link4158 link4159 link4160 link4161 link4162 link4163 link4164 link4165 link4166 link4167 link4168 link4169 link4170 link4171 link4172 link4173 link4174 link4175 link4176 link4177 link4178 link4179 link4180 link4181 link4182 link4183 link4184 link4185 link4186 link4187 link4188 link4189 link4190 link4191 link4192 link4193 link4194 link4195 link4196 link4197 link4198 link4199 link4200 link4201 link4202 link4203 link4204 link4205 link4206 link4207 link4208 link4209 link4210 link4211 link4212 link4213 link4214 link4215 link4216 link4217 link4218 link4219 link4220 link4221 link4222 link4223 link4224 link4225 link4226 link4227 link4228 link4229 link4230 link4231 link4232 link4233 link4234 link4235 link4236 link4237 link4238 link4239 link4240 link4241 link4242 link4243 link4244 link4245 link4246 link4247 link4248 link4249 link4250 link4251 link4252 link4253 link4254 link4255 link4256 link4257 link4258 link4259 link4260 link4261 link4262 link4263 link4264 link4265 link4266 link4267 link4268 link4269 link4270 link4271 link4272 link4273 link4274 link4275 link4276 link4277 link4278 link4279 link4280 link4281 link4282 link4283
Көкетай Ажар Әділбекқызы
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:не указан
Информатика пәнінен ашық сабақ. Айнымалылар типтері. Программа құрылымы.

Сынып: 7 «М»

Сабақ тақырыбы:«Айнымалылар типтері. Программа құрылымы».

Сабақтың мақсаты:Айнымалылар атауы, типі, мәні, программаның құрылымы туралы түсінік беру;

Білімділік:Айнымалылар типтері, программа құрылымы туралы біліктіліктерін қалыптастыру, тақырыпты меңгерту.

Дамытушылық:Логикалық ойлап, өзіндік жұмыспен айналысуын, қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа, аңғарымпаздылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың типі: дәстүрлі емессабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

компьютерлер; интерактивті тақта;бақылау сұрақтары бар парақшалар; <Приложение5>таратпа материалдары;флипчарт саяхат; <Приложение2>

презентация “ Айнымалыларға саяхат ” <Приложение1>жетондар.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасып түгендеу және оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау
Эрудит аралы/Үй тапсырмасын орындау/

III. Жаңа сабақ /Жаңа аралға саяхат/

IV. Жаңа сабақты бекіту /Жаттығу аралы/

V. Үй тапсырмасы, бағалау, Рефлексия (өзін-өзі бағалау)./ Сергіту аралы/


Қатысушылар 2 қомандаға бөлінеді.
Қатысушыларды екі топқа бөліп алғанымен жеке сұраққа есептерді жеке орындайды. саяхат сабағының барысымен таныстырамыз үй тапсырмасын сұраймыз. Ол үшін біз балалар, Эрудит аралына жету үшін сұрақтарға жауап беруіміз қажет. Егер сұрақтардан қиналып қалған жағдайда топ мүшелері бір-бірімізге көмектесеміз.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың аты: “Айнымалылырға саяхат”.
1 презентация “Айнымалылырға саяхат”.ppt көрсетіледі.
(<
Приложение1>)

Біздің саяхатымыз төрт аралдан өтеді. Әр аралда біз күтпеген көптеген жаттығулар мен сұрақтар кездеседі.Әрбір дұрыс жауаптарға сіздер жетондар мен балдар алып отырасыздар.Жиналған ұпай санымен команда ұтады да жеңімпаз деп аталады.
Мен сіздерге сәттілік тілей отырып, саяхаттарыңызда бағыттас көмекші жел болсын дегім келеді.

II. Саяхаттауға шығу<Приложение2>

І. Эрудит аралы

Ең бірінші біз келіп түсетін аралдың аты Эрудит аралы деп аталады.
Бұл аралда екі тапсырманы орындауға тура келеді. Қай топ бірінші бастайтындығын біліп алу үшін тиын лақтырамыз /оның бір жағында І топ, ал екінші жағында ІІ топ деген жазу бар қай топ жазуы түссе сол топ бастайды/ Әр топ мына сұрақтарға жауап берулері тиіс.

тапсырма 1.Алгоритм әрекеттерін ретімен жаз:

Бауырсақ пісіру алгоритімі

1.Ұнға май, жұмыртқа, сүтті қосамын

2. Ұнды ыдысқа салып алдым.

3. Барлығын араластырдым.

4. Қазанға май құйып, оны отқа қойдым.

5. Дүкеннен ұн, жұмыртқа, сүт, ашытқы сатып алдым.

6. Қамырды дайындап бетін жауып қойдым.

7. Ыдысқа қамырды салып майға пісіреміз.

8. Ашыған қамыр дайын болса, оқтаумен жаямыз

9. Ашытқы қосамын

/5,2,1,9,3,6,8,4,7/

Сұрқтарға жауап беру:

Алгоритм сөзі қайдан шыққан? /алгоритм сөзі ІХ ғасырдағы араб математигінің Әл-Хорезмидің құрметіне қойылған/

Алгоритмнің графикалық тұрғыда көрсетілуін ....? /блок- схема деп атаймыз./

div — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.

mod — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), 10 mod 3 = 1

27 div 5 = 5

36 div 7 = 5

63 mod 8 = 7

45 mod 8 = 5

<Приложение2>Жаңа аралы мұнда жаңа сабақ түсіндіріледі.

Паскаль тілінің объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары жатады.

Айнымалылар- деп программаның орындалу барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар атаулармен белгіленіп, әр уақытта әртүрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттайтын бөлімінде var түйінді сөзімен басталадыда, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.

Айнымалылар типтері мынадай болып бөлінеді : бүтін сан (integer), нақты сан (real), тіркестік (string), мәтіндік(text), логикалық (Boolean)және сhar (символдық) ;

<Приложение2>

Типі

Мүмкіндігі

Жадыда алатын көлемі,байт

Integer

Бүтін сандар -32768 --- 32767

2 байт

Real

Нақты ондық сандар 2.9e-39..1.7e38

6 байт

String

Символдық тіркестік

1 байт әр символға

Char

Символдар 'а', '4', '+', '-', символ коды #126

1 байт әр символға

Boolean

Логикалық мәні True (ақиқат) немесеFalse (жалған)

8 байтов

Жазылу түрі (пішімі):

var <идентификатор> : <тип>;

мысалы:var A, B:integer;

Sum, Baga: real;

Паскаль программасында әр қашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.

1. тақырып

program атау;

2. сипаттау бөлімі

Var<идентификатор>: <тип>;

3. операторлар бөлімі

begin

операторлар;

end.

<Приложение7>

мысалы:

Program esep1;

vara,b,c:real;

Begin

write('екисандыенгиз');

read (a,b);

c:=a+b;

write('c=',c:4:2);

end.

Тапсырма 2. «Мына мәндерге қажетті тип атауларын орналастырыңыз»

мәні

типі

Үй ішіндегі пәтер саны

Integer (бүтін)

Айлардың атауы

String (тіркестік)

Қаланың атауы

String (тіркестік)

Арифметикалық белгі

сhar (символдық)

Р санының мәні

real (нақты сан) 3,14

Жердің массасы

real (нақты сан) 6,3*108кг

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности