Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Құстардың туған жерге оралуы.

Казахстан,Алматинская область,Алакольский район,ст.Достык
Государственное учреждение «Достыкская средняя школа с дошкольным миницентром»
Учитель подготовительных классов

Мухаметжанова Молдир Оралбаевна

Сілтеме Сабақ жоспары Қоршаған ортамен танысу
Күні: 10.05.2014ж
Сабақтың тақырыбы Құстардың туған жерге оралуы.
Жалпы мақсаттар Оқушылар табиғат көркі құстар туралы және олардың туған жерге қашан оралуы жайлы,құстардың пайдасы туралы түсіндіреді. Ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Өз пікірін дәлелдей алуға қалыптастыру. Табиғатты бақылау. Құстарды қорғау, оларға қамқорлық жасауға баулу.
Күтілетін нәтиже Көктемде жыл құстардың туған жерге оралуын, құстардың пайдасын біледі.
Сабақтың түрі Кіріктірілген ойын сабақ.
Әдіс тәсілдер Ой шабуылы, жұппен жұмыс, топпен жұмыс. «Ұшты, ұшты» ойыны,сәйкестендіру, топтастыру
Дерек көздері Оқулық,жоспар,бағдарламалар
Қажетті құралдар Түрлі түсті қарындаштар, суреттер,флипчарт т.б
Бағалау Формативті бағалау.
Тапсырма мазмұны Топқа құстар бойынша бөлу
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Ой шабуылы. -Балалар қазір қай мезгіл? -Көктем айларын атайықшы? -Әр айдың ерекшелігіне тоқталу: -Жылы жақтан ұшып келетін құстарды есімізге түсірейікші? - Олай болса осы жыл құстарына байланысты топқа бөлініп алайық. Өздерің қалаған құстың суретін алыңдар. Оқушыларды төрт топқа бөлу. І — топ: Қарлығаш ІІ — топ: Аққу ІІІ — топ: Қараторғай. ІV — топ: Көкек. Әр топтың басшысы болады. Әр топтың сарапшысы болады Әр топтың баяндамашысы болады Әр топтың бағалаушысы болады Топтың ережесімен таныстыру. Топпен жұмыс істеген кезде сол ережені сақтайсыңдар деп ескертемін. -Көктем. -Наурыз,сәуір,мамыр -Наурызда қар еріп , күн жылына бастайды. Сәуірде құстар жылы жақтан оралады. Мамырда жер беті жасыл кілемге оралады. Жыл құстарын атайды. Оқушылар топқа бөлінеді. Топтағы оқушылар топ ережесін қайталап айтып шығу
Қызығушылығын арттыру. «Жұлдызыңды жақ» ойынын ойнайық. Тапсырмасы жұмбақтар шешу. Кім жұмбақты шешсе, сол топтың оқушысы өзінің жұлдызын жағады. Сол жаққан жұлдыздарымызды сабақ соңында қалаған топқа баға беріп, тілек тілеп сыйлаймыз. Оқушылар жұмбақтың шешуін тауып, өздеріне жұлдыз жинайды.
Жаңа сабақ Қазақстанда құстың 480 түрі бар.Жұмбақ шешу арқылы құстардың кейбір түрлерімен танысамыз. 1*-Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін. (Қарлығаш) 2*-Өзге үйге із тастап, Өзі атын өзі айтады Сөйтіп күнді батырады . (Көкек) 3*-Сұлулықтың не екенін, Оларға қарап анықтар. Өзге құс оған жетпейді Құс патшасы саналар (Аққу) 4*-Биікке салған ағаш үй Сол ғой оның мекені Жаздай сайран салып ап Қыста алыс кетеді.(Қараторғай) Жұмбақтар шешуін тапқан сайын, сол құстардың суреттерін ашып, құстар жайлы мағлұмат беріп отыру
Жаңа сабақ түсіну Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс. Жаңа сабақты бекіту. Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту. Сұрақ — жауап: 1.Құстар балапандарын қандай азықпен азықтандырады? 2.Құстардың балапандарына деген қамқорлығын әңгімеле. 3.Көктемде құстар қай жақтан оралады? 4.Ол жаққа қашан, неліктен кетіп еді? «Ұшты,ұшты» ойынын ұйымдастыру. Ұшты,ұшты қарға ұшты Ұшты, ұшты балға ұшты Ұшты,ұшты көкек ұшты, Ұшты, ұшты төсек ұшты. Ұшты,ұшты тырна ұшты, Ұшты, ұшты тырма ұшты. Ұшты,ұшты жапалақ ұшты, Ұшты,ұшты шапалақ ұшты. Құстардың дауысын сәйкестендіру: Флипчартпен жұмыс. Әр топ өз атауларын топтастырып, қорғайды. Әр топтан тізбектей оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Құстарға біз ұқсайық Қане, қанат жазайық. Ұшып-ұшып алайық Орнымызға қонайық. Қолдарын көтеріп қанат қағады. Қолдарын көтермейді. І — топ: Қарлығаш. Адамның тұрағын Мекен етіп тұрамын. Ел аузында мақтаулы Тазалықшымын төселген ІІ-топ:Аққу Құс сұлуы аққумын Табиғат көркін сыйлаған Мылтығын кезеп еш мерген Атуға көзі қимаған. Сұлулықты паш етіп Жырлаған талай ақындар Нәзік үйді, көл көркі Құс патшасы мен болам. ІІІ-топ:Қараторғай. Мен қараторғаймын Шегіркедей жұртыңды Қырғи болып қиямын Егістікке жайылымға Қорғаушы болып тұрамын Жәндіктерді зиянды Құртатұғын батырмын ІV — топ: Көкек. Жаршысымын көктемнің Көкек дейді мені жұрт Өзі атын айтар құс менмін Көктемді күтсең мені күт.
Бағалау Критерий бойынша бағалау Жиынтық бағалау Әр топтың басшысы жинаған жұлдызын қалаған топқа немесе оқушыға баға қойып береді. Топ басшылары мен бақылаушы топ бағалап отырады
Үйге тапсырма 1.99-101 бет оқу, әңгімелеу 2. Жыл құстарының суретін салу.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности