link7560 link7561 link7562 link7563 link7564 link7565 link7566 link7567 link7568 link7569 link7570 link7571 link7572 link7573 link7574 link7575 link7576 link7577 link7578 link7579 link7580 link7581 link7582 link7583 link7584 link7585 link7586 link7587 link7588 link7589 link7590 link7591 link7592 link7593 link7594 link7595 link7596 link7597 link7598 link7599 link7600 link7601 link7602 link7603 link7604 link7605 link7606 link7607 link7608 link7609 link7610 link7611 link7612 link7613 link7614 link7615 link7616 link7617 link7618 link7619 link7620 link7621 link7622 link7623 link7624 link7625 link7626 link7627 link7628 link7629 link7630 link7631 link7632 link7633 link7634 link7635 link7636 link7637 link7638 link7639 link7640 link7641 link7642 link7643 link7644 link7645 link7646 link7647 link7648 link7649 link7650 link7651 link7652 link7653 link7654 link7655 link7656 link7657 link7658 link7659 link7660 link7661 link7662 link7663 link7664 link7665 link7666 link7667 link7668 link7669 link7670 link7671 link7672 link7673 link7674 link7675 link7676 link7677 link7678 link7679
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Сыныптан тыс оқу. «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»

Год: 2013

Страна: Казахстан

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы №70 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сәдуахас Райхан Әбдімұратқызы

10-сынып. Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы :

Сыныптан тыс оқу. «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»

Сабақтың мақсаты:

а) М.Мақатаев шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер беру арқылы оқушының теориялық білімін толықтыру;

ә) Оқушылардың өлең тақырыбы мен идеясын талдау

машығын жетілдіру;

б) Оқушыларды өмірді сүюге, поэзияны сүюге баулу.

Сбақтың түрі: поэзия сабағы

Сабақтың әдісі: өз бетінше ізденіс, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын жабдықтар:

Интерактивті тақта, интернеттен алынған материалдар жинақталған ықшам дискі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Интерактивті тақта экранынан төмендегі өлең жолдары шығады:

Өзіңсіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,

Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.

Сен мықты, анау осал, мен орташа-

Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,

Шайқаңыз осы өмірді жүріп мейлі.

Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс.

Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді.

(Оқушыларға осы өлең жолдарындағы ойды, идеяны талдату)

2. Мұқағали Мақатаев туралы деректер мен мәліметтерді интерактивті тақта арқылы мұғалім оқушыларға түсіндіреді.

Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы 1931жылдың 9 ақпаны күні Алматының Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның отбасында өзінен кейін үш інісі болған. Әкесі соғыста қайтыс болғандықтан, ол анасы мен әжесінің тәрбиесінде болады.(Өмір деректері туралы толығырақ мәліметтер беріледі.)

Қызмет еткен жерлері:

H PLC: испытательные лаборатории. Испытательные лаборатории по ГОСТ.

  • М.Мақатаев — ХХғ.ІІ жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын.
  • ҚазМУ-нің филология факультетінде оқыған;
  • Карл Маркс атындағы кеңшарда ауылдық кеңес хатшысы қызметін атқарған;
  • Қарасазда бастауыш мектептің орыс тілі мұғалімі болып жұмыс жасаған;
  • Қазақ радиосында диктор болып еңбек еткен;
  • «Советтік Шекара» («Хан-тәңірі») газетінде жауапты хатшы;
  • «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Жұлдыз» газет- журналдарында әдеби қызметкер;
  • 1970жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды;
  • 1973-1974жж. Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.

Жыр жинақтары: «Қарлығашым, келдің бе?»,«Дариға жүрек»,«Аққулар ұйықтағанда»

«Шуағым менің»,«Соғады жүрек»,«Шолпан»,«Жырлайды жүрек»,«Өмір - өзен»,«Аманат»

Прозалық шығармасы: «Қош, махаббат»

Поэмалары: «Аққулар ұйықтағанда»,«Мавр»,«Райымбек»,«Жер үстінен ретортаж»,«Қашқын»

Мұғалім: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағалидың қалдырған өшпес мұрасы қараңғы түн қойнауынан жарық жұлдыздың құпия сәулесін шашқаны сияқты жарқырайды. Мұқағалидай перзенті бар халық — шынымен бақытты халық.

Мұқағали — лирик ақын. Ол адам жанының, табиғат жүрегінің жыршысы. Ол өзі өскен өлкесін жыр құдіретіне бөледі Енді кезекті туған жер тықырыбындағы өлеңдеріне берейік.

«Қарасаз». (Оқушы жатқа оқиды)

«Отан туралы». (Оқушы жатқа оқиды)

Мұғалім:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе,

неге іздедім?-

дейтін Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ. Ол өлең боп өмір сүрді де, өлең болып жатып үзіліп кетті.

«Поэзия, менімен егіз бе едің». (Оқушы жатқа оқиды)

«Қара өлең». (Оқушы жатқа оқиды)

Мұғалім:

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер — тұрманы,-

деп өзінің жырларының болашағын дөп басып, дәл болжап айтқан Мұқағалимен дәм — тұздас болған адамдардың естеліктеріне кезек берейік.

1. Нариман Батанқызы (анасы). (Оқушы жатқа оқиды)

Қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын,ардақты ақыны атанарын,құдай ақы,туған шешесі мен де,өмірлік жары да,туған бауырлары да білгеміз жоқ.Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар…Енді қарап отырсам,тыңдап отырсам,Мұқағалиымды аспанға көтеріп,өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген таланты,өлеңінің қуаты шығар.Бұған да тәубе.Өзі тіршілігінде көрмеген құрмет пен қошаметті артында қалған біз-отбасы,жары мен балалары,бауырлары болып көріп жатырмыз.Қайсыбірін айтайын.Алатаудай айбарлымды ойласам,өзегім от болып жанады…

2.Лашын Әзімжанова (зайыбы). (Оқушы жатқа оқиды)

Ол халқын қалай сүйсе,халық та оны солай сүйді.Оған жырларына жазылып жатқан белгілі композиторлардың да,әуесқой композиторлардың да әсем әндері,қолына қалам алған ақындардың арнау өлеңдері,суретшілердің жасап жатқан бірінен-бірі өтетін Мұқағали портреттері,тағы басқа да дүниелері бәрі-бәрі куә.Олардың қай-қайсысы да халық сүйіспеншілігінің белгісі болса керек.Лауреаттықты „жоғарғы топ," мықты ағалары қимаса да,ел-жұрты ыстық ықыласына бөлеп,әлдеқашан шын бағасын,зор құрметін беріп те қойған.Мұқаң халқына піріндей сенді.

3. Фариза Оңғарсынова (әріптесі). (Оқушы жатқа оқиды)

Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.

Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып,дөп басып,тани алмасақ,бұл-өнердегі заңдылық.

Ол-әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес,жақындаған сайын алыстап,жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп жүрек лүпілімен сезім құдіретінен құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі.

Поэзияның әрі таймас сұлулығы да,барған сайын ынтызарыңды құрта түсетін құдіреті де осы болуы керек.

4.Нұрғиса Тілендиев (сазгер). (Оқушы жатқа оқиды)

1975 жылдың күзі.Ол кезде Мұқағали еш жерде жұмыс істемей,үйде шығарма жазып жатқан.Неге екенін қайдам,інімді арнайы іздедім.

Ақыры таптым.Екеуара кең-мол әңгімелескен соң мен оған аға ретінде қолқа салдым:

-Мұқаш батыр!Мен сенің өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсініп, енді ғана танығандаймын.Әр сөзің халыққа жақын әрі ұғынықты,қарапайым.Ендеше неге өз халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың.

Мен бұрын-соңды әннің сөзін жазған ақын емес едім,аға…Осының өзі қалай болар екен…

Ол әжептәуір ойланып қалды.Мен қайталап қолқа салдым.Бұл жолы қарсылық көрсеткен жоқ.Тек ауыр күрсінді.Сонда не ойлады екен?

Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем берем Жетісуға,"Сөнбейді,әже,шырағың,"

„Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс,болмасын,"„Кел еркем,Алатауыма,"

„Домбыра-досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.

5. Әбдіке Асанов (сыныптасы). (Оқушы жатқа оқиды) (Мұқағали мұражай үйінің директоры Ә.Асанов Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы туралы әңгімелеген)

Мұғалім: Ақын өлеңдерінің бірсыпырасы адам жанының түкпіріндегі асыл сезімді суреттеуге арналған.

«Пай, пай, өмір». (Оқушы жатқа оқиды)

«Жазылар естеліктер мен туралы». (Оқушы жатқа оқиды)

«Бақыт деген». (Оқушы жатқа оқиды)

«Халыққа хат». (Оқушы жатқа оқиды)

«Лашынға». (Оқушы жатқа оқиды)

«Арыз жазып кетейін». (Оқушы жатқа оқиды)

Мұғалім: ақын өмірінің соңында ауырып, ауруханада көп жатады. Сол кезде ол күнделікті жанына серік етіп, сонымен сырласады.

17 ақпан, 1976жыл.

… Мен бір нәрсеге — поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне — кәміл сенемін. Адамзат жаны қатігез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол — ақын.

Тағы бір күнделегінен үзінді (Оқушы жатқа оқиды)

Мұнан соң компьютерден Мұқағали ақынның өзі оқыған өлеңдерін оның сөзіне жазылған әндері тыңдатылады.

Қорытынды:

Мұқағали — мәңгілік ғұмыр. Өйткені оның жырлары ұрпақтан — ұрпаққа мәңгі жасайды.

Үйге: М.Мақатаев шығармашылығы «Мен сүйетін Мұқағали» (эссе жазу)

Скачать урок

Скачать файл: saduahas-rayhan.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности