Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Шығармашылық жұмыс

Казахстан,Алматинская область,Алакольский район,ст.Достык

Государственное учреждение «Достыкская средняя школа с дошкольным миницентром»

Учитель казахского языка и литературы

Садиева Айнагуль Тезекбаевна

Сабақтың мақсаты :

а)Білімділік мақсаты:сөз мәнін түсіне алуы ,көркем сөйлеудің маңыздылығы, өз ойын түсіндіруі, ойды ашық айта алуына бағыт беру;

ә)тәрбиелік мақсаты:оқушы бойына қазақтың бай тілін меңгерту барысында тілдік мәдениетін қалыптастыру ,ойды ашық және көркем айтуға тәрбиелеу ;

б)дамытушылық мақсаты:топтық жұмыс барысында сөйлеу ,сұрақ қою,сұхбаттаса алу дағдыларын дамыту;

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі : Топтық жарыс сабағы

Сабақтың ресурстары ( көрнекілігі) : Бейне камера,фотоаппарат, флипчарт, постерлер,маркерлер ,үлестірме материалдары ,ағаш суретті смайликтер .

Сабақ әдісі:Топтағы диалог арқылы (диалогтік оқыту әддісінің элементі)

Сабақтың түйінді идеясы : 1)Топпен жұмыс үстінде материалды қайталауда ұшқыр ойлануы үшін итоптағы диалог арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын маңызды деп білу.

2)Александр: «....идеялар екі жақты жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды»

Сабақтың табыс критерийі

Оқушы үшін :Бірлескен сұхбат дегенді түсінеді .

Өзім үшін :Қызықты өткен сабаққа оқушының қызығушылығы артса –үлгерімім алға жылжиды, есте сақтайды .

Сабақтың нәтижесі : 6 «а» сыныбындағы топтық жұмыстың басталуы, диалогқа түсе алуы, «үндемейтін»оқушыларымның (Үсенқызы, Ержанұлы) белсенділігі байқалады .(Себебі әр оқушы сөйлейді ). Сондай-ақ әр оқушымның сөз байлығының қандай деңгейде екенін түсінемін (тағы да бұл жерде тақырып бойынша)

Сабақтың эволюациясы :Сабағымды кез келген уақытта бағалата аламын. Бейнежазба арқылы ,постер арқылы (яғни дәлелденеді)

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Ой қозғау «Мұғалімнің үмітін ақтай аласың ба?» (смайликпен жауап беру ) ІІІ .Топқа бөлу (4 әр- түрлі суреттерді 5-ке бөлу ,сурет құрастырған топ бірге топ құрады )

Таңдаған оқушы «Алма», «Ағаш», «Гүл», «Кітап», суреттің басын біріктіріп, бір топ болады.(4 топ құру) көшбасшы тайм –кипер т.б топ ережесімен таныстыру.

ІV. Қайталау 4 топқа 4 өткен материалдан мәтін көрінісі таратылады :

  • «Менің атым –Қожа»Бердібек Соқпақбаев
  • «Жауынгер тұлғасы»Бауыржан Момышұлы
  • «Қылау»Сайын Мұратбеков
  • «Балықшылар»Әбдіжәміл Нұрпейсов

V.«Миға шабуыл»-Осы бейнелердегі көрініс қай автордың туындысы, тақырыбы қандай, көріністе не туралы әңгімеленеді?.

-Оқушы жауабы тыңдалады.(Ынталандыру мақсатында төменгі деңгейдегі жауаптарды да қолдаймын.)

-Дұрыс! ендеше бүгінгі тақырыбымыз өткен материалдарды ұмытпас үшін өткенді қайталауды шығармашылық тұрғыдан өрбітеміз.

«Шығармашылық жұмыс»

Мұғалімнің өткен тақырыптары бойынша жекелеген оқушылармен диалогқа түсуі .

  • Қожаның анасының аты кім?
  • Еламан неге балықшылардың балығын жинап алды ?
  • Жауынгер кімге қызмет етеді?
  • Сатайға Рабиға қандай сыйлық берді ?
  • Кейіпкерлер арқылы нені ұғынуға болады ?
  • Қандай тәрбие алуға болады?
  • Шығармалардың бізге берері не?
  • Авторлар кімдер ,осы шығарма арқылы нені айтқысы келеді?

ІV. Бейнефильм «Менің атым –Қожа» үзіндіден не ұқтым (әңгіме жүргізу)

VІІ.Сабақты бекіту кезеңі:

Өте жақсы .Келесі кезекте топ болып жұмыс жүргіземіз,

- «Осы шығармалардан не ұқтым,не түйдім,қандай тұлға болуым керек?» тақырыбына филипчарт үлестіріледі (5 минут) постер қорғау

Сергіту сәті «Австралия жаңбыры»2 минут постерге сұрақтар:

1- Сұрақ

2- Сұрақ

3- Сұрақ

VІІІ. Сабақты қорытындылау, топтық жұмыстарды бағалау.(Бағалаушының бағасы )

ІХ. Рефлексия. Кері байланыс стикерлармен жазып жапсыру. «Екі жұлдыз бір тілек»



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности