Алия Сериккажыевна
Должность:учитель математики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан. ВКО. г. Семей
Мамажарова Эльмира Канатовна Ашық сабақ "Артық, кем"

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Артық, кем

Мақсаты:
А) білімділік: артық,кем,сонша,ұзын,қысқа ұғымдары туралы оқушы-ң білімдерін тиянақтау;
Ә) дамытушылық: қанша артық және қанша кем екенін анықтауға ,заттардың салыстырылатын топтарын теңестіруге үйрету;
Б)тәрбиелік:алғырлыққа,ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аралас
Типі: жаңа білімді игеру
Әдісі:сұрақ-жауап
Көрнекілігі: дидакт.материал
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу түгендеу
Ә)Сынып тазалығына мән беру
Б) Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару
Психологилық дайындық
- Бүгінгі сабақ
- Оқу,білу салауат
- Бүгінгі мақсат
- Ұғыну,ұғу ұлағат
- Бүгінгі тәрбие
- Отанға деген махаббат
ІІ Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы сұрақ қою арқылы сұралады.
ІІІ Жаңа сабақ
Сөздерді есеп шығару арқылы орналастырсақ бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады

10
5 8 7 9 8
5+5= (т) 10-2= (Ң) 10-5= (Е) 7+2= (І) 6+1= (Д) 6+2=(К)
Қызығушылықты ояту.Маған қарап жымиып шат көңіл тіле, мен де саған шат көңіл тілеймін.Теңдік,теңсіздік туралы дидакт.материалдар арқылы еске түсіру.
3көк шаршыны және 2 қызыл үшбұрышты екі қатарға қояды.Салыстырыңдар бір шаршы артық екеніне көз жеткізеді.Үшбұрыштарға қарағанда,шаршылар артық


және керісінше.теңестіреді;артық шаршыны ашып кетеді;бір үшбұрыш үстемелейді;
Оқушыға екі кесіндінің ұзындығын өлшеу және салыстыру ұсынылады.Парақта 3см артық 2см жазуы орындалады.
3см-2см=1см
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма.сұр және ақ қағаздардың саны сурет бойынша салыстырылады.Содан кейін қағаздардың санын теңестіреді.
Сергіту жаттығуы
Күн ұйықтайды (ұйықтайды)
Күн оянады(керіледі)
Жел соқты (тербеледі)
Жаңбыр жауды (алақан тарсылы)
Найзағай тарсылдады (шапалақтайды)
Жел басылды, күн шылды (тып-тыныш отырады)
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма.Доптарды,кесінділерді бір-бірімен салыстырады.Сандарды салыстырады,олардың арасына артық,кем немесе тең белгісін қояды.
2-тапсырма.Цифрлар мен таңбаларды жазу дағдысын машықтандырады.
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Рефлексия
«Не білемін?» «Не білдім?» «Не білгім келеді?»

Бағалау
«Бармақпен бағалау» әдісі қолданылады

Ү. Үйге тапсырма: 4-тапсырма.қалып қалған сандарды әйнекшелерге қояды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности