link6174 link6175 link6176 link6177 link6178 link6179 link6180 link6181 link6182 link6183 link6184 link6185 link6186 link6187 link6188 link6189 link6190 link6191 link6192 link6193 link6194 link6195 link6196 link6197 link6198 link6199 link6200 link6201 link6202 link6203 link6204 link6205 link6206 link6207 link6208 link6209 link6210 link6211 link6212 link6213 link6214 link6215 link6216 link6217 link6218 link6219 link6220 link6221 link6222 link6223 link6224 link6225 link6226 link6227 link6228 link6229 link6230 link6231 link6232 link6233 link6234 link6235 link6236 link6237 link6238 link6239 link6240 link6241 link6242 link6243 link6244 link6245 link6246 link6247 link6248 link6249 link6250 link6251 link6252 link6253 link6254 link6255 link6256 link6257 link6258 link6259 link6260 link6261 link6262 link6263 link6264 link6265 link6266 link6267 link6268 link6269 link6270 link6271 link6272 link6273 link6274 link6275 link6276 link6277 link6278 link6279 link6280 link6281 link6282 link6283 link6284 link6285 link6286 link6287 link6288 link6289 link6290 link6291 link6292 link6293 link6294 link6295 link6296 link6297 link6298 link6299
Ерекешова
Должность:Учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЗКО Бурлинский район г.Аксай
1 сыныппен қоштасу "Бір адым алға"

Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы

Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Ерекешова Зайра Амирхановна

1 сыныппен қоштасу "Бір адым алға"

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 1 сыныпта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт — сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы — мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, слайд.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 1 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып 1 сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген-бір бақыт.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген — бір бақыт! — дегендей, 1 сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда?

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық.

«Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар» деген тілекпен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.

Музыка әуенімен 1 сынып оқушылары бір-бірден ортаға келеді.

Өнер қуған жасынан,

Сөз асырмас басынан.

Намысқой біздің А.Максат,

Табылар дос қасынан.

Сыйлап сәлем береді,

Үлкендерді көргенде.

Аружанды сыныпта,

Ізетті деп біледі.

Жыр оқып тарихын ол танытқан,

Кітап оқып білімін де дамытқан.

Максат-сыныбымыздың озаты,

Білімін ол болаттай ғып қорытқан.

Біліміменен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайды ойланбастан тынып та.

Камилла біздің өнегелі,өнерлі,

Арасында достарының беделді.

Ертеңгі күнін ойлайтын,

Бес алам деп қалмайтын.

Аршыл біздің Адимир,

Жалқаулыққа бармайтын.

Мен үлкейіп толамын,

Сіздей ұстаз боламын.

Деп жүр ғой біздің Аян

Үлгісі кіші баланың.

Әзілді жаны сүйеді,

Армансыз ол күледі.

Тамерлан біздің әрқашан,

Жып-жинақы жүреді.

Күні бойы тыңбаған,

Үлкендерді сыйлаған.

Сабырлы біздің Назылы,

Ұқыптылыққа бойлаған.

Бойында алаулаған жалын,

Жақсылық толғандырып жанын.

Бекарыс біздің қайтпай үйге

Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

Би билейді талмайды,

Әсем әнін арнайды.

Біздің нәзік Жасминді,

Барлық бала тыңдайды.

Мен полицей боламын,

Үлкеннің де баланың.

Деп жүр ғой біздің Райымбек,

Құқығын қорғаймын.

Сынып намысын ақтаған,

Жүрекке сыр сақтаған.

Бейбарыс мектеп ұясын

Жан-тәнімен сақтаған.


Бәрі:

Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз,

12-іміз.

Күлімдейміз,

Бір бақшаның

Гүлімдейміз.

Таланттымыз,

Қанаттымыз,

Жақсы оқимыз сабақты

Біз бір сыныппыз.


Мұғалім: «Мектеп — білім» кемесін

Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
Сөз кезегін береміз.
(Құттықтау сөз мектеп басшыларына жолданады)

Мұғалім: Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған 1 сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше, осынау балапандарымыз қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өздерінің 1 жыл бойы алған білімдері мен өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, ертеңгілігімізді бастайық!

Бекарыс: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Жасмин: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Тамерлан: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне 1-ші сыныппен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

Аружан: Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр-алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Камилла: Ертегілер еліндей болған, бал балалық шағымыздың куәсі — 1-ші сыныппен қоштасу кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді осы ертегіге сенген күндеріміздің белгісі ретінде «Ертегілер елінде» әнімен бастайық.

Ән. «Ертегілер елінде»

Мұғалім: Иә мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады.

Т.Максат: Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Камилла: Мектебім — білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 1жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

А.Максат: Мектеп — үйім, ұстазым менің — ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Мектебім — сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін, көктеймін.

Сен — бұлақ, мен — қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

Бейбарыс: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Райымбек: Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп — ойнап біріміз бен біріміз.

Адимир: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Аян: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

Назылы: Ойланып есеп шығардық,

Амалдарды орындап.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы.

Т.Максат: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

Мұғалім: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік — шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Хор: «Біз - Отаннаң ұланымыз!»

Аружан: Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности