Қазақстан,Ақтөбе облысы,Ақтөбе қаласы
№34 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сағынтаева Ғалия Сағынтайқызы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімдік. Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: залды әшекейлеп «Білімнің керіп желкенін
Келеді өсіп ертеңім»
«XXI ғасыр көшбасшысы»
Зерделілер — бізде қонақта сөздері ілінеді. Түрлі суретті плакаттар, модель, сөзжұмбақ, эмблема, сигналды белгілер, қазылар алқасының столының көркемделуі т.б.
Сабақтың түрі: ойын сабағы жарыс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ДЖИКСО (ұжымдық оқыту әдісі), дебат әдісі, топпен жұмыс, ой-қозғау әдісі, ой толғаныс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
I жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тәуелсіздік тірегі — білім!» Қай мемлекеттің де негізгі тірегі — асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар.
Менің сыныптастарым ертеңгі күннің білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлері, инженерлері, банкирлері және өнер қайраткерлері, мұғалімдері мен дәрігерлері, зауыттар мен биржалардың иелері болады деп сенім білдіремін.
Қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар, біздер болмақпыз!
II жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Зерделілер» атты интелектуалды шоу бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын сабағы сайыс түрінде өтетін болғандықтан, сіздерді қазылар алқасымен таныстырып өтеміз. (таныстыру)
II жүргізуші: Бүгінгі интелектуалды шоу бағдарлама 10 кезеңнен тұрады.
3 топ жұмыс жасайды. Олар: ойшылар, тапқырлар, зерделілер.
Ойшылар тобының басшысы:
Тапқырлар тобының басшысы:
Зерделілер тобының басшысы:
II жүргізуші: Құрметті ойынға қатысушы оқушылар! Сіздер бүгінгі сайыс барысында өздерінің білімдеріңді одан әрі шыңдап, тапқырлық пен шеберлік көрсетеді деген сенімдеміз.
Ж: бір, екі
О: үш, төрт
Ж: үш, төрт
О: бір, екі
Ж: жарайсындар
О: Біз сұлумыз, балдаймыз,
Зерделіні таңдаймыз
Біз балдаймыз, балдаймыз
Көп білуді таңдаймыз.
Ж: Сәт сапар, сіздерге!
«Тұлпар шабысы»
I жүргізуші: Көшпенділер үшін күн көріс тәсілі мал болған. Малдың ішінде ең қасиеттісі жылқы болған. Тұлпар — көшпелілер тіршілік көзінің негізгі құралы. Тұлпардың еті мен сүті емге шипа болса, терісінен киім тіккен. Ал қылынан әуендік аспаптарға шек жасаған. Қазақ ұғымындағы көп түніктер жылқы малына байланысты айтылу дәстүрге айналған. Мысалы, «Ат жалын тартып мінді», «Аты озып тұр» дегені адамзаттың қоғамдағы әлеуметтік жағдайының жақсарғанын көрсетеді. Кейде: «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп ескертіп, терең философиялық ой тастайды.
II жүргізуші: Ертеден-ақ әлемге қазақ ұлтының еркіндігінің, шапшандығының символы мынадай қызмет атқарған: 1.Ертеден ата-бабамыз сыйынған желдей жүйрік, күштің символы. 2.Екі аяғы көшкен екі ел қарасын білдіретін кеіестік, шабыс екпіні селдей судың символы. 3.Ер қанаты аспан, космос, болмыс символы.
I жүргізуші: Байқап отырсақ, қазақ дүниетанымында тұлпар бейнесі күні бүгінге дейін өз қасиетін жоғалтқан жоқ. Гербте жәй ғана ат емес, қанатты мүйіздері бар тұлпар бейнеленген. Ол — күш жігерлі, берекелі мемлекет құрудың символы. Сонымен қатар әлемдік өркениеттік қатынастар аймағына белсенді араласу және жаңа жетістіктерге жетуді көздеген.
II жүргізуші: Сонымен тұлпардың шабысына кім ілігер екен?
Шарты: оқылған сұрақтарға қысқа, шапшаң, нақты жауап берулеріңіз керек.
1 — сұрақ. Заң шығаратын орган? (Парламент)
2 — сұрақ. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары?
(Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3 — сұрақ. Ат — адамның сенімді … және … (досы, қолғанаты)
4 — сұрақ. Жолбарыс баласын не деп атайды? (сармақ)
5 — сұрақ. Қазақстан неше мемлекетпен шекаралас? (5)
6 — сұрақ. Зебра денесінде жолақ бүргелердің жүретіні рас па? (жоқ)
7 — сұрақ. Лексика нені зерттейді? (сөз байлығын)
8 — сұрақ. Сұйықтан бетінде болатын булану құбылысы? (кебу)
9 — сұрақ. Ұзақ қашықтықты немен өлшейді? (км)
10 — сұрақ. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)
11 — сұрақ. Жер шарындағы ең көп таралған дін? (христиан)
12 — сұрақ. – Жөнімді өзім білем,- деп,-
Сусыз-ақ өмір сүрем,-деп,-
Құрлықты балық мақсапты,
Теңізін туған даттапты.
Қай өлең жолдары (Тәкаппар)
13 — сұрақ. «Үлгілі бала» деген оқу кітабының авторы? (Спандиар Көбеев)
14 — сұрақ. Ахмет Байтұрсынов кім? (көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері).
15 — сұрақ. Халыққа қайта оралған ақындар? (Шәкәрім, Мағжан, Ахмет,
Міржақып)
2 сайыс. «Көкпар тарту»
I жүргізуші: Түркі халқы сиынатын жануарларының бірі аққу, бұғы, көкбөрі болған. Мысалы, көшпелілер Ата тек тотемі көкбөрі сол заманда жауынгерлер жалауында рәміздік белгі ретінде бейнеленген. Бөрі басты тотемдік байрақ ұстаған сарбаздар бейнесі жартас гравюларында осы күнге дейін сақталған.
II жүргізуші: академик Ә.Марғұлан «Түрік қағанатын бірінші болып басқарған ғұн ұрпағы жеке өзінің ерекшелігін білу үшін ордасының қақпасына бөрі басты сурет салынған ту байлатып қойған» дейді. Бөрінің құрметіне түркі тайпаларында ат жарыстары өткізілген. Оның дәстүрлі жалғасы қазақтарда «көк бөрі» ойыны деп аталып, бертін келе ол «көкпар» деген атпен аталды.
II жүргізуші: Ендеше, келесі кезекте «көкпар тарту».
Мақалды аяқтау.
Таңбасыз (ел болмайды)
(Балықшы көлін мақтайды)
4.Екпей егін шықпас,
(Үйренбей білім жұқпас)
5.Оқу білім бұлағы,
(Білім өмір шырағы)
6.Оқусыз білім жоқ
(Білімсіз күнін жоқ)
7.Батыр туса — ел ырысы,
(Жаңбыр жауса — жер ырысы)
8.Өтірік сөз (өрге баспайды)
9.Ақыл азбайды (білім тозбайды)
10.Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)
11.Еңбектің наны тәтті,
(Жалқаудың жаны тәтті)
12.Кім еңбек етсе, (сол –тоқ)
13.Тұз астың дәмін келтірсе,
(мақал сөздің сәнін келтіреді)
14.Тіл тас жарады,
(Тас жармаса, бас жарады)
15.Сөз сүйектен өтеді,
(Таяқ еттен өтеді)
«Бәйге»
I жүргізуші: Бәйге ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ал, спорттың бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, бәйге өзбектерде «пайга», қырғыздарда «чабаш» деп аталады. Кейбір деректер бойынша XV ғасырдың 70 — жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсыз деген жерде бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап бәйге қазақ халқының жыйындарының (тойларының, астардың т.б.) ажырамас, құрамдас бөлігіне айналған.
I жүргізуші: Бұрын бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын болған. Бірінші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай берілді. Қазақ халқы бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сайгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз әдебиеттерінде, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерінде көп айтылады.
-Сұрақтың жауабын айту үшін, қолдағы белгіні көтеру керек. Қате айтса, 2-ші сұрақты біліп тұрса да қатыспайды. Дұрыс жауап 5 бал.
1.Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
2.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
3.Биылғы жыл қалай аталады? (тауық)
4.Абылай хан қай батырды Дарабоз атаған? (Қабанбай)
5.Сенбіден кейін 4 тәуліктен соң қай күн? (сәрсенбі)
6.Республика күні қай күн? (25 қазан)
7.Тұрлаулы мүшелерді ата? (бастауыш, баяндауыш)
8. 1 кг темір ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (бірдей)
9.Тас көмір қандай пайдалы қазба? (жанғыш)
10.Бір жарлы жігіт жас күнінде өзін оқытқан ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей екнін айтып, мұңың шақты.
Ана тілінде қай әңгіме? (Байлық)
11.Ең тәтті де — тіл, Ең қатты да — тіл,
Ең ащы да –тіл, Ең жұмсақ та — тіл.
Бұл қандай сөз? (нақыл сөз)
12.Шеңбер ненің белгісі? (күннің)
13. 2004 жылы әлемдік олимпиада қай мемлекеттің қаласында болды?
(Греция, Афина)
14.Сұйықтықты немен өлшейді? (литр)
15. 2 кластың ана тілі оқулығының авторлары кімдер?
(С.Рахметова, П.Жаманқұл, Б.Қабатаев)
Ойдың көрінісі — тіл. Шаршы:
1.Атсыз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген … таныр (хат — письмо — letter)
2.Сөз …тен өтеді. (сүйек — кость — bone)
3.Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің … тәтті. (нан — хлеб — bread)
4.Сасқан … артымен жүзеді. (үйрек — утка — oluck)
5. … жүгі жеңілдеген сайын жатаған келеді. (есек — осел — donkey)
6. … - көңілдің кілті (көз — глаз — eye)
7.Өрмелейтін ағашқа желісі бар,
Дәмі кетпес ауыздан жемісі бар. (жүзім — виноград — grapes)
8.Үстінде әсем тоны бар,
Сөз емес аяз, саны қар.
Ізіне түссең санарда
Әудем жерден жолығар. (түлкі — лиса — fons fox)
9.Сұйық, қатты, бу болып құбалатын,
Ішіп, кешіп жүзетін қандай затың (су — вода — water)
10.Жаман сиыр … бұзаулайжы (жаз — лето — summer)
11. …алланың сыйлығы. (ақыл — ум — clever)
12.Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз … соғар. (жер — земля — land)
Жеті жұмбақ.
Бөлтірік шешеннің «жеті жетіне біл, өнерің мен өнегің азбасын, жаның мен тәнің бірдей сау болсын!» деген сөздерінің ғибрад алатын тұстары қандай десеңізші. Оның: «жеті атасын білмегенді жетесіз, жеті руды білмегенді жер көріп, ел танымаған ессіз,
жеті жарғыны білмегенді жөнсіз,
жеті құбыланы білмегенді көкірек көзсіз,
жеті жаманды білмеген надан,
жеті жетімді білмеген арзан,
жеті жетіні білгенді адам» деп әрқайсысын жіктеп беруі білген оқушыға мағыналы ой, мәнді сөз емес пе?
- Ендігі кезекте «жеті жұмбақ»
1.Математика
Масса өлшем бірліктері (т, ц, кг, г)
2.Ана тілі. Сөзжұмбақ.
Көлденеңінен:
1..... сөздің мәйегі (мәтел)
2.Сауатсыз молданың
........сі үлкен. (сәлде)
3.Ет — етке, сорпа - ......(бетке)
4.Шабан .....бұрын ұшар. (үйрек)
5.Сауда ......сипағанша. (сақал)
Дүниетану
3.Жануарлардың жауынан қорғанудың түрлері қандай? (бүркеніш, қорғаныш, сақтандырғыш рең)
4.Еңбекке баулу.
Өрнектің белгілі бір элементінің қайталанып келуін не дейміз? (ырғақ, ритм)
5.Бейнелеу өнері. Акварель болуының құрамында нелердің қосындысы бар? (бал, қант, глицерин)
1.Арқаным бар тым ұзын,
Кесе алмайсын бір өзің. (жол)
2.Айнымайды шыныдан,
Қорқады тек жылыдан. (мұз)
3.Мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта. (шам)
4.Естілгенмен құлаққа,
Көрінбейді бірақ та. (дыбыс)
5.Пайдаға жарады,
Отансыз жанады. (газ)
6.Үлпілдеген қалпағы,
Ескен делден қорқады. (бақбақ)
Жанды сұрақтар.
а) А.Құнанбаев б) М.Мақатаев
а) Скат ә) Акула б) Бекіре
Шешендік өнері. Болашақ үшін тарихты білу — міндет. Олай болса, сол тарихи мұралардың бірі — шешендік сөздер.
Қазақтың шешендік сөздері бата — тілектен бастап, бүкіл өнегелі, өсиет сөздерді қамтиды. Шешендік сөздер — атадан бала қайталап, ұрпақтар сабақтастығын басынан кешірген алуан түрлі оқиғалардың нәтижесінде туған көгені мен тергені көп терең ойдың қорытындысы.
Қай халықтың болса да, ерекше қадірлейтін жеке дара шешендері болады. Қандай қазақ шешендерін білеміз?
Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым, Досбол, Бала би, Есет, Айтқожа, Бөлтірік, Байдалы.
Шарты: Әр топ бір — бірден шешендік сөз айту керек.
Ғажайып төрттік. Әр цифрдан таңдау арқылы пәннің сұрағы шығады.
|
|
|
|
|
|
Математика (М)
3) 8 жұмыртқа 4 минутта піседі.
|
|
|
|
|
|
15 жұмыртқа неше минутта
|
|
|
|
|
|
піседі? (4)
4) Бір үйдің үш ұлы бар,әрқайсысының 1-ден қарындасы бар. Бұл үйдің баласы нешеу? (4)
5) 1-ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? (15)
Ана тілі (А)
3) Қабанбайдың шын аты кім? (Ерасыл)
4) Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Кімнің өлеңі? (Абай)
Дүниетану. (Д)
3) Иіс сезу мүшесі ата?
4) Табиғаттағы өзгерістер: жел, дауыл, жауын т.б. не деп атайды? (табиғат құбылыстары)
Қазақ тілі (Қ)
4) «Жарық» сөзіне қарсы мағыналы сөз
5) Бір жаңылтпашты айт.
«Егер де мен болсам» сайысы
1. Егер де мен қорғаныс министрі болсам ....
2. Егер де мен қаржы министрі болсам .....
3. Егер де мен білім министрі болсам ....
4. Егер де мен денсаулық министрі болсам .....
«Жорға» сайысы
Жорға — адамға жайлы жүрісті жылқы. Кейбір құлын туғаннан-ақ жорға болады. Жорғаның аяң, үш аяң тайпалған, су шайқалмас, байпаң, төкпе деген түрлері бар.
Төкпе жорға — еш уақытта жоғасынан жаңылмайтын жылқышауып әр ілеседі. Мұндай жылқыны, әдетте жорға жарысына қосады. Жарысқа қосатын жорғаны бәйге атындай баптап жаратады.
Жорға жарыс, жорға салу — ұлттық ат спорты түрлерінің бірі. Жақсы жорғалар жарыс кезінде ешқашан да шоқыраққа, желіске не шабысқа көшпейді. Жорға жүрістің әрбір бұзылуына айтып салынады, егер жорға жүріс үш рет бұзылса, ат жарыстан шығарылады.
«А» нұсқасы
2. «Көксерек» әңгімесінің авторы. (М.Әуезов)
3. Қазақстанның батысындағы теңіз. (Каспий)
4. Жануарлар тіршілігі үшіниқажет жағдай не? (қорек)
5. Барлық тірі табиғатқа тән қасиет. (көбею)
6. Екі жағы шектелген фигура. (кесінді)
8. Заттарды әшекейлеу тәсілін не дейді? (жапсырмалау)
9. Бүктелген бөліктердің бір-бірімен дәл келуін не дейміз? (симметрия)
10. Тобылғы, итмұрын, жыңғыл, қараған — бұлар..... (бұта)
«Б» нұсқасы
1. Емен, қарағай, қайың, тал, шырша ..... (ағаш)
2. Жердің жасыл көрпесі ...... (өсімдік)
3. Қағазды неден жасайды? (ағаштан)
4. Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым - бұлар ...... (өсімдік мүшелері)
5. Ұйқышылдық жайында қай мысал өлеңде (Сүт қалай ұйықтайды?)
6. Жаңғақ, бидай, тары, бұршақ т.б. қандай жемістер? (құрғақ)
7. Уық, түндік, белдеу — ненің бөлігі? (ағаш үй)
8. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ, жұмсақ қабат не? (топырақ)
9. «Ұрлық. Ұрлық түбі — қорлық» деген қай мәтінге байланысты? (Ащы бал)
10. «Бұл кім?» өлеңінің аввторы. (Ы.Алтынсарин)
«В» нұсқасы
2. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс, анық айтып жаттығу үшін қолданылатын…? (жаңылтпаш)
3. Жеміс ішінде не болады? (тұқым)
4. «Халық поэзиясының алыбы» кім? (Жамбыл)
5. «Қазақ хрестоматиясын» алғаш рет кім жазды? (Ыбырай)
ХI кезең. Музыкалық пауза.
I жүргізуші: Қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын сарап-тағанша, ендігі кезекті әнге береміз.
II жүргізуші: Сисенбай Әсеттің орындауында «Ағажан» әні.
I жүргізуші: Ендігі кезекте 2004 жылдың сәуір айында Алматыда өткен «Әнші балапан» байқауының жүлдегері Сағынтаева Гүлвираның орындауында «А йналайын» әні.
- Қабыл алыңыздар!
II жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, жанкүйер оқушылар! Әйгілі педагог А. Дистервергтің «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзің ізденуге жетелейді» - дейтін қанатты сөзі заңды.
I жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, құрметті оқушылар. Аса қадірменді қазылар алқасы! Бүгінгі болып отырған интеллектуалды шоу бағдарламасынан білім берудің ұлттық моделі арқылы ХХI ғасырдың оқушысы өз қоғамының азаматы, келешектің иесі ой өрісі кең, жан дүниесі бай ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, жауапкершілік сенімі жоғары, сегіз қырлы бір сырлы қайталанбайтын дара тұлға болып шығуға мол мүмкіндігіміз бар екенін байқадыныздар.
II жүргізуші: Бүгінгі шоу бағдарламаның қорытындысына да келіп жеттік. Сөз қазылар алқасына беріледі.
I жүргізуші: «Зерделілер» атты сайыс сабағына қатысушы оқушылар. Сіздерді жеңістерінізбен құттықтаймыз!
Ойынға қатысушы оқушылармен:
- Раз, два
- Три, четыре
- Три, четыре
- Раз, два
- Молодцы!
- Ай да мы
- Ай да мы молодцы
Мы отныне насовсем выбираем Зерделілер.
Жанкүйер оқушылармен:
- Раз, два
- Три, четыре
- Три, четыре
- Раз, два
- Ай да мы
- Ай да мы молодцы
Вы ребята ничего, вы ребята во!
- Жарайсындар, жанкүйерлер!
II жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің «Зерделілер» атты интелектуалды шоу бағдарламамызға төрелік еткен ұстаздар! Сіздерге үлкен рахметімізді айта отырып, келесі айналымда кездескенше күн жақсы демекпіз.
I жүргізуші: Бүгінгі шоу бағдарламаны жүргізгендер: Сисенбай Әсет пен
оқу озаты, «Әнші балапан», «Жас толқын» байқауларының дипломаты Сағынтаева Гүлвира.
Сау — саламатта болыңыздар.