link12360 link12361 link12362 link12363 link12364 link12365 link12366 link12367 link12368 link12369 link12370 link12371 link12372 link12373 link12374 link12375 link12376 link12377 link12378 link12379 link12380 link12381 link12382 link12383 link12384 link12385 link12386 link12387 link12388 link12389 link12390 link12391 link12392 link12393 link12394 link12395 link12396 link12397 link12398 link12399 link12400 link12401 link12402 link12403 link12404 link12405 link12406 link12407 link12408 link12409 link12410 link12411 link12412 link12413 link12414 link12415 link12416 link12417 link12418 link12419 link12420 link12421 link12422 link12423 link12424 link12425 link12426 link12427 link12428 link12429 link12430 link12431 link12432 link12433 link12434 link12435 link12436 link12437 link12438 link12439 link12440 link12441 link12442 link12443 link12444 link12445 link12446 link12447 link12448 link12449 link12450 link12451 link12452 link12453 link12454 link12455 link12456 link12457 link12458 link12459 link12460 link12461 link12462 link12463 link12464 link12465 link12466 link12467 link12468 link12469 link12470 link12471 link12472 link12473 link12474 link12475 link12476 link12477 link12478 link12479
Нурдуллаев Ерлан Габибуллаевич
Должность:Информатика пәні мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан Республикасы
Регион:Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Петровка ауылы
Информатикадан ашық сабақ "Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программа интерфейсі"

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат бере отырып, MS Word мәтәндәк процесс бағдарламасымен жұмыс жасауға үйреті;

Дамытушылық: Оқушылардыға деңгейлік тапсырмаларды бере отырып, шығармашылық ізденісін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың информатика кабинетінде қауіпсізік ережесін сақтай отырып, өзін-өзі ұстауға, достарымен, топпен ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі : Саяхат сабақ

Көрнекілігі: ДК, билеттер, тапсырма, слайд

Өту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу. (2 мин)

Информатикалық пойыз

1. Кубик лақтыру, билет алу

2. Ақпарат бекеті

3. Пернелер бекеті

4. Компьютер бекеті

5. Білім қаласы

Топқа бөлу (3 мин)

1. Үй тапсырмасын тексеру. Кубик лақтыру арқылы (5 мин)

Шарты: Кубикта 1-ден 6-ға дейінгі сандар жазылған, оқушылар кезек-кезегімен кубикті лақытырады, жерге түскен кубиктағы санды мұғалімге айта отырып сол санға арналған сұраққа жауап береді. Сурақтар easyQuizzy бағдарламасында жасалған.

Ctrl + С пернелері қандай қызмет атқарады?

Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

2. батырмасының қызметі:

Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

3. Егер бас әріпті енгізу керек болса

Shift

4. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса

CapsLock

5. Мәтіндік процессор іске қосу?

Пуск - все программы — Microsoft Office- MicrosoftWord

6. Tab- пернесінің қызметі?

Абзацтан жазу

Оқушылар сұрақ жауабына қарай пойызға билет алып сапарға «Білім қаласына» шығады.

2. Ақпарат бекеті. Мұнда оқушылар жаңа сабақпен танысады.

Сабақ PowerPoint бағдарламасында көрсетіліп түсіндіріледі.

§16. Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі (15 мин)

Мәтіндік процессор — кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға (теру, түзету, пішімдеу, кейде басып шығаруды қоса есептегенде) арналған қолданбалы компьютерлік программаның бірі.

Мәтіндік процессордың терезесі

Процессордың экраны құрамына Windows-тің стандарттық тересесінің барлық элементтері кіреді:

Ø Тақырып жолы;

Ø Жолақ;

Ø Қалып-күй жолы;

Ø Горизанталь және вертикаль айналдыру жолақтары;

Ø Терезені басқару батырмалары.

Тіркеме парақтары: Бас, Кіріктіру, Бетті белгілеу, Сілтемелер, Тарату, Рецензиялау, Түр.

Жолақтың алдында Office батырмасы орналасқан. Оның құрамына құжатты сақтау, ашу, жаңа құжатты құру және т.б. бұйрықтар бар.

Экрандағы төменгі жол қалып-күй жолы немесе ақпараттық жол деп аталады, себебі оның құрамына құжатпен жұмыс істеу барысында өзгеріп тұратын әртүрлі ақпарат кіреді.

Бұл жолы:

Жалпы құжат беттері санының ішінен ағымдағы беттің нөмірі;

Құжаттағы беттер саны;

Тіл көрсетілген.

Құжатты құру және сақтау

Файлмен жұмыс істеу командалары (құжатты құру, ашу және сақтау) Office батырмасының мәзірінде орналасқан. Құру бұйрығын таңдағаннан кейін құжатты құру терезесі пайда болады және Жаңа құру қалпы (шаблон) таңдалады. Ештеңені өзгертпестен, тек құру батырмасын бассаңдар, жеткілікті.

Құжатты сақтау үшін жалпы қабылданған сақтау және қалай сақтау бұйрықтарын қолданады.

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»

Абай

Абай атамыз бұл сөздерінде сендердің өзінен-өзі есеп алуға, ұқыптылыққа, өз уақытын тиімді пайдалануға қалыптассын деген.

Сергіту сәті (1 мин)

бейнеролик арқылы оқушылармен жаттығу жасау.

3. Пернелер бекеті

Microsoft PowerPoint бағдарламасында жұмбақтар шешу.

1) Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )

2) Міне, тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші, енді нені басам мен? (Caps Lock )

3) Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің? (Пробел)

4) Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift +)

5) Сәйкестендіру тапсырмасын орындау.

2. Компьютер бекеті.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс 90-91бет. (15 мин)

Өзіңді тексер 91-92 бет

Соңғы бекет білім қаласы

Бағалау: Өзін-өзі бағалау (3 мин)

5- Тақырыпты жақсы меңгердім

4- Сабақты жақсыдан төмен меңгердім,әлі де жұмыс жасауым қажет

3- Бұл тақырып бойынша көп жұмыс жасауым қажет

Үй тапсырмасы: §16. Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі 85-91 бет (1 мин)

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности