link14391 link14392 link14393 link14394 link14395 link14396 link14397 link14398 link14399 link14400 link14401 link14402 link14403 link14404 link14405 link14406 link14407 link14408 link14409 link14410 link14411 link14412 link14413 link14414 link14415 link14416 link14417 link14418 link14419 link14420 link14421 link14422 link14423 link14424 link14425 link14426 link14427 link14428 link14429 link14430 link14431 link14432 link14433 link14434 link14435 link14436 link14437 link14438 link14439 link14440 link14441 link14442 link14443 link14444 link14445 link14446 link14447 link14448 link14449 link14450 link14451 link14452 link14453 link14454 link14455 link14456 link14457 link14458 link14459 link14460 link14461 link14462 link14463 link14464 link14465 link14466 link14467 link14468 link14469 link14470 link14471 link14472 link14473 link14474 link14475 link14476 link14477 link14478 link14479 link14480 link14481 link14482 link14483 link14484 link14485 link14486 link14487 link14488 link14489 link14490 link14491 link14492 link14493 link14494 link14495 link14496 link14497 link14498 link14499 link14500 link14501 link14502 link14503 link14504 link14505 link14506 link14507 link14508 link14509 link14510 link14511 link14512 link14513
Maidash Temirzhanova
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:
Регион:Республика Казахстан Павлодарская область. город Аксу
Жүзден — жүйрік, мыңнан — тұлпар

М.Қ.Теміржанова.,Г.А Оразалина.,З.Б Каппасова

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Жүзден — жүйрік, мыңнан — тұлпар

Мақсаты: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру,білімді,жанжақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру,ой-өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа,шапшаңдыққа баулу,балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта

Сайыстың жоспары:

І бөлім: Жедел жауап

ІІ бөлім: Тіл өнер

ІІІ бөлім: Бәрін білгім келеді

ІV бөлім: Қызықты ұйқастар

V бөлім: Өлең- сөздің патшасы

Кіріспе сөз

Тіл- адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қағамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген,мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді,дүниені,өмірдің құнды тағылымдарын таниды да,келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл-халық тарихы, тіл ұлттық қазына,тілбіздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз.

-Қайырлы күн құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер! Бүгінгі біздің «Жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар» атты сайысымыз гуманитарлық пәндер апталығы аясында өткізіліп отыр. Саысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.

І топ: «Білгірлер»

Ұраны: «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады».

ІІ топ: «Тапқырлар»

Ұраны: «Пайда ойлама ар ойла,талап қыл артық білуге».

-Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!- демекші,әділқазыларды таныстырып өтейік

1. Бастемова А.Қ.- ӘБЖ

2. Альмагамбетова Г.С.- қазақ тілі мұғалімі:

3. Нұрұмова Б.Б.- қазақ тілі мұғалімі:

-Ал,кәнеки,келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер- дей келе қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

«Білім деген-биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген — ақылшың

Қиындықтан өткізер», - деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.

І бөлім. «Жедел жауап»

Шарты: бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады.

І топ:

1. ҚРастанасы қай қала?

2. Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазым?

3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?

4. Қазақтың атақты күрес шебері.

5. 1 маусым қандай мереке?

6. Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?

7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма

8. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан женімпазы

9. ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер?

10. Абайдың шын аты кім?

ІІ бөлім. «Тіл-өнер»

І топ:

1.Ең тәтті де тіл,…(Ең ащы да тіл).

2. Оқу- білім бұлағы,…(білім өмір шырағы).

3. Жүз сом ақшан болғанша,…(жүз досың болсын).

4. Білім таппай мақтамба,…(өнер таппай баптанба).

5.Тіл-қылыштаң…(да өткір).

6.Отан…(оттан да ыстық).

ІІ топ:

1. Шебердің қолы- ортақ,…(шешеннің тілі-ортақ).

2. Отансыз адам-…(ормансыз бұлбұл).

3. Ер жігіт елі үшін туады,…(ел үшін өледі).

4. Мектепкеме,…(білім-теңіз).

5. Жақсы жолдас-жанға серік,…(жаман жолдас-салға серік).

6. Өнер алды-(қызыл тіл)

ІІІ бөлім «Бәрін білгім келеді»

Пәндер айдары. 4 пәннен 4 сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау-оқушының өз еркінде.

Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

Қазақ тілі

10.Фонетика нені зерттейді?

20.Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай?

30.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атап бер.

40.Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер.

Әдебиет

10.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері

20. «Менің атым-Қожа» повесінің авторы кім?

30.Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,

Соқыр мылқау,танымас тірі жанды.

Үсті-басы — ақ қырау,түсі суық,

Басқан жері сықырлап,келіп қалды…

Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім?

40.Қазақ тілі білімінің атасы,қазақ әліпбиінің негізін салушы,құрастырушы кім?

Математика

10.Төрті төртке қосып,төртке көбейткенде қанша болады? (32)

20.0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең. (45)

30.Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді? (15 секунд)

40. Әлияның жасы қазыр 10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен. Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде,Динаның жасы қаншаға толады?(50)

География

10.Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)

20.Жердің нақты үлгісі. (Глобус)

30.Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу)

40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі. (карта)

ІV бөлім. Қызықты ұйқастар

Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

І топ:

1. Жизнь-өмір,уголь - …(көмір).

2. Число-сан,кровь-…(қан)

3. Молоко-сүт,жди -…(күт)

4. Человек-адам,шаг-…(қадам)

5. Таможня-кеден,пол-…(еден)

ІІ топ:

1. Возьми-ал,мед-…(бал)

2. Рыба-балық,народ - …(халық)

3. Дверь-есік, колыбель - …(бесік)

4. Город-қала,ребенок - …(бала)

5. Игра-ойын, шея-. ..(мойын)

V. Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы.

Әр топтың жетекшілірі шығын белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде мышықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.

Қорытынды

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталады,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сайсымызды өарытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік. (жеңімпаздарды марапаттау)

Құрметті ұстаздар,оқұшылар! Осымен сайысымыз аяқталады. Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности