link3402 link3403 link3404 link3405 link3406 link3407 link3408 link3409 link3410 link3411 link3412 link3413 link3414 link3415 link3416 link3417 link3418 link3419 link3420 link3421 link3422 link3423 link3424 link3425 link3426 link3427 link3428 link3429 link3430 link3431 link3432 link3433 link3434 link3435 link3436 link3437 link3438 link3439 link3440 link3441 link3442 link3443 link3444 link3445 link3446 link3447 link3448 link3449 link3450 link3451 link3452 link3453 link3454 link3455 link3456 link3457 link3458 link3459 link3460 link3461 link3462 link3463 link3464 link3465 link3466 link3467 link3468 link3469 link3470 link3471 link3472 link3473 link3474 link3475 link3476 link3477 link3478 link3479 link3480 link3481 link3482 link3483 link3484 link3485 link3486 link3487 link3488 link3489 link3490 link3491 link3492 link3493 link3494 link3495 link3496 link3497 link3498 link3499 link3500 link3501 link3502 link3503 link3504 link3505 link3506 link3507 link3508 link3509 link3510 link3511 link3512 link3513 link3514 link3515 link3516 link3517 link3518 link3519 link3520 link3521 link3522 link3523 link3524 link3525 link3526 link3527
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері

Год: 2013

Страна: Казахстан

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№70 Жанқожа батыр атындағы мектеп

География пәнінің мұғалімі

Нурмаханов Талант Токтасынович

Тақырыбы:

Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оңтүстік Америка материгінің өзендері мен көлдеріне сипаттама беріп, олардың өзіндік ерекшеліктерін айтып өту.

Дамытушылық: Атлас картадан материк өзендері мен көлдерін көрсете отырып, оқушылардың іскерлік қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Материк өзендері мен көлдерін айта келіп, олардың қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оқушыларға суды тиімді пайдалану керек екендігін түсіндіре отырып экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзі климаттық картасы.Слайд.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

ІІ Үй жұмысын тексеру: 1) Материк климатының қалыптасуына әсер ететін қандай факторлар. 2) Субэкваторлық климаттық белдеуде орналасқан Бразилия таулы қыратының шығыс бөлігіне жауын-шашын неліктен аз түседі? 3) Материкте қандай климаттық белдеулер бар? 4) Басым ылғал мөлшері материкке қандай мұхит арқылы келеді? 5) Патогония үстіртінде қандай климаттық жағдай қалыптасқан?

ІІІ Жаңа сабақ: Өзендері. Материктегі Анд тауы Атлант мұхиты мен Тынық мұхиты арасындағы басты суайрық жотасы болып табылады. Материктегі өзендер 3 алапқа Атлант мұхиты, Тынық мұхиты және ішкі алапқа жатады. Тынық мұхиты алабына жататын өзендер қысқа әрі суы мол өзендер. Анд тауының тауаралық үстітррі бөлігіндегі өзендер ішкі алапқа жатады.

Өзен атауы

Жалпы мәлімет

Амазонка

Парана

Ориноко

Жер шарындағы ең суы мол өзен. Амазонка өзені Анд тауынан басталып Атлант мұхитыны құяды. өзен ұзындығы — 6400 км, су жинау алабы 7 180 000 км2. Өзеннің 500 астам салалары бар, олар суның түсіне қарай «ақ өзен» (суда сазды жыныстар көп) және «қара өзен» (суда шіріген өсімдік қалдығы көп) деп аталады. Су шығыны 1 сек 220 000 м3 су ағып өтеді. Амазонка өзенінің ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км жетеді. Суының деңгейі наурыз-сәуір айында айырықша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысу әскрінен өзен суы 1,5-5 м дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км дейін кері ағады. Бұл құбылысты жергілікті үндістер «амазуну» деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан. Амазонка өзені тіршіліке бай. Өзеннің суы тынық бөлігінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м жететін виктория-регия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ірі балық ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып арапайма, және жыртқыш ұсақ пиранья балығы, электрлі су жылан, тұщы су дельфині-иния, кайман қолтырауындары тіршілік етеді.

Парана өзені Бразилия таулы қыратындағы Паранаиба және Риу-Гранди тауынан басталып Атлант мұхитына құяды. Ұзындығы бойынша Амазонкадан кейінгі өзен. Ұзындығы — 3480 км. Өзеннің су жинау алабы 2 663 000 км2. Өзен суы жауын-шашынмен қоректенетіндіктен көктем, жаз айларында су деңгейі көтеріледі. Парана өзенінің су шығыны 1 сек 17 500 м3 ағып өтеді. Өзен басталар жерде таулы үстірттерден бастау алатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесі қалыптасқан. Биік сарқырамалардың бірі Игуасу сарқырамасы 72 м, Урубупунга сарқырамасы 12 м. Өзен Бразилия, Парагвай, Аргентина жерінен ағып өтетіндіктен транзиттік маңызы бар. Парана өзенінің орташа тереңдігі 12 м, ең терең жері 48 м.

Ориноко өзені материктегі суы мол өзендердің қатарына жатады. Өзен Гвиана таулы үстіртіндегі Дельгада Чальбауд жотасынан бастау алып Оринико ойпаты арқылы ағып өтіп атлант мұхитына құяды. Оринико өзенінің ұзындығы — 2780 км. Өзеннің су жинау алабы 1 086 000 км2. Суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Су шығыны 1 сек 10 000 м3 ағып өтеді. Оринико өзенінің Чурун саласында дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель орналасқан. Өзенде амазонка дельфині мен ориноко крокадилі мекендейді. Ориноко өзені кеме жүзуге қолайлы.

Магдалена өзені Анд тауынан басталып Кариб теңізіне құяды. Өзен ұзындығы — 1550 км, су жинау алабы 260 000 км2 Өзен суы маусым бойынша өзгеріп тұрады. Суының ең көп мөлшері мамыр, тамыз айларында жауын-шашын есебінен артады. Су шығыны 1 сек 10 000 м3 ағып отеді. Магдалена өзенін Колумбия мемлекеті кеме жүзуге транзитік мақсатта пайдаланады. Өзеннің 880 км кеме жүзеді

Көлдері. Оңтүстік Америка материгінде көлдер көп емес. Материктегі ірі тектоникалық көл Титикака, осы көлдің оңтүстігінде Поопо, солтүстігінде Маракайбо көлі бар.

Көл атауы

Жалпы мәлімет

Титикака

Поопо

Маракайбо

Титикака көлі Анд тауындағы дүние жүзінде ең биікте орналасқан көл. Теңіз деңгейінен биіктігі - 3812 м. Титикака көлі тектоникалық көл және ағынды көлге жатады. Көлге ірілі ұсақты 300 жуық өзен құяды. Титикака көлінен Диагуадеро өзені ағып шығады. Көл суының температурасыжыл бойына бірқалыпты 100-120С шамасында. Суының орташа тұздылығы 10/00. Ауданы — 8300 км2, ұзындығы 230 км, ені 97 км. Көлдің орташа тереңдігі 140-480 м, ең терең жері 304 м.

Поопо көлі Анд тауында титикака көлінің оңтүстінінде орналасқан. Көл жаздың ыстық күндері су деңгейі бірнеше рет өзгеріп кеуіп кетеді. Поопо көлінің ауданы 1340 км2. Теңіз деңгейінен 3686 м биіктікте орналасқан. Көлдің орташа тереңдігі 3 м. Поопо көліне Титикака көлінен ағып шығатын Диагуадеро өзені құяды. Көлде қоқиқаздың бірнеше түрі тіршілік етеді.

Маракайбо көлі материктің солтүстігінде орналасқан мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көл. Ауданы бойынша материктегі ең үлкен көл. Ауданы — 13200 км2. көлдің орташа тереңдігі 250 м. Маракайбо көліне Кататумбо, Палмар, Анон өзендері құяды. Көлдің теңіз деңгейінен бейіктігі 0 м. Маракайбо көлінің табанынан қазіргі кездемұнай мен газ өндіріледі

IV. Жаңа сабақты бекіту. 1. Тынық мұхиты мен Атлант мұхиты арасындағы суайырық жотасы. А) Гвиан таулы қырыты С) Анд тауы В) Бразилия таулы қырыты Д) Патогония үстірті

2. Игуасу сарқырамасы қай өзенде. А) Парана өзені С) Ориноко өзені В) Амазонка өзені Д) Магдалена өзені

3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама. А) Игуасу С) Ниагара В) Виктория Д) Анхель

4. Титикака бұл…? А) Ең тұзды көл. С) Ең биікте орналасқан көл В) Ең терең көл. Д) Ең үлкен көл

5. Жер шарындағы алабы бойынша үлкен өзен А)Магдалена өзені. С) Амазонка өзені В) Ориноко өзені. Д) Парана озені

V. Бағалау. Үйге тапсырма 1. Кескін картаға материктегі ірі өзендер мен көлдерді түсіру.

Скачать урок

Скачать файл: ashy-saba-5555.doc
Посмотреть онлайн файл:


Комментарии пользователей /3/
  1. Жанар Дилдабековна
    Саба? жан-жа?ты ?амтыл?ан,Е?бегиніз жемісті болсын!
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности