link8442 link8443 link8444 link8445 link8446 link8447 link8448 link8449 link8450 link8451 link8452 link8453 link8454 link8455 link8456 link8457 link8458 link8459 link8460 link8461 link8462 link8463 link8464 link8465 link8466 link8467 link8468 link8469 link8470 link8471 link8472 link8473 link8474 link8475 link8476 link8477 link8478 link8479 link8480 link8481 link8482 link8483 link8484 link8485 link8486 link8487 link8488 link8489 link8490 link8491 link8492 link8493 link8494 link8495 link8496 link8497 link8498 link8499 link8500 link8501 link8502 link8503 link8504 link8505 link8506 link8507 link8508 link8509 link8510 link8511 link8512 link8513 link8514 link8515 link8516 link8517 link8518 link8519 link8520 link8521 link8522 link8523 link8524 link8525 link8526 link8527 link8528 link8529 link8530 link8531 link8532 link8533 link8534 link8535 link8536 link8537 link8538 link8539 link8540 link8541 link8542 link8543 link8544 link8545 link8546 link8547 link8548 link8549 link8550 link8551 link8552 link8553 link8554 link8555 link8556 link8557 link8558 link8559 link8560 link8561 link8562 link8563 link8564 link8565 link8566 link8567
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қозғалысқа есептер шығару

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы
№96 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі
Сермаңызова Жанар

Сабақтың мақсаты:
1.. Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа берілген есептер жайлы білімдерін тиянақтап пысықтау. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
2.. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін өмірде қолдана білуге, тапқырлыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, жаттықтыру, көрнекі, ізденіс әдісі, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс,
Көрнекіліктер: слайд, сызба, деңгейліік карточка, шаңғышылар суреті
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қадағалау. Зейіндерін сабаққа аудару. Қонақтармен амандасу.
Ой қозғау
- Балалар, қазір әлемнің назарын аударған қандай оқиға болып жатыр?
- Олимпиада.
- Бұл олимпиада қандай ойындарға арналаған?
- Қысқы ойындар.
- Ол қай елде болып жатыр?
- Ресейдің Сочи қаласында.
- Дұрыс айтасыңдар, биыл 2014 жылы Сочи қаласында 7 ақпанда қысқы ойындарға арналған олимпиаданың ашылу рәсімі өтті. Оған біздің елден де спортшылар қатысып жатыр.
- Қандай қысқы спорт түрлерін атап бере аласыңдар?
- Хоккей, шаңғымен сырғанау, мәнерлеп сырғанау, шорт трек, фристайл, сноуборд т. б.
- Ендеше бүгінгі сабағымызды осы олимпиадаға арнаймыз. Спортшы секілді ……
Психологиялық дайындық
С - салмақты
П - парасатты
О - озат
Р - рухты
Т - төзімді
Ш - шыныққан
Ы - ынтымақшыл болайық! Бүгінгі сабағымызда осы қасиеттер бойларынан табылады деген ойдамын. Сәттілік тілеймін!
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
№ 7, 9 тапсырманы тексеріп шығу.

ІІІ. Жаңа тақырып.
1. - Балалар, қазір әрқайсың шаңғышы болып жарысасыңдар. Әр есепті дұрыс шығарсаң шаңғышы бір бөгеттен өтіп тұрады. Сөйтіп сабақ аяғында кім озып келетінін анықтап бағалаймыз. Ойымызды жаңғыртып мынаны еске түсіріп алайық.
- Мына жазу нені білдіреді? Кім айтып береді?
S = V x t ------------ V = S: t ----------------- t = S: V
Оқушылар жылдамдық, уақыт, қашықтықты табу ережесін еске түсіреді.

2. №1 тапсырма. Слайд пен суретті пайдаланып сұрақтарға жауап беру. Дәлелдеу.
Бұл спорттың қай түрі? Біздің Ақтөбе облысынан Аслан Даумов деген жас конькиші бұл жарысқа қатысуда. 1 бөгет
3. №2 тапсырма
Бір оқушы тақтада сызбаны пайдаланып, есепті талдап береді. Шартын құрады. Шығарған есебінің дұрыстығын слайдтағы жазумен тексереді
Жүк машина V - 55км/сағ ------------------- Ш: (55+65) х3+89=449км
Жеңіл машина V - 65км/сағ ----------------- (55+65) х7+89=929км
S - 89км
t - 3 сағ S -? км
t - 7сағ S -? км
2 бөгет
4. - Енді балалар, сәл спорттан ауытқып елімізге оралайық. Биыл президент халыққа жолдауын арнады. Ол биылғы Жолдауында да баспана мәселесіне басымдық берді. Жалға берілетін тұрғын үй алаңын жыл сайын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажеттігін атап өтті. Баспана мәселесін шешу үшін 2011 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы түзілген болатын, қазір игілігін беріп, бір жыл ішінде 55 мың қазақстандық қоныс тойын тойлады. Ендеше келесі есебіміз осы үй құрылысына арналған.
Тақтаға келесі оқушы шығады.
№3тапсырма
6 үй — 198 пәтерлі ------------------------------- Шешуі: 198 х 6+270 х 5=2538
5 үй — 270 пәтерлі ------- 15000 --------------- 15000 — 2538 = 12462
Қалғаны -? пәтер
3 бөгет

Сергіту сәті
- Енді балалар, сәл тынығып алайық. Ол үшін мына сандарды оқиық.
753 829
46013
Бірінші санның 2 разрядында қанша бірлік болса, сонша рет аңдардың қимылын қайталаймыз. 4 разрядта? 6 разрядта? 9 разрядта?
Екінші санның 6 разрядта? 4 разрядта? 1 разрядта?
Балалар, неге бұл аңдар шықты? Оқушылардың ойын тыңдау.


4. №4тапсырма.
360+х: 3=440 -------------- х: 8+140=212 ------------ (х+25) х4=360
Х: 3=440 - 360 ------------- х: 8=212 - 140 ------------ х+25=360: 4
Х: 3=80 --------------------- х: 8=72 --------------------- х+25=90
Х=80х3 --------------------- х=72х8 -------------------- х=90 - 25
Х=240 ---------------------- х=576 ---------------------- х=65
4 бөгет
5. №5 тапсырма. Оқушылар деңгейлік тапсырманы таңдап, өз бетінше орындайды.
1. деңгей
Тік төртбұрышты кітаптың мұқабасының ені 10 см, Бұл оның ұзындығынан 2 есе кем. Кітап мұқабасының ұзындығы неше сантиметр?
2. деңгей
Сәйкес келетін санды тап:
□ х 11=957 ---------------- 92 х □ =1012
□ х 101=8787 ---------------- 92 х □ =9292
□ х 1001=87087 ---------------- 92 х □ =92092
3 деңгей
Сызба бойынша есеп құра және шығар:
52км/сағ? км/сағ
Келесі 5 бөгеттен өту.
230км
IV. Қорытынды:
6. Шығармашылық тапсырманы орындау, Жазуды аяқтау. «Кім шапшаң?»
V. Үйге тапсырма:.
VI. Бағалау: Мәреге бұрын жеткен шаңғышы бойынша мадақтау, өздерін бағалау
Естелікке олимпиаданың бойтұмар аңдарының суретін сыйлау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности