Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Волшебные музыкальные инструменты. Домбра

Казахстан, ВКО, г.Семей

КГУ №23

Учитель музыки

Торайғырова Шакинур Оралхановна

Волшебные музыкальные инструменты. Домбра

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың музыка аспаптары туралы толық, жан жақты білім беріледі.

Білімділік міндеті: Жан жақты мағлұмат меңгерту.

Тәрбиелік міндеті: Балалардың есту, есте сақтау қабілеттеріне әсер ету. Әнді түсіне отырып, өнерді құрметтеуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дұрыс өлең айту еркшелігін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі, аралас сабақ

Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, ана тілі, өнер.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.«Жүрек жылуы»

3.Ой толғау. (апамның сандығы)

4 Дауыс ашу жаттығуы.

5 Үй тапсырмасын тексеру.

6.Жаңа сабақ. (домбыра суретімен тақырып)

А) домбыраның түрлері

Ә) домбыраның құрылысымен танысу сөзі, және суретті құрылыс.

7.Күй тыңдату. Құрманғазының күйі «Сарыарқа» (слайдтар көрсетіледі)

8.Сергіту сәті.(суреттермен жұмыс істеп келіп, суретке қарап, әнші не істейді?)

9.Ән үйрету, тыңдату кезеңі. «Домбырасыз сән қайда?»

10.Сабақты қорытындылау.

11.Үйге тапсырма.

12.Бағалау.

Сабақтың барысы.

1 Дәстүрлі амандасу. Балаларды түгендеп, сабаққа дайындығын бақылаймын.

2 Психологиялық жаттығу (Балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында) «Жүрек жылуын» психологиялық жаттығуы.

3 Үй тапсырмасын қайталау. Үй тапсырмасын қайталап, естеріне түсіру мақсатында «Апамның сандығы» ойынын өткізіп, үй тапсырмасын тексеремін.

Жақсы балалар, өте жақсы. Енді жаңа сабақты бастайық.

4 Жаңа сабақ Тақтаға қарайық балалар, сабақтың тақырыбы қандай екен?

Дұрыс. Сиқырлы саз аспаптары . Домбыра.

Сұрақтар: Домбыра деген не ? Кім айтады?

Жақсы. Енді балалар домбыраның түрлерімен танысайық. (тақтадағы суретпен таныстырамын). Ендеше балалар осынша құдіретті кереметті бойынан шығаратын домбыраның құрылысымен танысайық.(слайдпен жұмыс). Енді балалар

5 Күй тыңдату.

Құрманғазы аталарыңның «Сарыарқа» күйін тыңдап көрейік. Күйді тыңдай отырып, тақтадағы суреттерді қарай отырайық. Қалай балалар , көз алдарыңа елестеді ме? Тамаша. Енді балалар аздап шаршаған боларсыңдар.

6 Сергіту сәті (сұрақтар беремін) .

Қой қалай дыбыстайды?

Мысық не істейді? т.б.

Соңында әншінің суретін көрсетіп, әнші не істейді? деп сұрақ қоямын. Ән айтады. Өте дұрыс, онда біз де жаңа әнмен танысайық

7.Ән үйрету, тыңдату кезеңі. «Домбырасыз сән қайда?» (тақтада сөзі шығып тұрады).

8 Сабақты қорытындылау кезеңі. Тақтадағы аяқталмаған суретті аяқтап салайықшы! (Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен білімдерін суретті безендіру арқылы қорытындылайды.)

Соңынан сабақты қорытып, балаларды бағалап, үйге тапсырма беремін. Сабақ аяқталды , сау болыңдар.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности