link13104 link13105 link13106 link13107 link13108 link13109 link13110 link13111 link13112 link13113 link13114 link13115 link13116 link13117 link13118 link13119 link13120 link13121 link13122 link13123 link13124 link13125 link13126 link13127 link13128 link13129 link13130 link13131 link13132 link13133 link13134 link13135 link13136 link13137 link13138 link13139 link13140 link13141 link13142 link13143 link13144 link13145 link13146 link13147 link13148 link13149 link13150 link13151 link13152 link13153 link13154 link13155 link13156 link13157 link13158 link13159 link13160 link13161 link13162 link13163 link13164 link13165 link13166 link13167 link13168 link13169 link13170 link13171 link13172 link13173 link13174 link13175 link13176 link13177 link13178 link13179 link13180 link13181 link13182 link13183 link13184 link13185 link13186 link13187 link13188 link13189 link13190 link13191 link13192 link13193 link13194 link13195 link13196 link13197 link13198 link13199 link13200 link13201 link13202 link13203 link13204 link13205 link13206 link13207 link13208 link13209 link13210 link13211 link13212 link13213 link13214 link13215 link13216 link13217 link13218 link13219 link13220 link13221 link13222 link13223 link13224 link13225 link13226 link13227 link13228 link13229
Саламатова Гулдана Каирболатовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казакстан
Регион:не указан
"Менің қолымнан бәрі де келеді" мүмкіндігі шектеулі баларға арналғантренинг

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы,

Мұратсай ауылы, А.Құсайынов атындағы орта

жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының

мектеп психологі Саламатова Гүлдана Қайырболатқызы

Тренинг тақырыбы: «Менің қолымнан бәрі де келеді» (мүмкіндігі шектеулі

балаларға арналған тренинг)

Тренинг мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бірі –бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру.Жан- жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйрету;

Психолог сөзі: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Көңіл- күйлеріңіз қалай?

Шаршап отырган жоқсыздар ма? Қазір сіздерге әртүрлі ойындар жүргіземін.

Қалай ойнағыларың келе ме?

І жаттығу: «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Уақыты: 10 минут

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы

бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды.

Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына

қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға

батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс

қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңнің арқасын

саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан,

саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық

саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.

ІІ жаттығу.«Жұмсақ» ойын (жұмсақ ойыншықтар арқылы баланың немесе

тұлғаның сол ойыншықты өзіне ыңғайлы түрде қолданып. Қандай сезімде

болғандығын жеткізіп айту).

ІІІ жаттығу.«Сенемін-сенбеймін» ойыны

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.

Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады:

- Піл ұшу біледі;

- Құстар апанда ұйықтайды;

- Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.

Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.

ІV жаттығу. «Менің — қабілетім, еңбегім»

(оқушылардың қолына әртүрлі ермексаз, түрлі –түсті қағаздар, бояу, жұмсақ

маталар т.б. қолдан жасайтын құралдар беріледі. Әр оқушы өзінің қолынан не келетінін, не істей алатынын көрсету).

V.Жаттығу. Релаксация.

Уақыты: ( 5-мин. ).

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл — күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру,дене бұлшық еттерінің шаршағандығын басу.

-Ал, қазір сәл бой жазып алайық, ол қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты,мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады. Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз,

көздеріңіздіжұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл

алаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар… Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті … Оның шуақтары сіздің басыңызды жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың бәрі ериді, оның бәрі тазартылған жарықпен толтырылады.Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ ел тез қуады, ол сіздің денеңізді тастап кетеді.

Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.

Талдау: Қалай тренинг ұнадыма?

Қандай әсер алдыныз?

Әр қайсысы өз ойын білдіреді.

Қорытынды:

Психолог сөзі: -Оқушылар, бүгінгі ойынымыз ұнады ма?-Жарайсыңдар, ойынның жақсы болуы сендердің арқаларыңда екендіктерін ұмытпаңдар.Әрдайым көңілдерін бүгінгідей шуаққа толы болсын!

(Оқушылардың көңіл — күйлерімен бөлісіп, жасаған жұмыстарын талдап, ойларымен бөлісіп,еңбектерінен көрме жасақтау).

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности