Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Математика пәнінен бақылау және өздік жұмыстары 4-сынып

Сердалина Меруерт Есенжоловна, учитель начальных классов с казахским языком обучения Новосельской средней школы района имени Габита Мусрепова, село Новосёловка, Северо-Казахстанская область,Казахстан

Түсінік хат
Математика-мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын
амалдарды,шамаларды,есептерді,алгебра геометрия элементтерін біріктірген,олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады.
Мақсаты:
-Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
-Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-Зейінін, еске сақтау, байқағыштык, қиялдау, танымдық іс-эрекетгерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
- Окушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Мемлекеттік білім стандарты деңгейді білім,білік және дағдыларын игерту
-«Математика»пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке,өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу,сондай-ақ ата-дәстүр,әдет-ғұрып,салт-сана,халықтық ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру аркылы баланы түлға ретінде қалыптастыру
-Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін,интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту
-Мектептің негізгі сатысында окуға,меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру
Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету.
Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім,білік және дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Бір таңбалы сандар қатарының ретін білу.
Қосумен азайтуға байланысты таңбалар мен терминдер. Қосудағы жэне азайтудағы нөл мен бірдің қасиеттерін.Қосудың ауыстырымдылық қасиетін 100 көлеміндегі косу кестесін білуі тиіс Геометриялык фигураларды атай алуы Берілген ұзындығы бойынша кесіндіні сала алуы. Миллион көлеміндегі сандардың натурал қатарының ретін .Қосудың және көбейтудін қасиеттерін. Жақшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалуын ретін, тәртібін. Есептің құрамдас бөліктерін және оны шығару үдерісін кезеңдерін білуі тиіс. Сандарды жазбаша көбейту баған түрінде және бөлу тәсілдері.

Оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс дегеніміз — оның барлық компоненттерін меңгеру деген сөз. Оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс жасау көрсеткішін анықтау үшін бір жағынан осы көрсеткішердің оқу әрекеті компоненттерімен байланысын, екінші жағынан өз бетінше жұмыс жасаудың құрылымы мен ара қатынасын қарау керек.

Қазіргі сабақтарда ол ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі, өз бетінше жұмыс істеу әрекеті үрдісінде ғана оқушы білімді меңгеруде жетістікке қол жеткізеді. Сабақ үстінде оқушылар өз мүмкіндіктерінше өздігінен еңбектенуі қажет, ал мұғалім оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып, оны орындауға бағытталған тапсырма беруі қажет.

Оқу үрдісіндегі өз бетінше жұмыс деп — белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз. Енді танымдық жаттығулардың түрлері туралы айисақ, бұлардың өзіндік жасалу жолдары мен тәсілдері бар.

Бастауыш мектептің математика курсы бойынша дайындалған оқу- әдістемелік құрал мұғалімдерге әдістемелік тұрғында көмек беру мақсатын көздейді. Құралды құрастыруда бастауыш мектеп математикасының оқу бағдарламасы басшылыққа алынды. Стандартқа сәйкес бастауыш математикалық білім берудегі аса мәнді өзгерістердің бірі оқушыларды математиканы оқыту барысында шығармашылық ізденіске жетелейтін іс- әрекеттерге баулу мақсатының көзделуі болып табылады.

Бақылау бастауыш буындағы оқытудың нәтижесінің көрсеткіші мұғалімнің іс- әрекетінің де көрсеткіші болып табылады.Кіші мектеп жасындағы оқушыларға білім берумен қатар өзін- өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Математикадан өздік және бақылау жұмыстары оқушылардың алған білім деңгейінің нәтижесін байқауға, өтілген материалды меңгеруге, жетістігін ой — қылықтарын айқындауға көмектесу үшін құрастылған.

Құралымның негізгі мақсаты: жас мамандарға іс- тәжірибемді тарату.

Оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыру арқылы олардың сабақта алған білімін тиянақтап бекіту мақсаттары көзделген.

Бақылау және өзіндік жұмыстардың мөлшері:

Тоқсан

І-тоқсан

ІІ-тоқсан

ІІІ-тоқсан

ІY-тоқсан

Бақылау жұмысы

3

2

3

4

Өздік жұмысы

2

2

3

3

Барлығы

5

4

6

7

Бақылау жұмысы№1

1- нұсқа

1. Есепті шығар:

32 м матадан бірдей 8 көйлек тігілді. 12 көйлек тігу үшін неше метр мата қажет ?

2. Өрнектің мәнін тап.

109 * 7 486 * 2 686 : 7 608 — 359

3 * 251 436 : 4 792 : 3 328 + 296

3. Амалдарды орында:

72 + 48 : ( 3 * 2 ) ( 1.230 + 600 ) — ( 570 — 70 )

4. Ұзындығы 8 см ,ені 3 см-ге тең тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын есепте.

5. Сандар қатарын жалғастыр: 608, 618, 628, …, …, … .

6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте

32кг 50г= г 5дм2 = см2 =мм2

6545м =см 320 ц= кг

5500см =дм =мм 2135 кг = тцкг

7.* Шығармашылық тапсырма. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?

2- нұсқа

1. Есепті шығар:

32 м матадан бірдей 8 көйлек тігілді. 60 метр матадан неше көйлек тігуге болады ?

2. Есепті баған түрінде орында.

407 * 2 2 * 462 278 * 3 706 — 428

812 * 2 536 : 8 774 : 2 246 + 479

3. Амалдарды орында:

41 — 3 * ( 63 : 9 ) ( 980 — 800 ) + ( 320 — 20 )

4. Қабырғалары 7 см-ге тең шаршының периметрі мен ауданын тап.

5. Сандар қатарын жалғастыр: 995, 985, 975, …, …, … .

6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте

6м2= см2= мм2 10см2 = мм2

4580м =см 120 ц= кг

2500см =дм =мм 5154 кг = тцкг

7. * Шығармашылық тапсырма. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 және 5 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.

Бақылау жұмысы № 2

1- нұсқа

  1. Есепті шығар :

Дүкенгеәрқайсысында 32 килограммнан 8 қорап кәмпит және әрқайсысында 32килограммнан 7 жәшік вафли әкелінді. Кәмпит пен вафлидің қайсысы неше килограммға ауыр?

  1. Салыстыр:

2 500 мм … 25 см 3 км 205 м …3 250 м

6 т 800 кг … 68 ц 10 250 кг …10 т 2 ц

5 249 … 5 * 1000 + 2 * 100 + 9 * 10 +4

  1. Мысылдарды шығар:

25 819 + 1 395 000 : 100 500 000 - 1

309 * 100 75 800- 10 000 130 007 +8 000

4. Есепте:

Қабырғаларының ұзындықтары 3см,4см,5см болатын ұшбұрыштың периметрін тап.

  1. Сандарды өсу ретімен жаз:

5 дм , 50 см, 500 дм, 5000см

6. * Шығармашылық тапсырманы орында:

Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелерден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.

2-нұсқа

1. Есепті шығар :

Қоймаға әрқайсысында 46 килограммнан 6 қап ұн және 48килограммнан 5қап күріш әкелінді.Ұн мен күріштің қайсысы неше килограммға ауыр?

2. Салыстыр:

12 дм 80 мм …1 280 мм 52 мм … 2 см 5 мм

2 400 кг … 240 ц 6 т 8 кг … 6 080 кг

814 129 … 814 100 + 2 * 10 + 9

3. Мысалдарды шығар:

73 549 +1 326 000 — 1 000 84 600 : 10

30 000 — 1 268 * 1 000 206 317 — 300

4. Есепте:

Қабырғаларының ұзындықтары8см 3см4см5см2см көпбұрыштың периметрін тап. .

5. *.Сандарды өсу ретімен жаз:

7 дм , 70 см, 700 дм, 7000см

6. * Шығармашылық тапсырма :

Бөртегүл ағашының бұтағында 4 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.

Бақылау жұмысы № 3

1- нұсқа

1. Есепті шығар :

Еңбек сабағында екінші сынып оқушылары 24 балға, ал үшінші сынып оқушылары 72 балға жасады. Үшінші сынып оқушылары 2 сыныпқа қарағанда неше балға артық жасады?

2. Есепті шығар және тексер :

700 000 — 24 618 804 608 + 96 395 312 879 — 179 542

3. Өрнекті баған түрінде орында :

28 км 640 м — 9 км 890 м

18 т 360 кг + 16 т 740 кг

4 сағ40 мин — 55 мин

4. Теңдеуді шеш :

290 + Х = 640 — 260

  1. Өрнектерді жазып, олардың мәнін тап.

184 пен 12-нің қосындысын 5 есе арттыр

1000 мен 45-тің айырмасын 5 есе кеміт

6. * Тура теңдік шығу үшін сандар арасына амалдар таңбасын және жақша қой.

1 2 3 4 5 6 7 = 24

2 -нұсқа

1. Есепті шығар:

Асханаға 300кг күріш және одан 3 есе аз қант алып келді. Асханаға қанша килограмм қант алып келді??

2. Есепті шығар және тексер :

600 600 — 24 863 143 807 + 57 296 529 631 — 181 479

3. . Өрнекті баған түрінде орында :

16 т 230 кг — 9 т 750 кг

32 км 560 м + 19 км 540 м

2 сағ 2 мин — 45 мин

4. Теңдеуді шеш:

400 — Х = 275 + 25

  1. * Өрнектерді жазып, олардың мәнін тап.

125 пен 5-тің көбейтіндісін 118-ге кеміт

900 бен 456-ның айырмасын 2 есе кеміт

6. * Тура теңдік шығу үшін сандар арасына амалдар таңбасын және жақша қой.

3 3 3 3 3 = 33

Бақылау жұмысы№ 4

1- нұсқа

  1. Есепті шығар:

Үш сөреде 522 кітап жинаулы тұр. Бірінші сөреде — барлық кітаптың үштен бір бөлігі.Біріншіге қарағанда екіншісінде 56 кітап артық. Қалған кітаптар үшінші сөреде жинаулы тұр.Үшінші сөреде неше кітап жинаулы тұр?

2. Амалдарды орында:

( 10 283 + 16 789 ) : 9 5 * ( 125 +75 ): 20 + 80 ( 200 496 — 134 597 ) * 2

3. Салыстыр :

6 т 20 кг … 6т 2 ц 20 км 300 м … 23 000 м 3 тәул 10 сағ …190 сағ

4. Теңдеуді шеш :

3 * Х = 87 — 6

5. Ұзындығы 8 см, ені 5 см, биіктігі 4 см параллелепипедтің көлемін тап

6. * Немере атасынан: «Жасың нешеде? „деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?

7. * Дүкенде 4 әртүрлі қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады?

2- нұсқа

1.Есепті шығар :

Дүкенге 850 кітап қоймадан әкелінді.Бірінші күні барлық кітаптың екіден бір бөлігін сатып алды.Біріншіге қарағанда 84 кітап кем сатылды.Қалған кітап үшінші күні сатылды. Үшінші күні неше кітап сатылды?

2. Амалдарды орында:

( 18 370 + 23 679 ) : 7 156 — 96 : ( 12 : 4 ) : 2 ( 800 035 — 784 942 ) * 6

3. Салыстыру :

6 т 200кг … 62 000 кг 5 км 4 м … 5 км 40 дм 245 ч … 4 сут 5 ч

4. Теңдеуді шеш :

84 : Х = 6 * 7

  1. Ұзындығы 7 см, ені 4 см, биіктігі 5 см параллелепипедтің көлемін тап

6. * Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде?

7. * Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады

Бақылау жұмысы№ 5

1 нұсқа

  1. Есепті шығар:

Бумадан 120 бет қағаз алынғаннан кейін, онда 380 бет қағаз қалды. Бумада қанша бет қағаз болған??

2. Есепте :

62 240 : 40 238 800 : 600 4 050 * 600 7 320 * 40

3. Амалдар тәртібін анықта және есепте.:

563 430 : 70 + 9 204 * 40

  1. Теңдеуді шеш:

204 * 500 — Х = 390

5. Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын тап.

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 54 мм, ал ені одан 24 мм қысқа. Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.

6. * Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді??

2 нұсқа

  1. Есепті шығар :

Шипажайға 26 адамнан тұратын топ келгеннен кейін, онда 120 демалушы болды.Бастапқыда шипажайда неше демалушы болған?

2. Есепте :

75 270 : 30 205 100 : 700 2 700 * 900 4 080 * 50

3. Амалдар тәртібін анықта және есепте :

432 360 : 60 + 7 021 * 30

4. Теңдеуді шеш:

701 * 200 — Х = 920

5. Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын тап.

Тіктөртбұрыштың ені 25мм, ал ұзындығы 12мм артық. Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.

6. * Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?

Бақылау жұмысы№ 6

1 -нұсқа

  1. Есепті шығар :

Балалар лагері үшін 2096 төсек қап сатып алынды, бұл ересектердің төсек қабына қарағанда 1956-сы артық.Ересектерге арналған неше төсек қап сатып алынды?

2.Мысалдарды шығар:

50 092 : 28 12 096 : 56 16 533 : 33

43 м — 6м 8мм = … м … дм … см … мм 34 ц — 4 ц 47 кг = … ц … кг …г

  1. Амалдарды орында:

2 503 * 85 + ( 100 000 — 1 975 ): 75

4. Теңдеуді шеш :

5 * Х — 30 = 105

5. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықта :

Ұзындығы 8 см , ені 6 см тіктөртбұрыш сыз. Осы тіктөртбұрыштыі 3тен бір бөлігін боя.Тіктөртбұрыштың және боялған бөлігінің ауданы мен периметрін тап.

6. * Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?

2- нұсқа

1.Есепті шығар :

Таудың басындағы лагерде 48 спортшы демалды.Олардың бір бөлігі серуенге аттанғаннан кейін, лагерді барлық спортшыға қарағанда 36 адам кем қалды.Лагерде қалған адамдар серуенге кеткен адамдардан неше есе артық?

2. Мысалдарды шығар :

5 070 : 78 12 502 : 14 15 652 : 26

14 сағ — 12 мин = … сағ … мин … сек 5 ц 82 г  — 93 г = … ц … кг …г

  1. Амалдарды орында :

17 168 : 16 + ( 830 * 65 — 8 548 )

4. . Теңдеуді шеш :

68 + Х * 6 = 164

5. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықта:

Ұзындығы 6 см , ені 4 см тіктөртбұрыш сыз. Осы тіктөртбұрыштың 3тен бір бөлігін боя.Тіктөртбұрыштың және боялған бөлігінің ауданы мен периметрін тап.

6. * Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?

Бақылау жұмысы № 7

1-нұсқа

1.Есепті шығар:

Үш үлескіден 2 т сәбіз жиналып алынды. Бірінші үлескіден 50 кг жиналды, бұл екіншіге қарағанда 2 есе кем.Ал қалғаны үшінші үлескеден жиналды.Үшінші үлескіден неше килограмм сәбіз жиналды?

2. Есепте :

7 247 * 5 930 760 — 845 999

1 305 : 9 68 754 + 224 689

6 098 * 83 16 727 : 389

38 744 : 58 189 088 : 622

3. Өрнектің мәнін тап :

2 т 2 ц 88 кг + 7 ц 86 кг = …т …ц …кг

2 мин 52 с + 43 с = …мин … с

8 тәул. 17 сағ — 5 тәул. 22 сағ 10 мин = … тәул …сағ …мин

4. Теңдеуді шеш :

112 : Х = 48 : 6

5. * Үстел үстінде үш кесе шие тұр. Марат бір кесе шиені жеп қойды. Неше кесе қалды?

1 -нұсқа

1.Есепті шығар : .

Бақтан 1550 кг алмұрт жиналды.Алмұрттың бестен бір бөлігі 62 жәшікке тең бөлініп салынды.Жәшіктің әрқайсысына неше килограмм неше килограмм алмұрттан салынды?

2. Есепте:

5 289 * 9 48 909 + 298 698

13 518 : 9 92 800 — 217 995

15 698 : 47 19 152 : 684

240 542 : 86 41 097 : 399

3.Өрнектің мәнін тап :

33 м 49 см + 22 м 68 см = … м … см

8 мин 10 с — 7 мин 45 с = …мин … с

3 т 2 ц 75 кг — 8 ц 98 кг = … т … ц …кг

4. Теңдеуді шеш:

126 : Х = 54 : 6

5. * Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Бақылау жұмысы №8

1 -нұсқа

1. Есепті шығар:

Жылыжайға 900 гүл отырғызылды. Оның 630 -қалампыр, қалғаны - қызғалдақ. Әр жүйекке 35 қалампыр және 30 қызғалдақ отырғызылды. Барлығы неше жүйек болды?

  1. Есепті баған түрінде орында.

365 + 137 536 — 284 38 * 6 207 : 3

3. Тіктөртбұрыштың төртінші қабырғасының ұзындығын тап:

Тіктбұрыштың периметрі 3 м. Оның бірінші қабырғасы 88 см, екіншісі біріншісінен 12 см артық, ал үшінші қабырғасы екіншісінен 2 есе кем.

4.Өрнектердің мәнін тап

200 мм = … дм 15 000 кг = … т 600 с = … мин

2 530 м = … км … м 700 дм = … м 17 а = … м

2 -нұсқа

1. Есепті шығар :

Айдын 180 беттік кітапты күніне 20 беттен оқып бітіріп, содан соң басқа кітапты күніне 22 беттен оқыды. Екі кітапты ол 19 күнде оқып бітірді. Екінші кітап неше беттен тұрады?

2. Есепті баған түрінде орында.

523 + 186 231 — 97 242 * 4 912 : 4

3. Тіктөртбұрыштың төртінші қабырғасының ұзындығын тап:

Тіктбұрыштың периметрі 2 м. Оның бірінші қабырғасы 58 см, екіншісі біріншісінен 24 см артық, ал үшінші қабырғасы екіншісінен 2 есе кем

  1. Өрнектердің мәнін тап

300 см = … м 5 т 200кг = ….кг 25 000 мм = … м

2 сағ 15 мин = … мин 30 см = … мм 28 а = … м

Бақылау жұмысы №9

1-нұсқа

1. Есепте.

19·4 505:5

903:3 23·4

820-120·3 8·(360:90)

  1. Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте.

456+198 802-456

669:3 224·4

3.Есепті шығар.

Жиһаз жасайтын фабрикаға әрқайсысында 120 метрден 4 орам мата әкелінді. Оның 192 метрі жұмсалды. Неше метр мата қалды?

4.Теңдеуді шеш.

30·х=960 х+230=50·9

*Балабақшада Ақнұр, Бақыт, Айжан, Нұрлан және Жанат болды.Олардың әрқайсысында бір жұптан қолғап болса, оларда барлығы неше қолғап бар?

2-нұсқа

1.Есепте.

16·6 707:7

802:2 42·4

420+230·2 960:(270:90)

2. Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте.

650+195 630-456

442:2 114·2

3.Есепті шығар.

Қораптан 110 шардан 3 рет алғанда, онда тағы 57 шар қалды. Қорапта неше шар болды?

4.Теңдеуді шеш:

х·40=480 х·50=900-450

* Шелек пен себеттің әрқайсысында 10 алмадан бар. Шелектен себетке 2 алма алып салынды. Шелекке қарағанда себетте неше алма артық болды?

Бақылау жұмысы №10

1-нұсқа

  1. Есепті теңдеу құру арқылы шығар:

Екі сөреде 75 ойыншы

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности