link1107 link1108 link1109 link1110 link1111 link1112 link1113 link1114 link1115 link1116 link1117 link1118 link1119 link1120 link1121 link1122 link1123 link1124 link1125 link1126 link1127 link1128 link1129 link1130 link1131 link1132 link1133 link1134 link1135 link1136 link1137 link1138 link1139 link1140 link1141 link1142 link1143 link1144 link1145 link1146 link1147 link1148 link1149 link1150 link1151 link1152 link1153 link1154 link1155 link1156 link1157 link1158 link1159 link1160 link1161 link1162 link1163 link1164 link1165 link1166 link1167 link1168 link1169 link1170 link1171 link1172 link1173 link1174 link1175 link1176 link1177 link1178 link1179 link1180 link1181 link1182 link1183 link1184 link1185 link1186 link1187 link1188 link1189 link1190 link1191 link1192 link1193 link1194 link1195 link1196 link1197 link1198 link1199 link1200 link1201 link1202 link1203 link1204 link1205 link1206 link1207 link1208 link1209 link1210 link1211 link1212 link1213 link1214 link1215 link1216 link1217 link1218 link1219 link1220 link1221 link1222 link1223 link1224 link1225 link1226 link1227 link1228 link1229
Сабирова Баян Абдакимовна
Должность:Учитель казахского языка
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЮКО, город Шымкент
Айбыны асқақ ана тілім!

Айбыны асқақ ана тілім!

Тіл — егемендігі елеулі, тәуелсіздігі қалаулы әр елдің тұғыры биік туы.

Әр елде мемлекетінің заңымен негізі қаланған мемлекеттік тілі бар. Тіл — әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, ең басты қаруы.

“Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады” деген Алаш қайраткері, қазақ жанашыры, әдебиетте ойып алар айрықша орны бар А.Байтұрсынов атамыздың осы сөзінен-ақ тілдің елдегі алатын орнының қаншалықты деңгейде екендігін пайымдауымызға болады.

Жер бетінде 3000-ға жуық ұлт болса, сонша тіл бар. Дегенмен, қолданыста жүрген, заңмен белгіленген тілдер қатары бұл 3000-нан сараланады, сұрыпталады. Демек, ел деп мойындалған, халқы тәуелсіз елдің тілі бар.

Ертедегі жаугершілік заманда ұлтты соғыссыз жаулап алудың бір тәсілі — ұлттың ана тілін қолданыстан шеттету болған.

Бір Алланың қалауымен тәуелсіздігіміз баяндалған жылдан бері егемендігі елеулі, тәуелсіздігі қалаулы, аспаны ашық, елі бейбіт, халқы ынтымақшыл, бірлігі жарасқан қазақ елінің заңмен бекітілген, ежелден қолданыста келе жатқан, қазақтың шын жанашырлары, қайраткерлерінің атсалысуымен негізі қаланған мемлекеттік ана тілі — қазақ тілі.

Қазақ тілінің құдіреттілігін, тереңдігін, кеңдігін суреттеп-баяндауға шебер суретшінің қолы, шешеннің тілі, жыраушының жыры, жүйріктің шабысы жетпес. Ең терең көл — Байкал дер алсақ, қазақ тілі одан да терең. Мұхиттың суы тұнық, ал қазақ тілі одан да тұнық. Аспан шексіздігінен, су түбіндегі асыл маржаннан, ақық тастан қадір-қасиеті, шексіздігі асып түсер қазақ тілі — жүрегі қазақ деп соққан, кеудесінде намысы бар әр қазақтың асыл айбыны.

XV ғ. ІІ жартысынан бастау алған Қазақ тарихын қазбаласақ, бар ісіміз жайына қалар. Дегенмен, тіліміздің тарихына тоқталмау айып болар.

Көшпелі ата-бабаларымыздың өміріндегі көршілес жатқан елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуы да, алапат соғыс кезінде талай ымыраға келу саясаты да құдіреті шексіз тіліміздің арқасында. Ертедегі от тілді, орақ ауызды би-шешендеріміз, көсемдеріміз ел басқарар басшылардың, хандардың кеңесшісі, қажет жағдайда елшілік те қызмет атқарып, адуынды мәселелерді шешіп отырған.

Бертін келе, Қазақ зиялылары, ағартушылары сол тіліміздің негізін қалап, өзіндік әліпбиін құрастырып, тілге елеулі үлестерін қосты. Ал, одан беріректе, ХІХ-ХХ ғ.ғ. төңірегіндегі ата-бабаларымыздың өзегін өртеп, көкейін тескен арманы — тәуелсіздік болған. Аллаға сансыз шүкіршілік, ол кезеңге жетіп, тіліміз айшықталып, шекарамыз белгіленіп, туымыз тігіліп, елтаңбамыз енгізіліп, арқамызды кеңге жайып, бір марқайдық.

Әйтсе де,150 жыл ресей боданында болып, барлық іс-қағаздар орыс тілінде жүргізіліп, орыс тілді ағайындар билеген заманнан, бейбітшіліктің дәмін татуға қайта оралған қазақ елі үшін ана тіліміздің бірден кең етек жайып, қанат қағып, қолданысқа ене қоюы оңай шаруа бола қоймады. Бірақ, қайсар халқымыз бұны да басынан өткерді.

Бүгінгі ұрпақ, ХХІ ғ. Қазақ жастарына жүктелер міндет — осыншама ауыртпашылықты артта қалдырып, еңселі қиындықтарды еңсеріп жеткізген аға буын өкілдерінің аманаты, асыл қазынамыз, баға жетпес байлығымыз, ана тіліміз — қазақ тілін, қадір қасиетінен арылтпай, болашақ ұрпаққа табыстау. Әрине,бұл жүктің салар салмағы(түсінген адамға, әрине) мынадай дағдарысқа толы, алпауыт заманда жан-жағымыздағы айдаһардай, аюдай көршілерімізбен татулықта, айыр қалпақты ағайындарымызбен араздаспай бейбітшілікте өмір сүріп жеткізу жеңіл болмақ емес.

Ең алғаш 1993 жылы алғаш “Тіл туралы заңымыз ” қабылданып әр қазақ елінің әр азаматына қазақ тіліне құрмет көрсетіп, меңгеру міндеттелді.

Одан беріректе, қазақ елінің абыройын асқақтатып, беделін көтеріп, білімін арттыру, тәжірибие алмасу мақсатында “үш тілдік” бағдарлама заңмен қолданысқа енді. Бұл шараның бізге берері де, алары да мол болып тұр.

Өз тіліңді білмей, өзге тілде сөйлеу — қасірет,

Өз тіліңді біліп, өзге тілде сөйлеу қасиет, - демекші, қазірде қасиетіміз де қасіретіміз де жетіп-артылып тұр.

Жетіп-артылып тұрған тұсы қазақ азаматтарының, қазақтың қаракөздерінің, тірегіміз деп білген, тілегімізді айтып, мұңымызды шағып, қасіретімізді бөлісеміз деген билікте отырып, ел басқарар ағаларымыздың мемлекеттік тілін білмеуі һәм сорақысы, одан намыстанбауы, арланбауы. Көшедегі қазақ тіліндегі жазулардың қатесінен, орыс тілді жарнамалардың көптігінен көзің сүрінеді. Ал оны бақылап отырған билік басшыларымыздың жағдай мынау (бес саусақ бірдей емес, әрине).Ал өз тілімізді біліп, өзге тілді игеру артық бола қоймас.

Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болғанмен де іс-қағаздардың басым көпшілігі, қарым-қатынас құралы, табыс көзі ретінде де басымырақ болып тұрған — шүлдірлеген орыс тілі. Тіпті, басымырақ емес басым десек те шектен шыққандық емес. Себебі, дәл қазіргі таңда екінің бірі орысша сайрайды. Керек десеңіз қазақ қазақпен орысша сөйлеседі. Бұл да баяғы бодандықтан босана алмағандақтың бір белгісі.

Қонақжай халқымыз өзге елдің ығына жығылуға әрқашан да құлшынып,құрақ ұшып тұрады. Әрине, қонақжайлық қазақ жұртының ең басты ерекшелігі. Бірақ тіліміз құрыса, өзіміз де құримыз. Сол заманда кімге, кім болып, қонақжайлық танытамыз? Кім болып таныламыз? Сол сұрақтарды қаперімізде ала жүргеніміз абзал.

“Тасты тесетін судың күші емес, тамшының тұрақтылығы” дейді жапон даналығы. Әрине, барлығы бірден жүзеге асуы мүмкін емес. Қазақ тілінде еркін сөйлесетін заманға да ақырындап аяқ басып келеміз. Бұл салада үкіметімізде бағдарламалар жасалалынып,жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, алма піс, аузыма түстің кебін кигеніміз де жарамас.

Отан — отбасынан басталады дейді дана халқымыз. “Алма ағашынан алысқа түспейді”, егер, біз өз ошақ қасымызда, балаларымызбен, бауырларымызбен қазақ тілінде сөйлесіп, сауатты жазуға, сауатты ойлауға дағдыландырсақ.

Алпауыт көршілеріміздің кең-байтақ жерімізді аңдыған мына заманда, бірлігімізге бекем, тілімізге берік, ынтымағымызға тас-түйін болайық, бауырлар, ағалар, әпкелер, сіңлілер!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности