link7344 link7345 link7346 link7347 link7348 link7349 link7350 link7351 link7352 link7353 link7354 link7355 link7356 link7357 link7358 link7359 link7360 link7361 link7362 link7363 link7364 link7365 link7366 link7367 link7368 link7369 link7370 link7371 link7372 link7373 link7374 link7375 link7376 link7377 link7378 link7379 link7380 link7381 link7382 link7383 link7384 link7385 link7386 link7387 link7388 link7389 link7390 link7391 link7392 link7393 link7394 link7395 link7396 link7397 link7398 link7399 link7400 link7401 link7402 link7403 link7404 link7405 link7406 link7407 link7408 link7409 link7410 link7411 link7412 link7413 link7414 link7415 link7416 link7417 link7418 link7419 link7420 link7421 link7422 link7423 link7424 link7425 link7426 link7427 link7428 link7429 link7430 link7431 link7432 link7433 link7434 link7435 link7436 link7437 link7438 link7439 link7440 link7441 link7442 link7443 link7444 link7445 link7446 link7447 link7448 link7449 link7450 link7451 link7452 link7453 link7454 link7455 link7456 link7457 link7458 link7459 link7460 link7461 link7462 link7463 link7464 link7465 link7466 link7467 link7468 link7469 link7470 link7471 link7472 link7473 link7474 link7475 link7476 link7477 link7478 link7479 link7480 link7481 link7482 link7483 link7484 link7485 link7486 link7487
Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
«Тұқым себуге арналған СЗ-3,6 машинасы»
Казахстан, Кызылординская область, г. Аральск
Аральский многопрофильный колледж

Мастер по учебно-производственной части

Онайбекова Асылкул

Сабақтың мақсаты:

а) оқыту:Тұқым себуге арналған СЗ-3,6 машинасының құрылысымен танысу

б) дамыту:ой-өрісін сана-сезімін дамытып, қабілетін ашу.

в) тәрбиелік:еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тұқым себуге арналған СЗ-3,6 машина макеттері, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: биология,агрономия, химия, тракторлар мен автомобильдер, физика.

Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Себуге қойылатын агротехникалық талаптар және себу тәсілдері.

2.Септкіштердің жіктелуі.

3.Сепкіш аппаратар.

4.Дән және тыңайтқыш өткізгіштер.

5.Сошниктер.

Сепкіштер (сеялкалар)
Сеялкалар егу, тракторға агрегаттау әдістеріне және пайдалану орнына (себетін дақылдарға) қарай ажыратылады.
Егу әдісіне қарай сеялкалар қатарлап себетін, тар қатарлы, пунктирлі, шаршы-ұялы, бір дәндеп және шашып себетін сеялкалар болып бөлінеді. Қатарлы және тар қатарлы сеялкалар тұқымды топыраққа қатараралыққа берілген қашықтықта, шаршы ұялы сеялкалар шаршы бұрыштарына ұялап, пунктир сеялкалар берілген қашықтықта бір-бір дәннен шашып тұқымдық дәнді егістіктің беткі қабатына бөліп себеді.
Тракторға агрегаттау әдісі бойынша сеялкалар тракторға аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі болып болінеді.
Пайдалануына қарай дән-тыңайтқыш, дән-тыңайтқыш-шөп, жүгері, қызылша, көкөніс, ағаш т.б. сеялкалары деп аталады.
Себудің белгіленген нормасына сай сеялкалар тұқым мен тыңайтқышты алаңмен қатарларға біркелкі сеуіп, топырақтың ылғалды қабатына берілген тереңдікте сіңіруі керек. Себу кезінде қатарлардың түзулігі және қатараралықтарының белгіленген түйісуін сақтау қамтамасыз етілуі тиіс. Шала және қайта себуге болмайды.
Әрбір сеялканың жұмыс органдары және көмекші бөлшектері мен механизмдері болады. Оның тікелей себу процесін орындайтын жұмыс органдарына тұқым жәшігі, сепкіш аппарат, тұқым өткізгіш, сіңіргіш қарғылары бар сошниктер жатады. Көмекші механизмдері жұмыс органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Олар — тіркемесі бар рама, осьтері бар тіреуіш-жетек доңғалақтары, көтеру және сошниктердің жүріс тереңдігін белгілейтін механизмдер, доңғалақтардан сепкіш аппараттың біліктерін қозғалысқа келтіретін беріліс механизмдер бекіту детальдары.
Сеялкалардың пайдаланылуына қарай жұмыс органдарын ауыстыруға болады.
Машинаның көмекші бөлшектері түрлі сеялкалардың конструкциясына ерекше өзгеріссіз енгізіле береді.
Агрегаттарды түзу жүргізу және дәнді шала сеппес үшін сеялкалар маркерлермен және із түсіргіштермен жабдықталады.
Сурет 1. Әмбебап гидрофицияланған СЗ-3,6
Әмбебап гидрофицияланған СЗ-3,6 тіркемелі дән-тыңайтқыш сеялкасына (1 сурет) тұтынушылардың сұарауы бойынша сепкіш аппараттардың біліктерінің айналуын, тұқым деңгейін және сошниктердің тереңдеуін автоматы түрде бақылауға арналған тетік қондыруға болады.
Сеялка 24 қатарлы. Рама (12) оның қаңқасы болады да оған екі дән-тыңайтқыш жәшігі (3) бекітіледі. Оның түбіндегі саңылауларға қарама-қарсы 24 катушкалы-сепкіш аппарат (1) болтпен қатайтылады. Жәшіктің артқы кенесеріне 24 катушкалы-штифті тыңайтқыш сепкіш аппарат қондырылған. Тұқым түтігі аппарат воронкасына сыммен, тұқым өткізгіштің (6) төменгі ұшы екі дискілі сошниктің (9) қылта мойнына шплинтпен бекітіледі.
Әрбір сошник өзінің жуан теміріне тізгін секілді етіп топсалы түрде, ал штанга мен аша арқылы сошниктердің тареңдеуін топтық реттейтін тетік төрт қырлы білікке қатайтылады.
Сошниктердің тереңдеуін гидравликалық механизм реттейді. Раманың артқы брусының екі қуыс төрт қырлы біліктерге қарғылар (8) бекітіледі.
Тракторға тіркеу үшін сеялканың екі бүйір және ортаңғы брустардан тұратын тіркеу тетігіне тіркеу құрсауы орнатылған.
Раманың артқы брусына тұтқалы басқыш тақта қатайтылады. Сеялка пневматикалық екі тіреуіш-жетек доңғалағының (11) үстіне орнатылады.
Дән және тыңайтқыш сепкіш аппараттар біліктерінің айналу жиілігін тісті доңғалақтардың орнын ауыстыру арқылы өзгертуге және сонымен тұқым себу нормасын реттеуге болады.
Тұқым дән салатын жәшіктің түбіндегі саңылау арқылы өздігінен жылжып сепкіш аппараттардың қабылдау бөліміне келіп түседі. Айналып тұрған катушка қабырғасымен тұқымды тартып алады да, оларды тұқым өткізгіштің воронкасы алып кетеді. Тыңайтқыш жәшіктің тыңайтқышқа арналған бөлімінен тыңайтқыш сепкіш апппараттың катушкасы көмегімен астаушаға беріледі де, сол арқылы дән воронкасына түседі.
Тыңайтқышқа араласқан дән тұқым өткізгіштері арқылы сошниктерге жетеді. Одан бағыттағышпен жылжып отырып, сошник дискілері жыртқан борозданың түбіне түседі. Ал жылжыған қарғылар тұқымды борозданың жиегіндегі құммен жауып өтеді.
Сеялканың жұмыс органдары мен көмекші бөлшектері. Дән-тыңайтқыш жәшігі (1 сурет) сеялканың себетін дәні таусылған кезде жұмысты тоқтатпас үшін себе тұратын тұқым мен тыңайтқыш салуға арналған. Ол алдыңғы және артқы қабырғадан, екі бүйірден, қақпақтан және түптен тұрады.
Дән-тыңайтқыш жәшігі раманың алдыңғы, ортаңғы және артқы брустарына пісірілген құрсауларға тіректер мен болттар арқылы қатайтылады.
Тұқым себу нормасын себу реттеуіші өзгертеді. Реттеуіштер жәшіктің түбіне немесе артқы қабырғасына болттармен қатайтылады.
Дән-тыңайтқыш шөп сеялкаларында дән-тыңайтқыш жәшіктерінің артына шөптің сусымалы және орташа сусымалы тұқымы салынатын жәшік орналастырылған. Сепкіш аппараттары саңылауына қарама-қарсы, жәшіктердің ішіне, айналып тұратын айдауыш, ал араларына айналып тұратын араластырғыштар қондырылады. Айдауыштар мен араластырғыштар онша суси қоймайтын шөп тұқымын себу кезінде оның жиналып қалуына жол бермейді.
Катушкалы тұқым сепкіш аппараттар (2 сурет) дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар тұқымын, сондай-ақ шөп тұқымын себу үшін қолданылады. Олар құрылысы бойынша қарапайым, себу нормасын реттеуі күрделі емес, пайдалануға да қолайлы. Катушкалы сепкіш тұқым қорабы, бұдырлау жұмыс катушкасы, бос жүрісті тегіс муфта және розетка секілді негізгі төрт бөліктен тұрады.
Сурет 2 (а, б) - Катушкалы тұқым сепкіш аппарат

Сошниктер топыраққа борозда салып, оған тұқым және тыңайтқыш себеді. Сошниктерге қойылатын негізгі талап — бороздаларға тұқымды біркелкі және бірдей тереңдікке бөліп салу.
Анкерлі сошник құйма корпустан, пісірілген воронка мен тізгіншеден тұрады. Корпусының астыңғы бөлігі ұштық түрінде жасалынған. Осы ұштық топыраққа еніп кетеді де себілетін тұқымға арналған борозда салады. Тізгіншенің алдыңғы ұшы сошник брусына бекітіледі.
Қыртөсті сошниктің құрылысы анкерлі сошниктің құрылысына ұқсас. Одан айырмашылығы — қыртөсті сошниктің ұштығы топыраққа жіңішке борозда сала отырып, топырақты жоғары қарай емес төмен қарай араластырады. Соның нәтижесінде топырақтың ылғал қабаты сыртқа қарай аударлымайды, әрі кеуіп кетпейді, борозданың түбі нығыздала түседі.
Дискілі сошниктер конструкциясы күрделі, салмағы үлкен. Олар сеялкаларда кең қолданылады. Дискілі сошниктерге ылғал топырақ көп жабыспайды. Олар майда кесекті және тоң кесекті топырақты жерлер мен арамшөп түбірлерінің қалдықтары мол игерілетін тың және тыңайған жерлерде агротехникалық талаптарға сай қалыпты егу сапасын қамтамасыз етеді. Дискілі сошник топырақты екі жалпақ болат дискімен жыртады, яғни борозда салады. Дискілер сошник корпусы ішіндегі бір рет майланатын шарикті подшипниктерге 10° бұрыш жасай қондырылады. Корпусқа тұқымды бороздаға бағыттап тұратын воронка бекітіледі. Дискілер арасына жабысқан топырақтан тазалап тұратын аршуыш орнатылады.
Сурет 2- дискті сіңіргіш
1 - солжақ диск, 2- тізгін, 3-көтеру вилкасы, 4- сіңіргіш көтеру білік, 5- серіпелі штанга, 6- сіңіргіш шанақ, 7-шлейфке арналған сақина, 9, 18 , 20, және 23 — тазалаушы, 10 - шарикті шнек, 11 - білік, 12 - фигуралық епелек, 13 - төсем, 14 — қақпақ, 15 — қабырға, 16 — бұрыштама, 17 — қапсырма, 19 — каточок, 21 - сіңіргіш диск, 22 — құйғы, 24 — табан, 25 кронштейн
Сыдыра жырту немесе аңызды культивациялаумен бірге егу жұмысы да дискілер немесе жебе тәрізді табандар арқылы орындалады.
Түтікті сошник (52, е сурет) алдын ала өңделген топыраққа және аңыздарда егін егуді қамтамасыз етеді. Ол түтіктен және түзу ұштықтан тұрады. Сошниктің екі амортизациялық серіппесі бар. Олар сошниктің кедергіден айналып өтуіне мүмкіндік береді.
Сеялкалар мен көп сеялкалы егу агрегаттарын жұмысқа дайындау. Егістікке шықпай тұрып сеялкалар мен егу агрегаттарын алдын ала тексеріп, жұмысқа мұқият дайындау керек. Ең алдымен сеялканың құрастырылатын бірліктерінің бекітілуін тексеріп, сепкіш аппараттарды, тұқым өткізгіштерді, сошниктерді қараған жөн. Көзге түскен барлық ақау жөнделеді. Тұқым жәшігінен бөгде заттардың бәрі алынып тасталады. Содан соң беріліс механизмі, сошниктер ізінің тереңдігін реттейтін механизм тексеріліп, сеялка майланады.
Бірнеше сеялка бір агрегатта жұмыс істеу үшін тіркеуіш дайындалады. Доңғалақтардың, осьтердің, кергіштердің ақаусыздығы, брустардың, асқыш механизмдердің, қамыттардың күйі тексеріледі.
Орналастыру тақтасын пайдалана отырып, сошниктердің орналасуы бақыланады. Белгіленген егу схемасынан ауытқу байқалса, сошниктер қайта орналастырылады. Ең соңында сепкіш аппараттардың тұқымды себу біркелкілігі тексеріледі де сеялкалар себу нормалына қойылады. Тұқымды сіңіру тереңдігі топтық және жекеше реттелетін сошниктер ізінің тереңдігі бойынша анықталады. Топтық реттеу сошниктердің тереңдеуін винттік реттеуішпен реттеу арқылы іске асырылады. Винтті қатайтқанда керісінше тереңдейді.
Сеялканың екі жақ жартысының да реттеуіштерінің винттері сошниктер бірдей тереңдікте тұратындай етіліп орналастырылуы қажет.
Себу біркелкілігін тексеру. Әрбір сепкіш аппараттың себу біркелкілігін тексеру үшін реттеуіш рычагы шкаланың нөлдік бөлігіне көшіріліп, барлық сепкіш аппараттардың катушкаларын қарап шығу керек. Әрбір катушканың бүйірі, яғни кесік тұсы розетканың ішкі жағымен бір деңгейде орналасуы қажет. Егер ауытқу байқалса, аппарат корпусын тұқым жәшігіне бекіткен болтты босатып, сепкіш аппараты катушканың кесік розетканың ішкі жағына сай келетіндей етіп, қажетті бағытқа жылжыту керек.
Сепкіш аппараттары клапандарының орналасуы да тексеріледі. Дәнді дақылдар тұқымын себу кезінде муфта катушкаларының төменгі клапандары (түптері) мен төменгі қабырғаларының арасындағы саңылау бүкіл сепкіш аппараттарда 2 мм-ден аспауға тиіс. Бұл саңылау клапандардың гайкалы болтын бұрап, клапан серіппелерінің қысылуын қажетті жаққа бұрай отырып жасалады.
Сеялкаларды себу нормасына қою. Себу нормасы тұқым сепкіш аппараттардың себу біркелкілігін себу реттеуішінің рычагтары реттегеннен кейін ғана белгіленеді.
Катушканың көмекші бөлігінің айналу жиілігі аз және өте жиі кезде тұқым сепкіш аппараттарда ұнтақталмайды әрі анағұрлым біркелкі себіледі.
VІІІ.Жаңа сабақты бекіту:
Себуге қойылатын агротехникалық талаптар және себу тәсілдері.

Септкіштердің жіктелуі.

Сепкіш аппаратар.

Дән және тыңайтқыш өткізгіштер.

Сошниктер.

ІХ.Оқушылар білімін бағалау:

Х.Сабақты қорытындылау:

ХІ.Үйге тапсырма беру:

Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері, Асылкүл Оңайбекова.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Листопад Г.Е. Система машин и земледелий. М. 1986

Гельман Б.М., Москвин М.В. Сельскохозяйственные тракторы и автомобили. 1987

Гуревич А.М., Болотов А.К., Судницын. Конструкция тракторов и автомобилей. 1989

Карпенко А.Н., Зеленов А.А., Халанский В.М Сельскохозяйственные машины. 1987

Смирнов Г.А. Сельскохозяйственные машины. 1981
Комментарии пользователей /1/
  1. karakoz93
    можно с ресунками,если не сложно
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности