link10962 link10963 link10964 link10965 link10966 link10967 link10968 link10969 link10970 link10971 link10972 link10973 link10974 link10975 link10976 link10977 link10978 link10979 link10980 link10981 link10982 link10983 link10984 link10985 link10986 link10987 link10988 link10989 link10990 link10991 link10992 link10993 link10994 link10995 link10996 link10997 link10998 link10999 link11000 link11001 link11002 link11003 link11004 link11005 link11006 link11007 link11008 link11009 link11010 link11011 link11012 link11013 link11014 link11015 link11016 link11017 link11018 link11019 link11020 link11021 link11022 link11023 link11024 link11025 link11026 link11027 link11028 link11029 link11030 link11031 link11032 link11033 link11034 link11035 link11036 link11037 link11038 link11039 link11040 link11041 link11042 link11043 link11044 link11045 link11046 link11047 link11048 link11049 link11050 link11051 link11052 link11053 link11054 link11055 link11056 link11057 link11058 link11059 link11060 link11061 link11062 link11063 link11064 link11065 link11066 link11067 link11068 link11069 link11070 link11071 link11072 link11073 link11074 link11075 link11076 link11077 link11078 link11079 link11080 link11081 link11082 link11083 link11084 link11085 link11086 link11087
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
«Салауатты өмір-табиғат аясында» жазғы сауықтыру жұмысы бағдарламасының жобасы

Қазақстан,Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы
Шапағат балабақшасы
Шапағат балабақша меңгерушісі
Алібекова Жадыра Аманкелдіқызы

Кіріспе

Бағдарламаның өзектілігі

Бағдарламада жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарымен таныстыра отырып,балалардың денсаулығын нығайту, денесін шынықтырып,дамытуды жетілдіру су және ауа көмегімен шынықтыру рәсімдерін пайдаланып жүзеге асырылады.Танымдық қабілеттері мен шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында тақырыптар бойынша мәліметтер,жұмбақтар,қимыл-қозғалыстық тапсырмалар беріледі.

Сондықтан дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын оңтайландыру аса өзектілікке ие болып отыр.

Мектепке дейінгі ұйымның алдында тұрған жауапты міндет- күрделі, өмірден өз орынын таба білетін дені сау, мәдениетті,шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сауықтыру жұмыстарын жүйелі өткізу:

-әрбір бүлдіршіннің қабілеттерін ашуға қажетті жағдай жасау;

-бала өмірін қызықты құрдастармен және ересектермен қарым –қатынаста жұмыс жасауға үйрету;

-дене және психикалық денсаулығығын нығайту,

- қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

-валеологиялық білімін іс-тәжірибеде өздігінен іске асыра және спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса білуге мүмкіндік береді.

Жаз кезінде балалардың ағзасын сауықтыруға,эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытуға септігін тигізетін жағдай жасау үшін ересектердің (балабақша қызметкерлер мен ата-аналарды) күшін жұмылдыру,біріктіру.

Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауда өткізіледі.Содықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.

Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.

Бағдарлама мақсаты:

-жаз мезгіліндегі балалардың денсаулығын нығайтуда эмоциональдық, тұлғалық,танымдық дағдысын қалыптастыруда үлкендердің/ата-ана,қызметкерлер/

өзара әріптестігін, сабақтастығын біріктіру;

-бала денсаулығын сақтау мен нығайту;

-табиғи факторды пайдалана отырып шынықтыру;

-жеке тұлғаны қалыптастыру,эстетикалық тәрбиені жетілдіру

Бағдарлама міндеттері:

-балалар өмірі мен тұлға қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасау, түрлі аурулардың

алдын –алу,жарақаттануды болдырмау;

-сауықтыру,шынықтыру шараларын ұйымдастыруды жүйелі жүзеге асыру;

-әлеуметтік –мәдени сәйкестену мен төзімділігін тәрбиелейтін орта қалыптастыру;

-педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда ата-аналарды сауықтыру,шынықтыру

шараларымен сауаттандыру;

-балалардың қызығушылығын аттыру,балабақшадағы бала өміріне ұмытылмас қуаныш

сыйлау.

Күтілетін нәтижелер және оларды бағалау

Тәрбиеленушілердің қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру

Медициналық көрсеткіштер

Өз қызметіне баға беру

Іс-шаралар саны және әрбір іс-шараның тиімділігі

Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы

Мамандардың кәсіпқойлығы

Сауықтыру жағдайлары

Өз денсаулығын сақтау және нығайту құзыреттілігінің болуы

Балалар мен үлкендер қатынасында эмоциялық орта жасау.

Нәтижелерді бақылау

- таза табиғат аясында бала денсаулығының нығаюы;

-балалардың денсаулығына медициналық тексеру жүргізу;

-балалардың психологиялық денсаулығын:белсенділігін,көңіл-күйін бақылау;

-мамандардың:педагогтердің,медбикенің,әдіскердің өзара пікір алмасуы.

Жұмыс барысында саналуан тәсілдер мен жоғарыда аталаған терапияның түрлерін пайдалану балабақша мен отбасының дамуы үшін оңтайлы жағдайлар ұйымдастырады .

Жұмыс барысында қатысушылар өзара қарым-қатынаста ашықтық, сенім, өз-өзін басқару ұстанады.Жұмыстың түрлері табиғат аясында, табиғи материалдармен, саяхаттар арқылы табиғатпен тілдесетіндіктен экологиялық бағытқа бағдарланған.Жұмыс жасаушы топ, ұйымдастырушы топ та шығармашылық қабілеттерін көрсете білгендіктен мақсаттарға қол жеткізу үшін мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

Мазмұны.

Сауықтыру жұмыстары 4 тақырыптық тарауды қамтиды:

1. Әдістемелік жұмыстар;

2. Сауықтыру, шынығу тәрбие жұмыстары;

3. Сауықтыру,шынықтыру шараларын басқару, бақылау;

4. Әкімшілік-шаруашылық жұмыстары.

Жазғы сауықтыру кезеңдері:

-дайындық кезеңі;

-ұйымдастыру кезеңі;

-негізгі кезең;

-қортынды кезең.

Іскерлік қарым-қатынас құрлымы:

Жобаны әзірлеуші-балабақша меңгерушісі-Әлібекова Жадыра Амангелдіқызы

Денсаулық сақтау бағытын ұйымдастырушы-медбике Көптілеуова Расима Мұқатқалиқызы

Балаларға арналған сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырушы- әдіскер және шығармашылық топ

Жобаның жүзеге асуын бақылаушы- меңгеруші.

Cауықтыру жұмысының бағыты:

-экологиялық;

-психологиялық;

-сауықтыру;

-спорттық қызмет..

Cауықтыру кезеңін топтамалары:

1.Жазғы кезеңге сәйкес күн тәртібін

2.Жазғы кезеңдегі тамақтануды ұйымдастыру

3.Профилактикалық сауықтыру жұмыстары

4.Шынықтыру іс-шаралары

5.Арнайы сауықтыру жұмыстары.

6.Ата-анамен жұмыс

7.Экологиялық сауықтырулар.

Топтамалар төмендегідей жұмыс түрлерін қамтиды:

1-Ерікті тақырыптық:

Туған күндер,байқаулар, спорттық жарыстар,апталықтар,тақырыптық көрмелер,т.б

2.Табиғат аясындағы сауықтыру,шынығу:

2.1. -ойын түріндегі дене шынықтыру сабақтары;

-су,гигиеналық,шынығу процедуралары /жуыну,аяққа су құю,бассейнге шомылу/;

-сәуле және ауа ванналары;

-таңертеңгі қабылдау;

-таза ауада ертеңгілік жаттығу/дозаланған жүгіріспен аяқталады/;

-бөлме ішін желдету;

-таза ауадағы серуен;

2.2.Профилактикалық сауықтыру:

-витамин терапиясы/витаминді шырын/;

-ертеңгілік екінші ас;

-жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөніс тағамдарымен тамақтану.

2.3.Құм терапиясы:

-жалаң аяқ құмда жүру;

-құмға шомылу;

-құм мүсіндерін жасау;

-“сезіну” тренингі бойынша жаттығулар жасау.

2.4.Арома және фитотерапия:

-бөлмелерді хош иістендіру;

-дозаланған шөп тұнбасымен ауыз қуысын шаю /педиатр нұсқаулығымен/

2.5.Арнайы массаждар:

-майтабандарға арналған жаттығулар;

-қол буындарына, саусақ нүктелер жаттығулары/педиатр нұс. бой-а/

2.6.Музыка терапиясы:

-релаксация жаттығулары/тыныс алу жолдарына арналған жаттығулар/

-би,гимнастикалық жаттығулар/тірек-қозғалыс аппаратын дамытады,/

2.7.Арттерапиясы:

-сурет салу;

-мүсіндеу/есте сақтау,ми нүктелерінің қызметін арттырады/

3.Экологиялық сауықтыру:

-саяхаттар;

-көкорайға саяхат;

-көлге саяхат/табиғат аясындағы мерекелік шаралар/;

-қол еңбегі/гүлдерді баптау,табиғи материалдармен жұмыс/;

Жазғы сауықтыру ,шынықтыру шараларының жұмысы балалардың дене тәрбиесінің негізгі ерекшеліктерінің құрылымына негізделіп,педагогтардың іріктеп алған әдістемелік ұсынымдарын басқара отырып құрылады.

Бағдарламаны іске асыру жоспары

мерзімі

Жұмыстың мазмұны

Дайындық кезеңі

сәуір-мамыр

алаңдағы балалар ойын құралдарын жөндеу

табиғат бұрышын, гүлзарларды даярлау

топтарды біріктіру үшін топтардың толықтырылуын тексеру

педагогтерге, техникалық жұмыскерлерге арнап жазғы мерекелерді,ойындарды,саяхаттарды ұйымдастыру кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелері бойынша нұсқама өткізу.

Балабақша аумағын абаттандыру үшін ата-аналарды жұмысқа тартып, сенбілік ұйымдастыру.

Ұйымдастыру кезеңі.

мамыр-маусымның басы

Тәрбиешілерге балаармен жүргізілетін жұмыстарға дайындалу және оларды өткізу туралы кеңес беру

Тәрбиешілердің жазғы кезеңге дайындық жөніндегі шығармашылық топтарын ұйымдастыру

«Балалардың ауада еңбек етуі» , «спорт алаңын қолдану» тақырыбындағы әдістемелік кеңес.

әдістемелік кабинетті жарақаттандыру:

-серуендер мен экскурсиялардың бағыттары,оларды өткізу бойынша кеңес беру;

-балалармен дене шынықтыру алаңында, экскурсияда, саяхатта өткізілетін қимылды, дидактикалық ойындар картотекасын жасау.

Негізгі кезең

маусым- тамыз

Қызметтің барлық бағыттарын қамтитын бағдарлама әзірлеу

Бағдарламаның жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастыру

Қортынды кезең

тамыздың аяғы

Барлық қызметтердің жазғы кезеңдегі жұмысын талдау

Балалардың денсаулық жағдайын тексеру

Жазғы сауықтыру жұмысы бойынша презинтация өткізу

( Үлгі) 1-топтама. Күн тәртібін жазғы сауықтыру кезеңіне бейімдеу

Мақсаты: жазғы кезеңді ескере отырып,күн тәртібінің белгілі бір кезеңдерін балалардың қимыл-қозғалыс мұқтаждығын қанағаттандыру, барынша оң эмоциялық әсер алатын жағдай туғызу,ұйқының жеткілікті болуы, денсаулығын нығайту үшін қолайлы етіп ұйымдастыру.

Күн тәртібі кезеңдері

Ерте жас тобы

Кіші топ

Қабылдау, тексеру

8.00-8.20

8.00-.8.20

Ертеңгілік жаттығу

8.20-8.25

8.25-8.35

Таңғы асқа дайындық, таңғы ас

8.25-9.00

8.35-9.00

Шығармашылық сабақтар,шағын топтармен,толық топтармен,балалармен жеке жұмыс жасау, үйірмелер жұмысы

9.00-10.00

9.00-10.00

Серуенге дайындық ,серуен

10.00-11.00

10.00-11.30

Сауықтыру шаралары,дәрумендер қабылдау

11.00-11.30

11.30-11-40

Түскі асқа дайындық, түскі ас

11.30-12.00

11.40-12-10

Ұйқыға дайындық,ұйқы

12.00-15.00

12.10-15.00

Тұру,дене шынықтыру рәсімі

15.00-15.15

15.00-15.15

Ойын қызметі,кешкі ас, серуен,үйге қайту

15.15-18.00

15.00-18.00

Пайдаланған әдебиеттер:

Дошкольное воспитание

Алматы 2010жыл

Мектепке дейінгі ұйым басшыларының анықтамалығы

Алматы 2012 жыл

«Воспитание в детском саду» Н.Калашникова

Москва 1998 жыл

«Прогулка» Т.Дрыгина .ТОО « Арман ПВ»

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности