link7344 link7345 link7346 link7347 link7348 link7349 link7350 link7351 link7352 link7353 link7354 link7355 link7356 link7357 link7358 link7359 link7360 link7361 link7362 link7363 link7364 link7365 link7366 link7367 link7368 link7369 link7370 link7371 link7372 link7373 link7374 link7375 link7376 link7377 link7378 link7379 link7380 link7381 link7382 link7383 link7384 link7385 link7386 link7387 link7388 link7389 link7390 link7391 link7392 link7393 link7394 link7395 link7396 link7397 link7398 link7399 link7400 link7401 link7402 link7403 link7404 link7405 link7406 link7407 link7408 link7409 link7410 link7411 link7412 link7413 link7414 link7415 link7416 link7417 link7418 link7419 link7420 link7421 link7422 link7423 link7424 link7425 link7426 link7427 link7428 link7429 link7430 link7431 link7432 link7433 link7434 link7435 link7436 link7437 link7438 link7439 link7440 link7441 link7442 link7443 link7444 link7445 link7446 link7447 link7448 link7449 link7450 link7451 link7452 link7453 link7454 link7455 link7456 link7457 link7458 link7459 link7460 link7461 link7462 link7463 link7464 link7465 link7466 link7467 link7468 link7469 link7470 link7471 link7472 link7473 link7474 link7475 link7476 link7477 link7478 link7479 link7480 link7481 link7482 link7483 link7484 link7485 link7486 link7487
Киашова Маржан Жумагалиевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
2-4 лицей сыныптарында «Жас зерттеуші» атты ғылыми шығармашылық жұмысын өткізу үшін әзірленген күнтізбелік жоспар

2-4 лицей сыныптарында «Жас ғалым» атты ғылыми шығармашылық жұмысын өткізу үшін әзірленген күнтізбелік жоспар
Түсініктеме
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай — ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсеккеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу-ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі — құзіретті тұлғаны дамыту болып табылады.
Оқушылардың зерттеу шығармашылығын дамыту қазіргі таңда негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Мектеп оқушыларын, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып, шапшаң шешiм қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері, жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық — маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Педагог ғалым А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“ - дейтін қанатты сөзі, мүғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне көз жеткізеді.
Жоба тақырыптары әр түрлі жағдайға байланысты әр түрлі болу мүмкін. Бір жағдайда тақырып білім ұйымдарының ұсынысымен беріледі, кейбір жағдайда мұғаліммен ұсынады, кейбір жағдайда оқушы тақырыпты өзі таңдауы мүмкін. Көбінесе тақырыптар зерттеулік бағытта тәжірибемен байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына тақырыптарды оқулық пәндермен байланыстырып берген ыңғайлы, өйткені олардың зерттеу дағдылары қалыптаспаған. Тақырыптарды қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану бағыттарда тандаған жөн.
Бұл курс бағдарламасы бастауыштың 2 - 4 лицей сыныптарына арналған. әр сыныпта аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағат.

Мақсаты:
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасау
Міндеттері:
• Баланың интеллектуалдық-шығармашылық дағдылығын, танымдық қабілетін жетілдіру, қызығушылығын арттыру, зерттеу жұмыстарын бала кезінен қалыптастыру;
• Баланың ғылыми зерттеу жұмыстарына деген белсенділігін арттыру;
• Баланың даму сатысын және ғалымда қосымша ізденісін қалыптастыру, ғылым әлемінің сипатымен таныстыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы оқу бағдарламасын толық аяқтаған соң
Білу керек:
• Ғылыми жоба деген не?
• Зерттеу жұмысын ғылыми тұрғыда тану, түсіну.
• Зерттеу жұмысының қарапайым түрлерін білу және игеру.
Жасай алу керек:
• Өзін-өзі дамытуды жобалай алу;
• Заңдылықтарды сақтау, дұрыс безендіру;
• Сәтті қорғау, өзінің көзқарасын нақты және деректерге сүйене отырып дәлелдеу;
Негізгі жұмыс формалары:
• Түсінікті дамытуда топта және ауыспалы жұпта жұмыс жасау.
• Мәтінмен, деректермен, каталогтармен, интернетпен жұмыс жасау.
• Эссе, ғылыми жоба жазу, шығармашылық жұмыс жазу, оны жетілдіру, басылымға беру.
• Іс-әрекет өнімдерін, ойларын көпшілік алдында қорғау, тілдерін дамыту және т.б.
Бағдарлама негізгі 3 тараудан тұрады.
І тарау. Ғылыми жұмыс жазуға баулу.
ІІ тарау. Оқушылардың зерттеу әрекетінің моделі.
ІІІ тарау. Ғылыми жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптары.
І тарау.
Ғылыми жұмыс жазуға баулу.
Бұл бөлімде оқушы ғылыми шығармашылық жұмыс туралы кеңінен мәлімет алады. Оқушы тақырыбын өзінің қызығушылығына байланысты
4 бағыт бойынша таңдайды. Ғылыми жобаның жұмыс түрлерімен танысады.
а) ізденіс және тәжірибелік, зерттеу және эксперименттік тұрғыдағы жұмыстар;
ә) бақылау және қорыту сынды жұмыстар.
Зерттеудің мақсат-міндеттерін қоя білу. Әдебиеттерді таңдай білу, анықтамаларын, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге үйрету. Теориямен тәжірибені ұштастыру.
ІІ тарау.
Оқушылардың зерттеу әрекетінің моделі.
«Проблема»- бұл шешілмеген мәселе, соған байланысты туындалған сұраққа жауап таба алуы. Проблемалардың түрлерін білу. Түсініксіз сұрақтарды анықтау. Зерттеудің болжамын жасай білу. Мәлімет жинау. Жинақталған материалдарға талдау, жалпылау жасау. Дайын материалды ұсыну.


ІІІ тарау.
Ғылыми жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптары.
Ғылыми жоба жұмысының құрылымын білу. Лауазым парағын толтыра білу. Кіріспе жазу. Негізгі бөлімнің тақырыптарын таңдай білу. Зерттеу нәтижесін талдай білу. Қорытынды жасауға үйрету. Анатация мен сілтеме талаптарын білу. Ғылыми жоба жұмысын қорғаудың түрлерін ажырата білу. а) ғылыми аппаратта;
ә) ауызша қорғау.
Алған нәтижелерді пайдаланып, жұмысты қорытындылап, ғылыми жобаны қорғай ала білу.
Күнтізбелік жоспар
Барлығы — 34 сағат
№ Тақырыптар Сағат саны Мерзімі Қорытынды
І тарау.
Ғылыми жұмыс жазуға баулу.
1 Ғылыми шығармашылық жұмысы туралы мәлімет 1
2 Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға бағыттау 1
3 Зерттеу қызметіндегі қоғамдық (жеке және топтық түрлері) 1
4 Жоба-зерттеу қызметінің формасы 1
5 Зерттеуші деген кім? 1
6 Жас зерттеушілер-Қазақстанның болашағы 1
7 Мен қоршаған ортаны зерттеймін 1
ІІ тарау.
Оқушылардың зерттеу әрекетінің моделі.
8 Болашақ жобамның тақырыбын таңдаймын 1
9-10 Топтық жобаның тақырыбын негіздеу 1
11 Зерттеу қызметінің мақсаты 1
12 Топтық жобаның мақсаты 1
13 Зерттеу жобасының нысаны мен заты 1
14 Зерттеу жобасының әдістері 1
15 Топтық жобаның әдістерін іріктеу және негіздеу 1
16 Зерттеу жобасының терминдері мен дәйек сөздері 2
17 Топтық жобаның ұғымдар қатары 1
18 Әдебиетпен жұмыс жасау ережесі 1
19 Топтық жобаға арналған әдебиеттер (презинтация) 1
20 Зерттеушінің сұрақтары 1
21 Сұрақтар картатекасы 1
22 Зерттеу жобасының алғашқы қорытындылары немесе өз сұрақтарына жауап іздеу 1
23-24 Біз топтық жобаның бірінші бөлімін ұсынамыз (шағын конференция) 2
25-26 Зерттеу жобаның тәжірибелік-практикалық бөлімі 2
27 Тәжірибе іріктеу 1
28 Топтық жобаның тәжірибелі бөлімін ұсыну 1


ІІІ тарау.
Ғылыми жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптары.

29 Зерттеу жобасының нәтижесін безендіру 1
30-31 Сыныпта топтық жобаны қорғау 2
32-33 Паралелль сыныптар арасында жобаны қорғау 2
34 «Жас ғалым» Жұлдыздар шеруі 1
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үрдісіндегі құзыреттілік тұрғы» тақырыбындағы курстың жұмыс дәптері. — Павлодар, 2012 ж.
2. Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» байқауының ережесі.- Павлодар, 2010 ж.
4. Бастауыш мектеп журналдары. - №3, №4, № 6. 2011 ж.
5. 12-жылдық білім беру. - №5 , 2006 ж.
6. Дүниетану мен әлемді зерттеймін жұмыс жәптері. — 2-4 сынып. –А. 2010 ж.
7. www.45min.kz

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности