Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Графика өнері

Казахстан, Алматинская область, Алакольский район

Средняя школа имени Ә.Әлімжанова

Учитель ИЗО и черчения

Абсалихов Сериккали Болатханович

Сәндік қолданбалы өнер

Мақсаты : Оқушыларға сәндік қолданбылы өнер туралы түсінік беру. Өнер түрлерімен таныстыру.

Дамытушылығы: Жас жеткіншектерге ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қылыптасуына ықпал ету, оқушылардың ой қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа баулып, эстетикалық тәрбие беру

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, технология

Көрнекілігі : ыдыс аяқтар, қолөнер заттары, плакат, сөзжұмбақ, ребус, мақал-мәтелдер.

Құрал — жабдықтар: қалам, қағаз, түрлі түсті бояу.

Типі : жаңа білімді меңгерту сабағы

Түрі: дәстүрлі сабақ

Әдіс тәсілдері : көрнекілік, сұрақ-жауап, іздену жұмыстары.

Сабақтаң барысы : І Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен амандасу

Ә) Оқушыларды түгендеу

Б) Құрал-жабдықтарын тексеру

В) Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындық

А) Ребус шешу

Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын ребус шешейік. Қандай сөз шықты? Шебер, зергер, Өте дұрыс. Шебер, зергер деп қандай адамды айтамыз? Сәнді әшекейлі өнермен айналысатын адамды айтамыз. Ендеше, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз - сәндік қолданбалы өнер.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Балалар сендерге жаңа сабақ түсінікті болу үшін сабақты сатылай талдап көрсетейін.

Тақырыбы : Сәндік қолданбалы өнер


Сәндік қолданбалы өнердің мағынасы, шығу тарихы

Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан ғана емес, эстетикалық жағынан мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтсақ, академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев т.б.

Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеуге қолданатын

материалдар

(ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи және жасанды заттар (платмассалар, гипс, жүн, мақта)

Сәндік қолданбалы өнердің басқа өнермен

байланыстылығы

( кескіндеме, мүсін өнерімен)

Сәндік қолданбалы өнердің түрлері

А) керамика ( терракота, майолика,фаянс, фарфор)

Ә ) Әйнек (ыдыстар, құмыра, құрылыс бөлшектері, мозайкалар)

Б) Көркем оймыш ( ағаш, тас, сүйек, пластмасса)

В) металдана жасалған бұйымдар (зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар)

Г) Жиһаздар , текстиль (сәндік маталар, кілемдер)

Д) Ойыншықтар

Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнер болады. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы ерекше. Қолөнермен айналысатын адамды төрт топқа бөлуге болады.

Қолөнер

Ұста Зергер Ісмер Шебер

1. Ұста – қару –жарақ, ер –тұрман, сауыт- сайман жасаумен шұғылданады.

2. Шебар — ағаштан әртүрлі бұйым жасайтын адам.

3. Зергер — алтын мен күмістен сырға, алқа, білезік жасайтын адам.

4. Ісмер — ұлттық киіммен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар

Тұрмысымызда сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады.

Оқулықпен жұмыс

Алқаның суретін салу

ІV. Жаңа сабақты пысықтау

Сөзжұмбақ . «Ұлттық киімдер»

1. Ұлылардың бас киімі /тақия/

2. Хан сұлтандар киетін бас киім. /айырқалпақ/

3. Ұлттық аяқкиім / мәсі/

4. Әйелдер киімі /камзол/

Әйелдердің аяқ киімі /башпақ/

Ойын. «Диірменді қозғалт»

1. Бас киімге /қыздарға/ тағылатын әшекей /шекелек/

2. Белге тағатын сәндік бұйым /белдік/

3. Мойынға тағатын зергерлік зат /алқа/

4. Құдағиға сыйлайтын сәндік зат / жүзік

5.Түйме орнына тағатын әшекей /қапсырма/

6. Құлақ әшекейі /сырға/

V. Жаңа сабақты қорытындалау

1. Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады ? / сәндік қолданбалы өнер/

2. Ағаштан жасалған заттарды кімдер жасайды /шебер/

3. Ісмер деген кім ?

4. Ұста деген кім ?

Бағалау . Салыстырмалы түрде

VІ.Үйге тапсырма

Камзол, сәукеленің суретін салу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности