link5184 link5185 link5186 link5187 link5188 link5189 link5190 link5191 link5192 link5193 link5194 link5195 link5196 link5197 link5198 link5199 link5200 link5201 link5202 link5203 link5204 link5205 link5206 link5207 link5208 link5209 link5210 link5211 link5212 link5213 link5214 link5215 link5216 link5217 link5218 link5219 link5220 link5221 link5222 link5223 link5224 link5225 link5226 link5227 link5228 link5229 link5230 link5231 link5232 link5233 link5234 link5235 link5236 link5237 link5238 link5239 link5240 link5241 link5242 link5243 link5244 link5245 link5246 link5247 link5248 link5249 link5250 link5251 link5252 link5253 link5254 link5255 link5256 link5257 link5258 link5259 link5260 link5261 link5262 link5263 link5264 link5265 link5266 link5267 link5268 link5269 link5270 link5271 link5272 link5273 link5274 link5275 link5276 link5277 link5278 link5279 link5280 link5281 link5282 link5283 link5284 link5285 link5286 link5287 link5288 link5289 link5290 link5291 link5292 link5293 link5294 link5295 link5296 link5297 link5298 link5299 link5300 link5301 link5302 link5303 link5304 link5305 link5306 link5307 link5308 link5309 link5310 link5311 link5312 link5313 link5314 link5315 link5316 link5317 link5318 link5319 link5320 link5321 link5322 link5323 link5324 link5325 link5326 link5327
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

Казахстан, пос. Заводской

Средняя школа

Учитель истории

Каримов К.К.

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеу, пысықтау, мектеп бағдарламасын толықтыратын қосымша әдебиетпен жұмыс істей білуді, ойлау қабілетін,тапқырлығын дамыту.

Сабақтың міндеті: Алған білімдер жинағын меңгеруге, оларды дәстүрлі емес жағдайда қолдана білуге үйрету, логикалық ойлау, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: карта, суреттер, мультимедиялық тақта

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын, кім бар, кім жоғын журналға белгілеп шығу.

Мұғалім:

Оқушылар біз сіздермен «Ерте орта ғасылардағы мемлекеттер» бөлімімен түгел танысып шықтық. Сол себепті алған білімдерімізді пысықтау үшін мен сіздерді сайыс сабағына шақырамын. «Сайыс сабағы» дейтін себебім мен сіздерді екі топқа бөлемін де, топтар арасында сайыстар өткіземін. Сол себепті екі топқа бөлінейік. Әр топтың аты болады, ол «Атамекен» және «Ата жұрт». Және де әр топ өз арасында топбасшылырын немесе капитандарын таңдап алсын. Сайыс болғаннан кейін бізде әділ қазылар алқасы болуы керек, сол себепті 11 сынып оқушысы Елікбай Айгерім және келген қонақтарымыз ------------- ------------------- сіздерді өз әділ бағаларымен бағалайды.

Сонымен сабағымыздың бірінші сайысын бастайық. Әр сайыстың аты мен ұраны болады. Олар әр сайыстың алдында айтылып отырады.

Бірінші сайысымыздың аты «Сырыққа шығу», ұраны «Әркімнің өзі шығар биігі бар». Мұнда үй тапсырмасы ретінде түрік мемлекеттер жайында ақпарат жинап келуіге берілген еді, олай болса әр топтан тапсырманы жауап беру үшін оқушылар шығып, дайындағандарын айтсын.

ü Әділ қазылар алқасы сіздер әділ бағаларыңызды беріп отыруға ұмытпаңыздар.

ІІ. Екінші сайыс. Сайыстың аты «Алтын қабақ ату», ұраны

«Өнер — ағып тұрған бұлақ,

Білім — жанып тұрған шырақ».

Бұл сайыста әр топ ру-тайпаларды естеріне түсіріп, қай мемлекетке қандай ру-тайпалар кіргенін атап шығуы керек.

1. Түрік қағанатына: теле, қырғыз, оғыз, үйғыр, дулу, үйсін.

2. Батыс Түрік қағанаты: он-оқ бұдүн бес нушебилер бес дулу.

3. Түркеш қағанты: сары және қара түркеш, күнгіт таипасы.

4. Қарлұқ қағанаты: бұлақ, жікіл, ташлық.

5. Оғыз мемлекеті: байандұр, имур, қайлар.

6. Қимақ қағанаты: эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажлар, имек, қыпшақ

ü Әділ қазылар алқасы сіздер әділ бағаларыңызды беріп отыруға ұмытпаңыздар.

ІІІ. Үшінші сайысымыздың аты «Арқан тартыс», ұраны «Асу бермес асқар жоқ». Бұл сайыста әр топқа кезекпен сұрақ оқылады, кім көп сұраққа жауап береді, сол топ көп ұпайдың иегері болады. Сонымен іске сәт.

1. Түрік қағанаты халқының негізгі шаруашылығы. (мал шаруашылығы)

2. Түріктердің негізгі баспанасы.

(киіз үй)

3. Түрік басшысының лауазымы. (қаған)

4. Батыс Түрік қағанатының орталығы (Суяб)

5. Батыс Түрік қағанатының бірінші билеушісі. (Тардуш)

6. «Он оқ будун» мемлекетті басқару жүйесін еңгізген қаған.

(Ешбар Елтеріс)

7. Батыс Түрік қағанатында қазылық міндетін атқарғандар. (бұйрықтар)

8. Батыс Түрік қағанатында қатардағы қауымдық малшылар. (қара-будундар)

9. Түркеш әулетінің негізін орнатқан. (Үшелік қаған)

10. Оғыз мемлекетінің ХІ ғасырдың басында құлау себебі. (оларды қыпшақтар ығыстырды)

1. Түркеш қағанатында ерекше дамыған шаруашылық саласы. (мал шаруашылығы)

2. Соғдылықтар сөйлеген тіл. (иран)

3. Оғыз мемлекеті құрылған аймақ. (Сырдария өзенінің бойында)

4. Оғыздардың астанасы. (Янгикент)

5. Оғыздардың жоғарғы қолбасшысының атағы. (жабғұ)

6. Қимақ қағанатының астанасы. (Имақия)

7. Қимақтар туралы жазған ХІ ғасырдың парсы тарихшысы. (Гардизи)

8. Түріктердің жазуының негізі. (тайпалық, рулық таңбалар) (тамға)

9. «Қорқыт Ата» кітабының мәтінінің құрылымы. (нақыл сөз, ғибрат)

10. Түркеш қағанатының астанасы. (Суяб)

ІV. Төртінші сайысымыздың аты «Тал отырғызу», ұраны «Әдепсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал жақсы» демекші түрік мемлекетінің тарихи ескерткіштері сөзжұмбақта жасырылады, ал сіздер болсаңыздар сол сөзжұмбақтарды шешіп, жауабын табуларыңыз керек.

«Күлтегін», «Сардоба», «Дың», «Балбал», «Ақыр тас»

ü Әділ қазылар алқасы сіздер әділ бағаларыңызды беріп отыруға ұмытпаңыздар.

V. Бесінші сайысымыздың аты «Күш сынасу», ұраны «Білегіңе сенбе, біліміңе сен». Бұл сайыста сіздер сәйкестікті тап тапсырмасы бойынша жұмыс істейсіздер. Яғни, тапсырманың оң жағында жауаптары жазылған, ал сол жағына болған оқиғалардың сәйкестіктерін табуларыңыз керек.

552

Түрік қағанатының пайда болған жылы

603

Батыс Түрік қағанаты- ның пайда болған жылы

715-738

Сұлу қағанның билік еткен жылдары

704

Үшілік қаған қытайлар -мен күресте жеңіске жеткен жылы

751

Атылах шайқасы болған жыл

756-940

Қарлұқ қағанатының өмір сүрген жылдары

25

Қарлұқ мемлекетінде орналасқан қалалар саны

20

Түркеш қағанатының бөлінген әкімшілік аймақ саны

704

Түркеш қағанатының пайда болған жылы

603

Түрік қағанатының екіге бөлінген мерзімі

35

Көне түрік әліпбиі әріптерінің саны

10000

Батыс Түрік қағанаты- ның бір түменде жауынгер саны

VІ. Алтыншы сайысымыздың аты «Ат жарыс», ұраны «Шапқан озар, жатқан қалар». Мұнда сіздерге жазбаша орындау үшін тестік тапсырмалар орындауға беріледі. 6 сұрақ және орындау уақыты 10 минут.

ü Әділ қазылар алқасы сіздер ұпай сандарынның қорытындысына дайындала беріңіздер.

VІІ.Жетінші сайыстың аты «Той тарқар», ұраны «Білімнің басы бейнет, соңы зейнет». Мұнда әділ қазылар алқасына сөз беріледі, қорытындыларын шығарады.

Ал менің айтарым сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет, (белсенді қатысқан оқушыларды бағалап шығу), жазған тестерін бойынша тағы да баға қойылады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности