link11232 link11233 link11234 link11235 link11236 link11237 link11238 link11239 link11240 link11241 link11242 link11243 link11244 link11245 link11246 link11247 link11248 link11249 link11250 link11251 link11252 link11253 link11254 link11255 link11256 link11257 link11258 link11259 link11260 link11261 link11262 link11263 link11264 link11265 link11266 link11267 link11268 link11269 link11270 link11271 link11272 link11273 link11274 link11275 link11276 link11277 link11278 link11279 link11280 link11281 link11282 link11283 link11284 link11285 link11286 link11287 link11288 link11289 link11290 link11291 link11292 link11293 link11294 link11295 link11296 link11297 link11298 link11299 link11300 link11301 link11302 link11303 link11304 link11305 link11306 link11307 link11308 link11309 link11310 link11311 link11312 link11313 link11314 link11315 link11316 link11317 link11318 link11319 link11320 link11321 link11322 link11323 link11324 link11325 link11326 link11327 link11328 link11329 link11330 link11331 link11332 link11333 link11334 link11335 link11336 link11337 link11338 link11339 link11340 link11341 link11342 link11343 link11344 link11345 link11346 link11347 link11348 link11349 link11350 link11351 link11352 link11353 link11354 link11355 link11356 link11357 link11358 link11359 link11360 link11361 link11362 link11363 link11364 link11365 link11366 link11367 link11368 link11369 link11370 link11371 link11372 link11373 link11374 link11375
Дузелбаева Мирагул Дусуповна
Должность:преподаватель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырауская область, Макатский район, поселок. Доссор
Скважиналық штангілі сорапты қондырғының саға жабдығы. Теңгергішті станоктар түрлері, топтасуы.

Дүзелбаева Мирагүл Жүсіпқызы

І санатты арнаулы пән оқытушысы

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі

Сабақтың тақырыбы : Скважиналық штангілі сорапты қондырғының саға жабдығы.

Теңгергішті станоктар түрлері, топтасуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: білім алушыларға скважиналық штангілі сорапты қондырғының сағасын саңылаусыздандыру жабдықтары туралы түсінік беру, сальник пен теңгергішті станоктың қызметін түсіндіру. Алған білімдерін қорытындылау

Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру

Тәрбиелік:оқушылардың жауапкершілік сезімдерін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге, өз ойын еркін айта білуге баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсете баяндау, СТО технологиясының элементтері, ойын элементтері

Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейне материал, интернет желісінен алынған суреттер

Техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Ғ.М Нұрсұлтанов. «Мұнай және газды өндіріп өңдеу».

2)А.Тоқпанова «Мұнай-газ скважиналарын пайдалану».

3) В.М.Муравьев «Эксплуатация нефтяных и газовых скважин»

Сабақтың жүру тәртібі:

1)Ұйымдастыру: 1.Топ оқушыларымен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу және құрал жабдықтарын тексеру

3.Оқушылардың зейінін жаңа тақырыпқа аудару

2. Үй тапсырмасын сұрау («Бинго» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу)

  1. Сорапты тәсіл кезінде мұнайды жоғарыға көтеру қалай жүзеге асады?
  2. Скважиналық штангалық сорап қондырғысының жер үсті жабдықтарын ата?
  3. Скважиналық штангалық сорап қондырғысының жер асты жабдықтарын ата?
  4. Штангалы терең сораптың құрылысын схема түрінде көрсетіңіз?
  5. Штанга дегеніміз не, атқаратын қызметі қандай?
  6. Штангалық сораптың қандай түрлері бар?

3. Жаңа сабақ жоспары

1.Штангілі терең сорапты скважинаның саға жабдықтары

2.Теңгергішті станоктар, түрлері

1. Сорапты штангалы сораптың саға жабдықтары құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандыру және ұңғы өнімін бағыттауға арналған саға жабдығына саға сальнигі, тройник, ілмекті крандар және кері клапандар жатады.

Сальник


Сағалық сальник саға штогының ары-бері қозғалысын сальник басы арқылы саңылаусыздандырады және өнімнің өтуін тройник арқылы қамтамасыз етеді. Тройник сорапты-компрессорлы құбырдың муфтасына бекітіледі.
Саға жабдығының көптеген құрылысы сораптық скважиналарды заводтарда және мұнай газ өндіру басқармаларында кездеседі. Солардың ішіндегі көп жылдан бері таныс СГН саға жабдығы. Азинмаш заводында осыдан 20 жыл бұрын құрылған. Уақыт өткен сайын арынды мұнай мен газды жинақтау жүйесі кең қолданылуда. Сол себептен скважина ауызында жоғары қысымға арналған саға жабдығы қолданылады. Сол мақсатпен СУСГ-1 және СУСГ-2 сальнигі қолданылады.

манжет

2. Мұнай өндіру кәсіпорындарында Азинамаш конструкциясы бойынша редукторлы теңселмелі станоктар жұмыс жасайды. Бұл теңселмелі станоктардың конструкциялық ерекшеліктері мынадай.:

1.Барлық станоктардың жабық екі сатылы редукторлары бар. Редуктордың кіргізуші цилиндрлі шестерняларында майлы ваннада жұмыс жасайтын шевронды фрезерлі тістері бар. Редуктор білігінің тіректері барлық қабырғаларында теңселмелі подшипниктермен орындалған.

2. Редукторлар, қозғалтқыш ажыратылғаннан кейін кез келген күйде балансирді тоқтату үшін екі науалы тежеуішпен жабдықталған.

3. Қозғалтқыштан редукторға қозғалыс сына ремендер арқылы беріледі. Олар су өткізбейтіндіктен кез келген климаттық жағдайда жұмыс істей алады.

4.Балансир басының тік өсінің айналасында 1800 С –қа қайырылады, ол скважинада жөндеу жұмыстарын жүргізгенде таль жүйесінің еркін өтуін қамтамасыз етеді.

5.Барлық станоктарда қанат аспасы қолданылады

Қазіргі кезде тереңдік сораптардың 65%-і мұнай кәсіпшілігінде СКН (СКН2-615, СКН3-1515, СКН5-3015, СКН10-3315) типтес теңселмелі станоктармен жабдықталған. Олар бір-бірімен және жұмыс ұзындығымен ажыратылады. Теңселмелі станоктардың шифры мынаны білдіреді. Бірінші үш әріптер-қалыпты қатардағы теңселмелі станоктар, әріптерден кейінгі сан-штанганың аспалы нүктесіндегі ең үлкен салмақ, сызықтан кейінгі сандар-диаметрмен өлшенгендегі штанганың аспалы нүктесінің ең үлкен жүру ұзындығы; соңғы сандар минутындағы балансирдің ең үлкен теңселу саны. Бұл теңселмелі станоктар үшін редукордың жетекші білігіндегі жіберілетін бұраушы моменті мынаны құрайды: теңселмелі станок СКН2-615, СКН3-1515, СКН-3015, СКН10-3015.

Теңселмелі станок

1 — саға штогының ілгіші; 2 — тірегіші бар тербелгіш; 3 — бағана; 4 — шатун; 5 — кривошип; 6 — редуктор; 7 — жетектелу шкиві; 8 — ремен; 9 — электр қозғалтқыш; 10 — жетек шкив; 11 — қоршау; 12 —плита; 13 — рама; 14 — қарсы салмақ; 15 — траверс; 16 —тежегіш; 17 — арқанды алқа.

4.Білімді бекіту:

1.«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу

1.Сальниктің атқаратын қызметі?

2.Теңселмелі станоктың қандай түрлері бар?

3.Қозғалтқыштан редукторға қозғалыс қалай беріледі?

4. Сызбада не бейнеленген? Элементтерін ата

5.Сабақты қорытындылау.

6.Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

7.Үйге тапсырма: А.Тоқпанова «Мұнай-газ скважиналарын пайдалану»106-106бет. Интернет желісінен қосымша материал жинақтау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности