link12000 link12001 link12002 link12003 link12004 link12005 link12006 link12007 link12008 link12009 link12010 link12011 link12012 link12013 link12014 link12015 link12016 link12017 link12018 link12019 link12020 link12021 link12022 link12023 link12024 link12025 link12026 link12027 link12028 link12029 link12030 link12031 link12032 link12033 link12034 link12035 link12036 link12037 link12038 link12039 link12040 link12041 link12042 link12043 link12044 link12045 link12046 link12047 link12048 link12049 link12050 link12051 link12052 link12053 link12054 link12055 link12056 link12057 link12058 link12059 link12060 link12061 link12062 link12063 link12064 link12065 link12066 link12067 link12068 link12069 link12070 link12071 link12072 link12073 link12074 link12075 link12076 link12077 link12078 link12079 link12080 link12081 link12082 link12083 link12084 link12085 link12086 link12087 link12088 link12089 link12090 link12091 link12092 link12093 link12094 link12095 link12096 link12097 link12098 link12099 link12100 link12101 link12102 link12103 link12104 link12105 link12106 link12107 link12108 link12109 link12110 link12111 link12112 link12113 link12114 link12115 link12116 link12117 link12118 link12119
Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
Жылқы малы аса қасиетті жануар

Алматы облысы

Карасай ауданы

Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп

Бастауыш пәні мұғалімі

Тургымбаева Кульшай Садыковна

Тақырыбы:

«Жылқы малы аса қасиетті жануар»

«Жүйрікте де бар, қазанаты бір бөлек» деп жатамыз. Жылқыны не үшін «қазанат» дейміз? «Қазанат» деген сөз-шыдамды,берік,мықты,тұлпар сынды, әлді жүйрік десе жүйрік, жүрісіне мықты, мойымайтұғын деген мазмұнды беріп тұрған секілді.

Жүріс тұрысына,түр-түсіне және жаратылысына қарай қазақ жылқы малын бірнеше түрге бөлген. Солардың бірнешеуіне тоқталайық арғымақ, қазанат, жабы, тобышақ текежәуміт, қазақы ат, пырақ, дүлділ, аңалтеке, жүйрік тұлпар, күлін (сәйкүлік) саңлақ, жорға су, жорға, төкпе жорға, айдама, айдама жорға, жайқалған жорға, ояңқылау, жетек ат, қосаң ат, түп ат, көсем ат.

Ертеде ата-бабаларымыз қару жарағы мен астындағы атына сүйеніп, елін- жерін, намысын қарғады. Бірнеше жүз мыңдаған қолды бастап, сонау Сахалиндегі татар бұғазынан Батысқа қарай Азияны талай рет көктей өтіп, Батыс елдеріне ойран салды сонау түкпір Түнсібірден оңтүстікке беттеп талай рет, Араб, Парсы, Үнді жерлеріне сұғынды. Шығыста Қытайды қорқытып, бес мың шақырымдық қытай «жау балшығын» осы күнгі қытай қорғанын салдырды. Осы бір таңғажайып жорықтар мен қыруар тарихтың жасалуы тек қана жылқы түлігінің орасан молдылығы мен ат күшіне байланысты болған.

Мыңдаған жылдарға созылған жорықтар мен тарихи оқиғалар қазақтың табиғи ұлт болып қалыптасуына орасан зор ықпал жасауы.

Қазақ-қарамалы, жасанды ұлт емес, табиғи ұлт. Табиғи ұлттың табиғатпен белсенді байланысының айғағы- жылқы. Қазақтың ұлттық ділін, қазақтың туған тілін жасасқан аса қасиетті жануар.

Жылқы-ішсе сусын, жесе азық, мінсе көлік. Қазақ жылқының төзімділігіне шек жоқ. Жаугершілік заманында бабаларымыз өзімен бірге үйір-үйір жылқы айдап жүретін болған. Шөлдесе қымызын ішіп, ашықса етін жеп, жүре берген. Әрі қашқанға да, қуғанға да шапшаң қимылды жылқы оңтайлы. Жалт бұрылған икемділігі де шайқас үшін жаралғандай. Қазақ ат арқылы Үндістаннан Араб еліне дейін, Сахарадан Европалық Италия, Франция елдеріне дейін емін-еркін көшіп қонған. 1920 жылы қазақтардың кейбір шаңырағындағы 30-40.000-ға жуық жылқы малы болыпты. Ал бүкіл қазақ даласында 20.000.000-ға тарта жылқы басы бар еді. Кеңес үкіметінен кейін көршілес орыс елінің солақай саясатының кесірінен сол жылқыларды етке өткізіп, қырып салды. Қазақы жылқыны көбейту керек. Қазақы жылқыны сен асырамайсың, ол сені асырайды. 1,5м қар жауса да, өз шөбін өзі тауып жейді. Қазағымыздың кейбір қалталы азаматтары өкінішке орай таза қанды жылқы асырамайды, қаражатын далаға шашып жатыр. Әкелінген әлгі таза қанды жылқылары ұзаққа шабуылға жарамайды. Мінуге де жарамайды. Ал қазақ жылқы тек сақтайды. Тек сақтайтын аң-құс санаулы. Дегенмен тек сақтау бұл жаратылыстағы барлық тіршілік иелеріне тән нәрсе, аққу, кәмшат, құндыз тек сақтайтыны хақ. Америкада пума деген жолбарыс тек сақтайды.

«Қазақ жылқы тектес» деп бекер айтпайды. Жылқы сүті мен етінің шипалы екендігін бұл күнде бүкіл әлем біледі дейміз, бірақ әлем білмесе, бүгін біліп отыр. Ал қазақ баяғыда ақ білген. Жылқы етінің қасиеті сол, ол барлық адамға шипасын тигізеді. Қазақта «жылқы еті жақпаған адам өледі» деген. Бұл нені білдіреді? Бұл дені сау адамның барлығына қорек болады деген.

Осыған ұқсас мынадай тәсіл бар, жылқы етін жеген адамға жақса қырық жыл ауруынан айрықтырыды. Жақпаса қырық жылғы кеселіңді шығарады дейді. Жылқы етін қанша жесең де күпті болмайсың тез сіңеді.

Жылқы малы өте киелі жануар кез келген шөпті жемейді. Иіскеп таңдап жейді. Басқа малдың аяғы тиген немесе аузы тиген шөпке жылқы жоламайды. Лай су ішпейді, суатты кешіп тереңінен, тұнығынан ішеді. Алдымен дәмін татып көріп, сонан соң аузын шайып, содан соң ішеді.

Жылқыдан асқан мал бар ма?Биенің сүті сары бал. Қымызынан асқан дәм бар ма? Баяғыда Ақтамберді мырза осы жырлаған қымыз жай ғана сұйық емес, ол астың да қызметін атқарады, қымыз ішкен адам тоқ жүреді. Ол асты да қорытады. Тамаққа тойып алып, қымыз ішсең, тамақтың қайда кетіп қалғанын білмейсің.

Қымыз ағза қызметін жақсартып, адамды жасартады. Қан құрамын реттейді. Жүрек қан тамырлары аурулардың алдын алады. Зәр шығару органын қызметін жақсартады. Жүйке жүйесінің жұмысын дұрыстайды. Ас қорытуға көмектеседі. Жыныстың қуатын арттырады . Өкпе ауруларын емдейді. Созылмалы асқазан ауруларын (гастрит) жазады, созылмалы өт қабынуын, созылмалы энтеринті, созылмалы тік ішек ауруларын, созылмалы тік ішек ауруларын, созылмалы бауыр қабынуын, асқазан жарасын және 12 бармақ ішек ауруын емдейді. Қымыз қан тамырларын кеңейтіп, қан айналымының жақсаруына мүмкіндік туғызады. Сонымен қандағы түйіршіктерді талқандап, қанның жүрісін қалыпқа түсіреді. Қымызды жүйелі ішкен адам қан айналысының белсенділігі артуы нәтижесінде әртүрлі жүрек ауруларынан айығады.

Қымыз адам жүйкесі жұмысының жақсарудың таптырмас емі болып табылады. Әсіресе орталық жүйенің жұмысын реттейді. Адам көңіл күйін көтеріп, шаршағанын басады. Дене жұмысынан шаршаған адам, қымыз ішетін болса, шаршағаны басылып, қан айналымы жақсарып, жүректің қалыпты жұмыс істеуіне қол жеткізеді. Аш қарынға саумал ішкен пайдалы. Ол асқазан мен ішек жараларын емдейді. Тік ішек жұмысын жақсартып, оның бойында ас қалдықтары қатып, қалмауын қамтамасыз етеді. Пайдалану кезінде іш-құрылысы ауыратын адам қымыз қымыз саумалын таңертең ашқарынға ішкен абзал. Асқазан сілекейлерінің тітіркендіргіш қызметін баяулатады. Сөйтіп ішкі жаралардың беті қабыршықтанып бітуіне әсер етеді. Іш аурулары негізінен дұрыс тамақтанбағандықтан, әртүрлі спирттік ішімдіктерді мөлшерлерден тыс ішкендіктен ас құрсақ жүргендіктен болады. Қымыздың қызметі сондай асқазанның созылмалы ауруларының өзін жазу мүмкіндігіне ие.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности