link14490 link14491 link14492 link14493 link14494 link14495 link14496 link14497 link14498 link14499 link14500 link14501 link14502 link14503 link14504 link14505 link14506 link14507 link14508 link14509 link14510 link14511 link14512 link14513 link14514 link14515 link14516 link14517 link14518 link14519 link14520 link14521 link14522 link14523 link14524 link14525 link14526 link14527 link14528 link14529 link14530 link14531 link14532 link14533 link14534 link14535 link14536 link14537 link14538 link14539 link14540 link14541 link14542 link14543 link14544 link14545 link14546 link14547 link14548 link14549 link14550 link14551 link14552 link14553 link14554 link14555 link14556 link14557 link14558 link14559 link14560 link14561 link14562 link14563 link14564 link14565 link14566 link14567 link14568 link14569 link14570 link14571 link14572 link14573 link14574 link14575 link14576 link14577 link14578 link14579 link14580 link14581 link14582 link14583 link14584 link14585 link14586 link14587 link14588 link14589 link14590 link14591 link14592 link14593 link14594 link14595 link14596 link14597 link14598 link14599 link14600 link14601 link14602 link14603 link14604 link14605 link14606 link14607 link14608 link14609 link14610 link14611 link14612 link14613 link14614 link14615
Омарбекова Салтанат Кунтугановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
География пәні бойынша ашық сабақ "Қазақстанның өзендері" 8 сынып.

Тақырып: §27 Қазақстанның өзендері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның өзендері туралы толық мәлімет беру

1. Білімділігі:Қазақстанның өзендерінің ірі алаптары,өзен жүйесінің ерекшелігі, қоректену режимі мен жылдық ағыны туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру, жер бедері,тау жыныстары мен өзен ағысы сипаты- ның байланысын түсіндіру,өзендердің суға молығуыжәне өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру.

2.Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ойын элементтерін қолдану, картамен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

3.Тәрбиелілігі:ынтымқтыққа тәрбиелеу. ізденімпаздыққа баулу,өзендерді қорғауға,оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:Қазақстанның физикалық картасы, плакат,тірек сызба,географиялық диктант,корточка.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: жаңа сабақтыкөрнекіліктерді қолдану арқылы түсіндіру, баяндау,картамен жұмыс, сұрақ-жауап,сөзжұмбақ,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1.Географиялық диктант

1.Қазақстанның климаты ............................................... болып келеді.

2.Қазақстан аумағы ..................... климаттық белдеуде жатыр.

3.Қаңтар айында солтүстікте ............ ,ал оңтүстікте ............. температура байқалады.

4.Қазақстанның климатын ....................., ...................., ................, ауа массалары типтері қалыптастырады.

5.Қолайсыз атмосфералық құбылыстарға ............., ............, ................, ..............., ..................., ...................., жатады.

2.Кортачка.(тақтада Қазақстанның климаты тарауына арналған қайталау сұрақтары салынған .I- II деңгейлік хаттар тұрады)

.I деңгейлік

1.Қазақстанның климат қалыптастырушы факторлары атаңдар?

2.Күн радиациясы дегеніміз не және оның түрлерін ата.

3.Қазақстанның ең ыстық айының орташа температураларын ата?

4.Қазақстанда қар жамылғысының қалыңдығы қандай?

5.Арктикалық ауа массасына сипаттама бер?

II деңгейлік

1.Қазақсанның солтүстігіндені,оңтүстігіндегі және орталығындағы жылдық жауын –шашын мөлшері қандай?

2.Қазақстанның қай аимағында жауын –шашын көбірек қай аймағында азырақ түседі?Неліктен?

3.Қауіпті атмосфералық құбылыстардың біреуіне мысал келтір

4.Жел дегеніміз не? Қазақстан териториясына әсер ететін қандай күшті желдерді білесіңдер?

5.Тропиктік ауа массасына сипаттама бер?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:(Сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу)

1.Су қабығы?(Гидросфера)

2.Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?(Мұхит,өзен,теңіз,көл және мұздықтар)

3.Мұхит суының негізгі қасиеттері қандай?(түздылығы мен температурасы)

4.Суды құрамына қарай нешеге бөлеміз?(Ащы және тұщы)

5.Халықты тұщы сумен қамтамасыз ететін дүниежүзілік мұхиттың негізгі бөлігі? (Өзендер)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қазақстанның ішкі сулары тарауының алғашқы тақырыбы §27 «Қазақстанның өзендері»

Жоспар: 1.Өзен жүйелері және өзен алаптары.

2. Өзен жүйесінің ерекшелігі

3.Өзен суының шығыны және жылдық ағыны.

4.Өзендердің қоректену мен режимі

Қазақстанның ішкі сулары.

Өзендер

Көлдер

Каналдар

Мұздықтар

Жер асты суы

Бөгендер

Өзен жүйелері және өзен алаптары.Қазақстан аумағында ірілі –ұсақты 85 мың өзен бар.Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс,Тобыл,Жайық,Сырдария,Іле,Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.

Республиканың барлық өзендері Солтүстік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа,Торғай үстірті арқылы өтіп,Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді.Бұл алапқа жататын өзен Ертіс(Есіл және Тоблыл салаларымен)

Республиканың өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады.Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді.Бұл көлдердің ірілері –Каспий,Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын , құмға сіңіп кететін сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Қазақстанның өзендері

Балқаш-Алакөл алабының өзендері

Арал теңізі алабының өзендері

Каспий теңізі алабының өзендері

Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері

Ертіс

Есіл

Тобыл

Сырдария Шу

Сарысу Торғай

Іле, Қаратал Аягөз, Тентек,

Ақсу , Сарқан

Жайық

Жем

2.Өзен жүйесінің ерекшелігі.

Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі –жасы әр-түрлі.Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі,өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде.Сондықтан жазықтықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады.Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас,өз дамуның бастапқы кезеңінен өтуде.Бұлардың бойлық қимасы тік,құламалы келеді,яғни қалыптасып бітпеген.Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да,бүйірлік шаюы баяу.

Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі-оның әркелкі таралуы.Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді.Жауын-шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай.Республиканың солтүстігінде, өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км2-ге орта есеппен 4-6 км-ден ,ал оңтүстік шөл зонасында 0,5 км –ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай,Жетісу Алатауы және Тянь-Шань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км2 –де 4-6 км-ге,таудың орта биіктігінде 140-12 км-ге ,биік тауларда 16-18/ км-ге дейін жетеді.

3.Өзен суының шығыны және жылдық ағыны.

Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері.Әдетте су шығыны секундына ағып өтетін текше метр 3/сек) есебімен өлшенеді.

Қазақстанның ең мол сулы өзені- Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 880м3/сек,Сырдария-703м3/сек .

Өзеннің жыл бойына ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды.

Мысалы,Ертістің жылдық ағыны -28млрд м3. Су шығыны жер беті суларының қорларын анықтайды.Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған,беткі ағынның мөлшері -59 км3

Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км2-ге келетін мөлшері 20 000м3.

Республика өзен ағынының мөлшері жағынан Түркменстаннан ғана алда.Ағын жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады.Қыс айларында жазықтағы жылдық ағынның 1%-ын береді.

4.Өзендердің қоректенуі мен режимі.

Қазақстан өзендері негізінен қар,жаңбыр,мұздық және жер асты суымен қоректенеді.

Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады.

Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала,дала зоналарының өзендері жатады.Басты өзендері –Есіл,Тобыл.Бұл өзендер көктемде тасиды,сәуір-мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді.Өзендер суды алдымен еріген қардан,кейін жаңбыр суынан алады.Өзен суңының деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады,бұл кезде олар еспе суымен қоректенеді.Негізінен қар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді.Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері- Нұра,Жайық,Сағыз,Жем,Торғай және Сарысу жатады.Өзендің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады.Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді.Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі.

Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады.Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады.Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп,қыста қайта төмендейді.

Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтар мен қоректенетін типіне жатады.Бұған Сырдария,Іле,Қаратал және Ертіс өзендері кіреді.Бұл өзендердің деңгейі көктемде,Алтай тауының өзендері кіреді(Ертіс) көктемнің 2жартысы мене жазда тасиды..Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзеннінің су тасуы ұзаққа созылады.

Тянь-Шань,Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда,яғни жылдың жылы кезінде тасиды.Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып,одан орта,жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп,күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%) ,ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.

Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да,оларды қарашының аяғында тұрақты мұз басады.Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде-190см,оңтүстігінде өзендерінде 110 см болады.Өзен мұзы 2-4 ай бойы қатып жатады.

Биік тау өзендерініңі мұз режимі басқаша.Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен қоректенетіндіктен,тұрақты мұз жамылғысы қалып таспайды.Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байлады.

Қазақсанның жазық бөлігіндегі өзендерінің ағысы баяу болады.Қатты материалдарды аз тасымалдайды.Мұндай өзендердің лайлығы 50-100г/м3, ал төменгі ағысында 200г/м3.Борпылдақ жыныстары көп ағызып әкелетін батыс Қазақстанның өзендерінің лайлығы тым жоғары(500-700г/м3) келеді.Тау өзендерінің лайлығы ағыс бойымен төмен қарай артады..Оның мөлшері-Іледе 650г/м3,Шудың төменгі ағысында -900 г/м3,Сырдарияда -1200г/м3

IV. Бекіту кезеңі.Сандар сөйлейді.

1) 7 - (Қазақстандағы ең ұзын өзендер)

2) 85 мың- (өзен бар)

3) 1000км- (ең ірі 7 өзеннің ұзындығы)

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности