link14872 link14873 link14874 link14875 link14876 link14877 link14878 link14879 link14880 link14881 link14882 link14883 link14884 link14885 link14886 link14887 link14888 link14889 link14890 link14891 link14892 link14893 link14894 link14895 link14896 link14897 link14898 link14899 link14900 link14901 link14902 link14903 link14904 link14905 link14906 link14907 link14908 link14909 link14910 link14911 link14912 link14913 link14914 link14915 link14916 link14917 link14918 link14919 link14920 link14921 link14922 link14923 link14924 link14925 link14926 link14927 link14928 link14929 link14930 link14931 link14932 link14933 link14934 link14935 link14936 link14937 link14938 link14939 link14940 link14941 link14942 link14943 link14944 link14945 link14946 link14947 link14948 link14949 link14950 link14951 link14952 link14953 link14954 link14955 link14956 link14957 link14958 link14959 link14960 link14961 link14962 link14963 link14964 link14965 link14966 link14967 link14968 link14969 link14970 link14971 link14972 link14973 link14974 link14975 link14976 link14977 link14978 link14979 link14980 link14981 link14982 link14983 link14984 link14985 link14986 link14987 link14988 link14989 link14990 link14991 link14992 link14993 link14994 link14995 link14996 link14997 link14998 link14999 link15000 link15001 link15002 link15003 link15004 link15005 link15006 link15007 link15008 link15009 link15010 link15011 link15012 link15013 link15014
Кайсаева Гулбакыт Айтмухамедовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
СПОРТШЫЛАР МЕН СПОРТ КОМАНДАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

СПОРТШЫЛАР МЕН СПОРТ КОМАНДАЛАРЫН

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

Кайсаева Гульбақыт Айтмухамедовна

Гуманитарлық колледждің

психология пәнінің оқытушысы

Жаттығу кезіндегі спортшылардың экстремалды жағдайға ұшырауы жүйке күйзелісіне себепкер болады. Сол себепті жарыс кезеңінде өзінің шеберлігін дәлелдеу үшін спортшы келесі әрекеттерді істеуі қажет:

1) Өзге адамдардың қысымына бағынбай, әртүрлі жағдайларда әрекет ету.

2) Қателіктер саны аз болу үшін, керекті жаттығулар мен іс-әрекеттерді жоғарғы дәрежедегі нақты дәлдікпен істеу.

3) Жарыс кезіндегі жағдайлар мен шешімдерді тез әрі дұрыс бағалау кезінде, кӛп ойланып толғанбау.

4) Өз бетінше жүйке жүйесінің ӛзгерісін бақылауда ұстау.

Мұндай нәтижеге тек дұрыс психологиялық дайындық арқылы қол жеткізуге болады. Осы тәсілмен спортшыларды дайындаудың мақсаты — олардың психикалық жағдайының жоғарғы дәрежеге жеткізуі осыған байланысты олар жарыстарда ӛзінің функционалдық және арнайы дайындығын жарыстарда толық түрде максималды мүмкіншілікке қол жеткізе алады. Көптеген жарыс алдындағы жарыстық факторға, теріс ықпал және келіспеушілік білдіретін функцияларға қарсы тұра білу, демек жарыс кезінде жоғарғы сенімділік кӛрсете біледі. Спортшылардың психологиялық дайындығы деп спортшының жоғарғы ұйымшылдық және басқармалық іске асыру процессі, оның потенциалдық мүмкіншіліктер нәтижесіне тең болар мүмкіндіктерін айтады. Сондықтан психологиялық дайындық жалпы системалы — спорттық жаттығулардың қосалқы бӛлігі болып табылады және оның физикалық, техникалық, тактикалық сияқты басқа түрлеріне тәуелді болып келеді. Физикалық тұрғыдан тӛмен дәрежеде жетілсе, оның психикалық регуляцияның жағымды әсеріне қарамастан, команда немесе спортшы жоғарғы кӛрсеткіш жетістіктерге жете алмайды. Мұндай жағдайда нәтижесі мүмкіндігіне тура келетін болады, демек жоғары емес.

Шартты түрде психологиялық қолдаудың үш түрі айқындалады:

- жалпы психологиялық дайындық;

- жарыстарға арнайы психологиялық дайындық;

- белгілі жарыста теріс ықпалға қарсы психологиялық кӛмек.

Жалпыланған түрінде ӛз алдында спортшының психологиялық адаптация арқылы жүктеме жасау. Ол екі түрмен жүзеге асады. Біріншісі, спортшының экстремалдық жағдайларда универсалды жағынан адамды техникалық жағдайларға үйретеді. Ӛз эмоцияларын бірқалыпты сақтау тәсілі, әсер етерліктей дәрежені іске қосу, назар аудару мен назарды ұстап тұру, еріктік және физикалық тырысудың қосылуы болып табылады. Екінші тәсіл ӛз алдында жарыстық қарбаластарға жағдайлардың ыңғайын келтіруді үйрету.Ол қарбалас сӛздік модель арқылы жүзеге асырылады. Соның арқасында спортшы негативтік жағдайларға қарсы тұра алуға ықпал жасайды.

Арнайы психологиялық дайындық спортшының жарыстық іскерлікке әсерлі дайындалуына бағытталған, ол басты жеке мәселелерді шешеді. Олар:

а) Спортшыға маңызы болар әлеуметтік құндылықтар.

б) Спортшыда психикалық «Ішкі тіректің» қалыптасуы.

в) Психологиялық кедергілерден асу, әсіресе белгілі қарсыласпен болатын жарыстарда.

г) Алда болар күресті психологиялық жобалау.

д) Жарыс алдындағы психологиялық істер жобасын дайындау.

Психологиялық қорғаныс тұлғаның тұрақтылық қалпын жүйеге келтіру жүйесін жөнге келтіруге,үрей сезімдерін тӛмендетуге, оның ұрыс пен байланыста болуына қарсы бағытталған. Бұл негізінде жеделтүрде психолого педагогикалық жағынан жаттықтырушының араласуы немесе спортшының негативікжағдайының ӛтемақысы болып табылады. Спортшының белгілі сайысқа жалпы психологиялық дайындығы, оның ӛз қатысуындағы мүмкіндіктерінен бастап, соңында қатысу финалымен аяқталады. Осы уақыт аралығын жүйелі түрде үш кезеңге бӛлген дұрыс:

1- кезең. Алда болатын жарыстар туралы алынған хабарламадан бастап, жеребе кестесін алуына дейін.

2- кезең. Жеребе нәтижелерімен танысқаннан бастап, жарыстың бірінші кезең басталуына дейін.

3- кезең. Жарыстың басталуының бірінші кезеңінен соңына дейін.

Психологиялық дайындықта белгілі қазіргі таңдағы психологтар әдіс-тәсілдерінің мазмұнын, мысалдарын кеңінен қолданады.

Оны тӛмендегі дәрежелеу анықтайды:

Психологиялық дайындықтың әдіс-тәсілдерін келесісін айқындау:

Қолдану мақсаты бойынша: іске қосушы, корригерлеуші, түзеуші, демалдырушы.

Мазмұны бойынша: психолого-педагогикалық (сендіруші, кӛбіне бағыттаушы) әсіресе психологиялық, түрлендіруші (сӛз және тұлға арқылы әсер ету), әлеуметтік ойын арқылы: психо- физиологиялық-ақпараттық, психо-фармакологиялық, тыныс алушы, жинақтаушы (қозғалысты тыныс алушылық).

Ықпал етуі бойынша: Интелектуалдық аймақты түзелеуге, эмоционалдық аймаққа әсер етуі тәсілі, ақылдылық аймаққа еш нәрсе етпеу.

Мекен-жайы бойынша: Жаттықтырушының психикалық жағдайына бағытталған күштер, командаға және спортшыларға басшылық ету.

Қолдану уақыты бойынша: Жарыс алдындағы ескертуші, жарыстық, жарыстан кейінгі ескерту.

Қолдану түріне байланысты: Ӛзінің ұстау (ауто әсер ету), гетерореттеу (ӛзге психолого- педагогикалық процесс иелерінің қатысуымен — жаттықтырушы, психологтар, дәрігерлер, уқалаушылар, педагогтардың әсері).

Жеке тұлғамен жұмыста спортшының жеке психологиялық қабілеттерін ескермесек, ешбір жаттығулар, оқу тәсілдері керекті нәтижеге жеткізбейді. Индивидуалдық дайындық кезіндегі шешетін белгілі мәселелер — адамның барлық потециалдық мүмкіншіліктерін қолдану, барлық жеке күшін сарп ету, адамның мінезін, психикалық жағдайда шешілетін мәселелердің мақсатын ескере отырып, қолдануға болатын тәсілдерді пайдалану. Тұлғалықтың дәрежесі, оқу-жаттығулықтың тәрбиелік жұмысының түрлері әр түрлі болады. Біріншіден, бәріне бірдей мүмкіншілігінше қисынын табу. Бұл жағдайда тұлғалыққа бӛлінудің мәнісі қажеті жоқ болады. Екіншіден, қол астындағылармен жұмысты олардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып істеу. Бұл жерде жеке тұлғамен жұмыс екені кӛрінеді. Үшіншіден, ұқсастығына байланысты мүмкіндігінше спортшыларды топтарға бӛлуге болады. Жеке тұлғалық оқу, спортшыларды әртүрлі мәселелерге бағыттап жұмыс істету — назар аударуға тұрарлық. Осындай шешімді пайдаланып, спортшының жеке қабілеттерін еске сақтау керек. Әрі практикалық нұсқауларды арнайы психологиялық әдебиеттерден іздеп тапса болады, кеңесті психолог- маманнан алуға болады. Тұлғалық ыңғаймен қатар, дифференциялық ыңғай туралы айтсақ болады. Бұл жерден спортшылардың істейтін арнайы жұмыстарын, олардың айырмашылықтары мен жалпы түсінігін ескереді: жынысы бойынша, білімі, тәжірибиесі бойынша. Бұл тұлғалықтан бұрын пайда болды. Дифференциалдық ыңғай онша зерттелмеген. Дифференциалдық ыңғай туралы жалпы мәліметтер кӛп. Жыныстық айырмашылық: кеңінен жайылған мәліме; ер адамдар әйел адамына қарағанда спортқа жақын, спорттық күреске икемді, бәсекелестік рухы жоғары, алдына қойған мақсатқа жете біледі, күйзеліске тұрақты, кӛңіліне алмайды және тӛзімді, ұрыс-жанжалға жақын емес, бәрін бірдей тыңдай бермейді. Әйелдерде спорттық байланысты бірсыпыра жақсы мінездеме болады. Олар: зергерлік нақтылық істерді жоғары нәтижеге кӛрсетеді. Бірқатар бірқалыпты, жолықтырар жұмысты атқарады, тәртіпті

болады, бірақ олар қиын мінезді келеді, ұрыс жанжалға жақын келеді ӛздеріне жаттықтырушының кӛп назар аударғанын қалайды. Жастық айырмашылық: спортта жоғары мәртебелі дәрежеге қазіргі кезде кӛп спортшылар жас шағында (16-18жас) жетеді, бірақ бұл жаста адам әлі тұлға ретінде толық қалыптасқан жоқ; оның сезімі қалыптаспаған, пікірі тұрақты емес, кӛзқарасы, қарым - қатынасы және т.б Қазіргі жастар жоғарғы дәрежелерге ерте қол жеткізуде. Бұл дамушы ағзаның психикалық қорының бар екенін айтады. Әдетте спортта және жарыстарда олар қауіптің және әлеуметтік жауапкершіліктің кӛрсетілген нәтижеге теріс әсер ететінін жӛндеп біле бермейді. Осыдан қандай да бір дәрежеде қатты психологиялық күйзелісті сезбейді. Әдетте жас спортшылар толықтай ӛз жаттықтырушысына сенеді. Сондықтан жаттықтырушының дәлелі мен дайындық тәсілдері, тиянақты ойластырушы болуы керек. Әрине жас спортшы ӛзінің дайындығына аз ғана ӛзгеріс енгізе алады. Осы ерекшеліктерді назарға ала отырып, жастар командасына авторитарлық басшылық стилін қолданған дұрыс. Спорттық тәжірибе. Тәжірибесі мол спортшылар, командаға жаңадан келген спортшыларға кӛбірек мӛлшерде қарауды қажет етеді. Олардың әлеуметтік қорғанысы аз. Олар ӛздеріне айтылған нұсқаулар мен ескертпелерді ауыр қабылдайды. Осыған байланысты осындай спортшыларды жаттықтыру кезіндегі жаттықтырушының басты мәселесі - спортшыларда ӛзін-ӛзі жоғары бағалау сезімін қалыптастыру. Оны қолдау арқылы, тәжірибелі спортшылардың тәжірибесіздерге дұрыс қарауы арқылы әлеуметтік қорған болады.

Психологиялық даму: жүйке жүйесіне тән қасиеттердің білінуі, темперамент, психологиялық қасиеттер.

Жаттығу кезіндегі қарым - қатынас пен тәртіп: абайлау, тәртіпшілдік, жинақтылық, еңбекқорлық, белсенділік, жақсы кӛңіл-күй, ұнайтын және ұнамайтын жаттығулар, тапсырмалар, әртүрлі жағдайлар, жиі сапарға кӛзқарасы, керекті заттардың ауысуына, жаттықтырушының кӛмегі мен сӛздеріне кӛзқарасы. Жарыс кезіндегі қарым-қатынас пен тәлім тәрбие: кәдімгі старт алдындағы жағдай, жарыс кезеңіндегі түс, спорттық күрес кезіндегі жүйкенің таусылуы, басында және жауапты сәтінде, әсіресе жаттығу кезінде жарыс кезеңіндегі психикалық жағдайдың жақсы жаққа ӛзгеруі, спорт тӛрағасына деген кӛзқарас, әсіресе кеңес берерде.

1. Адамбеков Қ.І. Балалар мен жасӛспірімдердің дене қасиеттерін тәрбиелеу және оның тиімділігін бағалау. — Алматы, 1993.

2. Ақпаев А.Т. Спортшылар мен спарт командасының психологиялық дайындықтар негізі - Алматы, 2003.

3. Ақпаев А.Т. Дене шынықтыру дайындығының негіздері - Алматы, 2002.

4. Алексеев А.В. Ключи к резервам психики.- Краснодар, 1995.Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г.

5. Мапкин В.Р. Управление психологической подготовкой в спорте. - Екатеринбург, 2001.

6. Психология ФКиС / Под ред. Родионова А.В. — М., 2007.Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. Қ.І. Адамбеков - п.ғыл.д., профессор,К.Д. Ахинжанов — биол.ғыл.к., психология доценті,С.А. Солтекова - психология магистрі

7. Родионов А.В. Практическая психология ФКиС. — Махачкала, 2002.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности