link1440 link1441 link1442 link1443 link1444 link1445 link1446 link1447 link1448 link1449 link1450 link1451 link1452 link1453 link1454 link1455 link1456 link1457 link1458 link1459 link1460 link1461 link1462 link1463 link1464 link1465 link1466 link1467 link1468 link1469 link1470 link1471 link1472 link1473 link1474 link1475 link1476 link1477 link1478 link1479 link1480 link1481 link1482 link1483 link1484 link1485 link1486 link1487 link1488 link1489 link1490 link1491 link1492 link1493 link1494 link1495 link1496 link1497 link1498 link1499 link1500 link1501 link1502 link1503 link1504 link1505 link1506 link1507 link1508 link1509 link1510 link1511 link1512 link1513 link1514 link1515 link1516 link1517 link1518 link1519 link1520 link1521 link1522 link1523 link1524 link1525 link1526 link1527 link1528 link1529 link1530 link1531 link1532 link1533 link1534 link1535 link1536 link1537 link1538 link1539 link1540 link1541 link1542 link1543 link1544 link1545 link1546 link1547 link1548 link1549 link1550 link1551 link1552 link1553 link1554 link1555 link1556 link1557 link1558 link1559
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

Год: 2013

Страна: Казахстан

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№70 Жанқожа батыр атындағы мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі

Сейтмамбетова Айткул

Тақырыбы:

Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға қазақтардың Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы туралы айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жүздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіндіру, адамдардың соғысқа көзқарасы, соғыстың салдары мен маңызы жөнінде толыққанды мәлімет беру;

Дамытушылығы: Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу машығын, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру, логикалық ойлау жүйесін дамыту, қосымша деректі материалдармен және тарихи терминдермен жұмыс жасай білуді үйрету;

Тәрбиелігі: Оқушыларды патриоттық, ержүректік, интернационалдық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба,суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп, класты түгелдеу

Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй жұмысын сұрау:

1)ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік — экономикалық және саяси жағдайындағы өзгерістер туралы оқушылар пікірі:

  • Шаруашылық салаларында ------------------------
  • Әлеуметтік дамуда -----------------------------------
  • Ішкі — сыртқы саудада ------------------------------
  • Саяси дамуда ------------------------------------------

2) Қазақстандағы хандық билікті жою үшін қабылданған Жарғылар қандай күрделі өзгерістер әкелді?

  1. 1822 жылғы — « Сібір қырғыздарының жарғысы » ( Орта жүздегі хандық билікті жою)
  2. 1824 жылғы — « Орынбор қырғыздарының жарғысы » ( Кіші жүздегі хандық билікті жою)
  3. Принципы организации движения и управления на транспорте https://resourcetrans.ru.

Жаңа тақырыпты меңгерту жоспары:

1. Орынбор және Орал шептерінде қазақтардың жағдайы.

2. Қазақтардың Отан соғысына қатысуы.

3. Оның тарихи маңызы.

Оқушыларға алғашынды 1800-1812 ж. аралығындағы кезеңде Қазақстанда болған оқиғалар жөнінде айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі шекаралас аудандардағы қазақ-орыс қатынастарын, сауданың дамығанын, қазақтар мен орыстар арасында «тамырлық» байланыстар орнағанын, жайылымдық жерлердің таралуы мен жұт жылдары Кіші жүз қазақтарының жағдайларының нашарлағаны жөнінде әңгімелеу. Патша үкіметінің қазақтарды шекараның ішкі бөліктеріне көшіруі жөнінде айту.

1812 жылы шілденің 6-сы күні Ресей мемлекетіне соғыс қаупі төніп келе жатқандығы туралы I Александр (тақтада суреті) патшаның арнайы манифест - үндеуі қабылданды. Орынбор губернаторы Г.С. Волоконскийдің Ресей мен Франция (императоры Напалеон Бонопарт суреті) арасында соғыс басталғандығы туралы хабары ауылдарға 1812 жылғы қазан — қараша айларында жетті. Елтон тұз өндіру орны батыс майданға бір миллион пұт тұз жөнелтті.Тұз өндіруші қазақтар орыс әскерінің пайдасына 22000 сом ақша жинады. Қазақтар әскерді арзан да сапалы етпен, көлікпен, әскери аттармен, садақтармен, тағы да басқа соғысқа қажетті құралдармен қамтамасыз етуге ат салысты.

Қазақстанмен іргелес бір әкімшілік — аумақтық бөлігі Орынбор губерниясында құрылған әскери құрама:

Дүниежүзі тарихы мен орыс әдебиеті пәндерінен бұл тақырып оқушыларға жақсы таныс, сондықтан бұл сабақ ерліктің , Отанға деген сүйіспеншіліктің , халықтар достығының, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдаудың мысалдарына толы, ерлік сабағы ретінде өткізіледі.

1812 жылғы соғысқа қатысқан қазақ жауынгерлері туралы кесте:

Шайқасқа

қатысушының

аты-жөні

Қатысқан шайқастары

Жауынгерлердің

марапатталуы

1. Майлыбайұлы

2. Қ. Зындағұлұлы

3. С. Хамитұлы

4. Н. Жанжігітұлы

5. Ә.Байбатырұлы

6. М.Құлшоранұлы

7. Е. Азаматұлы

8. Б.Шуашбайұлы,

9. Ы.Әубәкірұлы

10. Я.Беляков

Бородино

Бородино

Вязьма

Глогау, Лейпциг,

Веймар, Ганау, Майндағы Франкфурт

Малаево Болото,

Левия

Рамоново

Лейпциг, Веймар, Ганау, Мезьере, Ла Ротьере

Күміс медалмен

Көгілдір ленталы медалмен

« Қасиетті Анна » ордені

« Георгий » ордені

Хорунжий (орыс атты әскеріндегі алғашқы офицерлік шен)

Қорытынды: Үйге алдын — ала оқушыларға, өз бетінше жұмыс жасау үшін, М.Ю.Лермонтовтың «Бородино» атты өлеңінің Абай аударған нұсқасын қарап келуге тапсырма беріледі. Оқушыларға төмендегідей бірнеше сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақты қорытындылау:

1.1812 жылғы соғыстың басталуы туралы хабар қазақтарға қай кезде жетті және бұл соғысты олар қалай қабылдады?

2.Қазақтар Отан соғысы кезінде орыстарға қандай көмек көрсетті?

3.Қазақтардың бұл соғысқа қатысуы екі халықтың достық қарым — қатынасының дамуына қалай әсер етті?

Үйге тапсырма: Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы. Тақырыпқа байланысты 20 сұрақтан тұратын тест құрастыру.

Скачать урок

Скачать файл: azatardy-1812-zhyly-reseyd-otan-soysyna-atysuy..doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности