Казахстан, Акмолинская область, г.Кокшетау
КГУ «Областная специальная коррекционная школа-интернат №4 для детей с нарушениями слуха»
Воспитатель
Закриинова Гаухар Темірбекқызы
Құрметті оқушылар, ұстаздар тіл апталығына орай, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген топты анықтау. Сайысқа екі сыныптан алынған екі топ, әр топта бес оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.
Сайыс болғандықтан әрине бізге міндетті түрде әділқазылар алқасы керек. Ал енді бізге бүгін сайысқа келіп отырған топтар.
1 топ 7а сынып оқушылары.
ЖАЛЫН ТОБЫ
Білімді қару етеміз.
Мұратымызға жетеміз!
2 топ 7б сынып оқушылары.
ҰЛАН ТОБЫ
Тартысайық сайыста.
Білімің болса қалыспа!
Сайысымыз негізінен төрт кезеңнен тұрады:
1 кезең. Топты таныстыру
2 кезең. Сиқырлы жетілік.
1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
Қазақ тіліне тән 9 - дыбыс бар
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дыбыстар екіге бөлінеді (Дауысты, дауыссыз)
3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді (жуан және жіңішке)
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбымтар ушке бөлінеді (Ұяң, үнді, қатаң)
5. Қазақ тілінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде 42 әріп бар.
6. Әдепті бала дегеніміз кім?
Үлкендердің сөзіне араласпайды,автобуста орын береді.
7. Көптік жалғауларды ата?
Лар,лер, тар, тер, дар, дер.
3 кезең. Қазақ тілінен грамматикаға байланысты қойылатын сұрақтар.
4 кезең. Сөз мәйегі. Сөйлем құрастыру. Күз.