазу.

VІ. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности