link4230 link4231 link4232 link4233 link4234 link4235 link4236 link4237 link4238 link4239 link4240 link4241 link4242 link4243 link4244 link4245 link4246 link4247 link4248 link4249 link4250 link4251 link4252 link4253 link4254 link4255 link4256 link4257 link4258 link4259 link4260 link4261 link4262 link4263 link4264 link4265 link4266 link4267 link4268 link4269 link4270 link4271 link4272 link4273 link4274 link4275 link4276 link4277 link4278 link4279 link4280 link4281 link4282 link4283 link4284 link4285 link4286 link4287 link4288 link4289 link4290 link4291 link4292 link4293 link4294 link4295 link4296 link4297 link4298 link4299 link4300 link4301 link4302 link4303 link4304 link4305 link4306 link4307 link4308 link4309 link4310 link4311 link4312 link4313 link4314 link4315 link4316 link4317 link4318 link4319 link4320 link4321 link4322 link4323 link4324 link4325 link4326 link4327 link4328 link4329 link4330 link4331 link4332 link4333 link4334 link4335 link4336 link4337 link4338 link4339 link4340 link4341 link4342 link4343 link4344 link4345 link4346 link4347 link4348 link4349 link4350 link4351 link4352 link4353 link4354 link4355 link4356 link4357 link4358 link4359 link4360 link4361 link4362 link4363 link4364 link4365 link4366 link4367 link4368 link4369 link4370
Сарсенбаева Жайна Жұмақожақызы
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Бұркіт Ысқақов «Отан»

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Б. Ысқақов «Отан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Отан» өлеңімен таныстыра отырып, «Тәуелсіздік күні» туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелігі: Отанын сүюге, өз Отанының патриоты болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Жылулық шеңбері. «Сиқырлы таяқша»
Топқа бөлу.
І топ - Астана қаласынан келген қонақтар.
ІІ топ - Алматы қаласынан келген қонақтар.
ІІІ топ — Атырау қаласынан келген қонақтар.
- Балалар біз қандай оқулықты аяқтап жатырмыз? (Әліппе)
- Сендер әріптердің бәрімен таныс болдыңдар. Ендеше өткен сабағымызды қайталап, «Ойлан тап?» ойынын ойнайық. Әр топқа сұрақтар қоямын, тез ойланып жауап беріңіздер.

Ойын «Ойлан тап?»
І топ - Дыбыстар нешеге бөлінеді?
ІІ топ - Дауысты дыбыстарды атаңдар?
ІІІ топ - Дауыссыз дыбыстарды атаңдар?

Ойын «Кім тапқыр?»
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде.
- Дұрыс айтасыңдар. Яғни, біздің мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі.
- Біз қай мемлекетте тұрамыз, біздің еліміз қалай аталады?
- Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл болады? Айтулы күніміз де жақындап қалды.
- Тәуелсіздік күнін қашан, қай айда тойлаймыз?
- Біздің еліміздің президенті кім?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Мәриям Хакімжанова “Отан”
Сұрақ - жауап.
- Отан дегеніміз не екен?
- Отан дегеніміз — жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз. Отан бізге қуат, нәр береді екен. Нәрді біз қайдан аламыз? Жерден аламыз.
Нәр татпады, нәр ішпеді деген тіркес бар. Бұл жерде «нәр» деген сөз - тамақ, ас, қорек дегенді білдіреді.
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Астана қаласында қандай ғимараттар бар?
- Бәйтерек.
Бәйтерек Отанымыздың символы. Олай болса мәуелі Бәйтерекке ақын апамыз жырлағандай «Отан» дегеніміз не екен қане топтастырайық.
Отан — жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі жаңа сабағымызда Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңімен танысамыз. Отанына жыр арнамаған, өлең жазбаған ақын жоқ. Суретші суретпен жеткізсе, сазгер әуенмен, әнші әнімен жеткізеді. Ендеше өткен сабағымызда, бүгінгі сабағымызда ақын апамыз бен ағамыз «Отан» туралы жырлаған екен. Мәриям Хакімжанова Отанды жерімен, суы арқылы нәр алатындығы туралы айтса, Бүркіт Ысқақов Өлеңді қалай суреттеген екен. Қазір мен сіздерге өлеңді оқып беремін. Барлығымыз тыңдайық.
Балалар өлеңнің әр бөлігін шумақ дейміз. Шумақ - өлеңнің әр тақтасы аяқталған синтаксистік ой. Шумақтың әр жолын тармақ дейміз.
Өлеңді талдау.
1 - шумақта Отан деген ұғымға алдымен отбасың, ата - анаң, дос, бауырың, туған жерің, тұратын мекенің кіреді.
2 - шумақта Отан деген ұғымға — қазақ халқы, өлеңі, жыры, өткен тарихы кіреді екен.
Ал 3 - шумақта осының бәрін, Отанды сүюге шақырады.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді әр топқа оқыту.

Ү. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс: талдау жасау.
Қуат - күш, әл.
Нәр — қорек, ас
Ұран — үндеу, шақыру.
Өлке — аудан, ауыл.

Сергіту сәті:
Туған жер — қамқор анамыз,
Біз болашақ панамыз.
Шаттық берген өмірде,
Шамшырақтай жанамыз.
«Жалғасын тап»
Балалар мен сендерге «Отан» деген сөзі жазылған парақшалар берем, сендер әрі қарай» Отан» дегенді қалай түсіндіңдер соны жазып толықтыруларың керек.

ҮІ. Қорытынды.
Сонымен балалар бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныс болдыңдар?
Бүркіт Ысқақов өлеңді қалай сипаттаған екен сол бойынша топтастыру жұмысын жасайық.
Отан - өлең, ата — ана, ауыл, ел, аудан
Бағалау:
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, түсініп оқу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности