link10800 link10801 link10802 link10803 link10804 link10805 link10806 link10807 link10808 link10809 link10810 link10811 link10812 link10813 link10814 link10815 link10816 link10817 link10818 link10819 link10820 link10821 link10822 link10823 link10824 link10825 link10826 link10827 link10828 link10829 link10830 link10831 link10832 link10833 link10834 link10835 link10836 link10837 link10838 link10839 link10840 link10841 link10842 link10843 link10844 link10845 link10846 link10847 link10848 link10849 link10850 link10851 link10852 link10853 link10854 link10855 link10856 link10857 link10858 link10859 link10860 link10861 link10862 link10863 link10864 link10865 link10866 link10867 link10868 link10869 link10870 link10871 link10872 link10873 link10874 link10875 link10876 link10877 link10878 link10879 link10880 link10881 link10882 link10883 link10884 link10885 link10886 link10887 link10888 link10889 link10890 link10891 link10892 link10893 link10894 link10895 link10896 link10897 link10898 link10899 link10900 link10901 link10902 link10903 link10904 link10905 link10906 link10907 link10908 link10909 link10910 link10911 link10912 link10913 link10914 link10915 link10916 link10917 link10918 link10919
Шукеева Гульбану Кинжабековна
Должность:технология, бейнелеу өнері және өзін-өзі тану мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Қазақстан, Талдықорған қаласы
«Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін жобалау әдісі арқылы дамыту»

«Педагогтың кәсіби құзіреттілігі — білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбындағы Алматы облыстық педагогикалық оқуы

Секция: «Қосымша білім беру бағытындағы пәндер»

Тақырып: «Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін жобалау әдісі арқылы дамыту»

Орындаған: Шоқан Уәлиханов атындағы№10 орта мектеп-гимназиясы технология пән мұғалімі Шукеева Гульбану Кенжебекқызы

«Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін жобалау әдісі арқылы дамыту»

Мектептің ұзақ жолында

Армандар көп ойымда.

Сапалы ұрпақ оқыту,

Талап, жігер бойымда

Қыз өмірдің гүлі деп халқымыз айтқандай, мен өз оқушыларымды гүлге теңеймін. Гүл күннен нәр алып өссе, оқушы ұстаздың берер білімі мен еңбегінен нәр алып өнерге үйренеді. Оқушыларды өнерге шығармашылыққа баулуда Абай атамның «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» — деген ұлағатты сөзін ұстаным ете отырып, алдыма Оқушылардың өнерге деген, құштарлығын, қызығушылықтарын, қабілетін дамытып, білім білік дағдыларын қалыптастыруды, білім алу үшін оңтайлы жағдай жасау, арақатынасты жақсы жолға қойып, еңбекқорлыққа, рухани мәдениетке, іскерлікке, шыдамдылық пен ізденімпаздылыққа дағдыландырып, әр оқушыға жеке әдіс тәсілдерді қолданып өз ісіне сенім туғызуды мақсат етіп қойдым.

Қоғамның қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірбиесіне енуде. Өз басым американдық ғалым Дж. Дьюидің жобалау әдісін таңдап алдым. Мұндағыменің мақсатым - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін аша білу, іздену зерттеу жұмыстарына ынталандыру, әр түрлі жұмыс кезінде кездесетін қиындықтарды жеңе білетін, білімді, жан-жақты дамыған оқушы тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық ой қабілеттерін дамыта отырып, өз беттерімен жұмыс істеуге баулу.

Карл Фрей жобалау әдісінің айырықша белгілерін атап көрсеткен;

Оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі;

Жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді;

Бір-біріне жұмыс барысы тұралы ақпараттар беріп отырады;

Пікірталасқа қатысады

Өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді;

Жобаға қатысушылар

Өздерін жұмысқа

дайындайды,

ұйымдастырады;

Карл Фрей жобалау әдісін жоба жасаудағы оқушы мен мұғалім әрекетінің жүйесі деп қарастырған.

Оқушылардың жобалау тапсырмасын орындау ретіне қарай педагогикалық бақылаудың үлгісі: оқушы берілген тапсырманы қабылдайды, ойланады, жаттығады, дамытады, осының бәрі шығармашылық іс әрекетіне әкеледі. Шығармашылық іс әрекеттің басылымдылығына байланысты жобалар шығармашылық, зерттеушілік, танымдық, ойын арқылы және практикаға бағытталған деп бөлінеді, ал жобаға қатысушылардың санына қарай, шағын топ, ұжымдық жумыс, жеке оқушының жұмысы болып бөлінеді, осылардың нәтижесінде шеберлікке қол жеткізудемін.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, шеберлігін, бейнелеушілігін дамыту және өз бетінше орындайтын жұмыстарының деңгейін көтеру үшін өз сабағымда жобалау әдістерін қолданамын. Бұл әдістің негізгі міндеті жұмыс істей алатын, өзінің алдына үлкен сарамандық міндеттер қойып, оны орындай білетін адамды тәрбиелеу болып табылады.

Жобалап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Шығарма — мән-маңызы бойынша мәдени, материалдық жағынан жаңа құндылықтар, өз бетінше соңы, бірегей туындылар жасау. Демек, шығармашылық жоба дегеніміз оқушылардың жаңа, ізденушілік ой-желісі бойынша айырықша бұйымдар, өнімдер, модельдер, конструкциялар жасауы, құрауы.

Шығармашылық жобадағы еңбек ету әрекеті жаңа ақпараттар алудың дерек көзі, танымдық қызығушылыққа ынталандырушы күш, шеберлік пен дағдыны дамыту тәсілі болуға тиіс. Жобалау әдісін жүзеге асыруда мектептің оқу-материалдық базасы, мұғалімді жан-жақты даярлау, уақыттың көп бөлігін оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге жұмсау сияқты мәселелердің шешімін табу қажет.

Оқушыларға жобалар жасатуға байланысты да белгілі бір күрделілік туады. Көбінесе бала өз күшін өзі бағалай алмауы себепті, алдына қойған жоспарды орындай алмайтындай көрінеді. Сондықтан мұғалім қай тақырыптағы жобаны қай оқушы орындай алатынын білуі тиіс. Балаға жоба тақырыбын ұсынудан бұрын, шеберхананың материалдық басазының мүмкіндігі, сол тақырыпқа сәйкес келетінін анықтауы қажет, өйткені жобаны жеке оқушы емес, ұжым болып та орындауы мүмкін.

Жобалап оқыту технологиясының мақсаты:

· жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуі;

· танымдық және практикалық міндеттерді шешуде алған білімді пайдалану;

· әр түрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеру;

· зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) дамыту;

· жүйелі ойлауды дамыту.

Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:

· басты назар-оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді;

· оқыту процесі оқу пәнінің логикасы сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс - әрекет логикасы сай құралады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады;

· жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді;

Оқу жобасын жасау процесінде оқушының нақты жағдайларды бастан өткізуі процестердің, құбылыстардың мәніне терең бойлауы, жаңа нысандарды жобалауы - технологияның негізгі мәні десе де болады.

Жобалармен жұмыс істеу кезеңдері.

Қазіргі кезде жобаны келесі кезеңдерден құру кеңінен орын алған:

· жобалық тапсырманы дайындау;

· жобаның өзін құру;

· нәтижелерді алу;

· көпшілікке таныстыру (презентация);

· рефлексия.

Жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру үшін мұғалімнің белгілі-бір дайындығы болуы керек. Жоба жасаудағы ең маңыздысы — проблеманы анықтау, соның нәтижесінде жоба жасалынады. Мұнда проблема оқушыларға дайын күйінде ұсынылады, олар проблемалық жағдайларды негізге ала отырып өздері проблеманы тұжырымдайды. Демек жобаның әрекетін ұйымдастыруда мына тізбек орындалады: жағдаят проблема оны шешудің проблемалық мақсаты. Мұнда проблемалық жағдаят оқулықтардан алынбайды, ол нақты шындық болуы керек. Жобалап оқыту барысындағы мұғалім іс-әрекетінің жүйесі, және жобамен жұмыс істеу сатысы келесі кестелерде келтірілген.

Жобамен жұмыс істеу сатысы

Жаңа ақпараттарды игеру кезені

Жобамен жұмыс істеу сатысы

Сабақтарды ұйымдастыру түрлері

1

Себебі, мақсат болжамы

Мақсаттың қойылуы

Әңгіме, әңгімелесу, дәріс.

2

Жоспарлау

Варианттарды талқылау

Әңгімелесу.

3

Болжалды

іс-әректеттерді ойластыру

Өз бетінше білім алу

Дербес жұмыс.

4

Нақты іс-әрекеттің және операциялардың қызметі.

Қызмет барысын ойластыру

Семинар,

(ақыл-кеңес)

5

Зерттеу

Зерттеу

Дербес жұмыс,сарамандық жұмыс, топ серуен, лабораториялық жұмыс.

6

Рефлексия

Жинақтау және тұжырым жасау.

Семинар,

ақыл-кеңес.

7

Бағалау

Табыстар мен қателерді талдау

Әңгімелесу,

ақыл-кеңес.

8

Түзеу

Түзеу

Технология сабағында жобалау жұмыстарын жүзеге асыру үшін, ең алдымен оқушыларға өз бетінше жоба тақырыбын таңдауларын ұсынған дұрыс болады. Өйткені мұғалім берген тақырып бойынша кейде оқушылар уақытымен орындамай, әр түрлі сылтау тауып, нәтижесінде жоба жұмысы орындалмайды. Өздеріне ұнамаған жұмыстарды оқушылар орындамауға тырысады. Сондықтан да мен өз тәжірибемде оқушыларға жоба жұмыстарының тақырыбын өздеріне таңдатамын, өздері таңдаған жоба жұмыстары тез әрі қызықты орындалады. Соның нәтижесінде оқушылардың өздерінің өнер туындыларын өздеріне талдатып, өзін-өзі бағалау әрекеттерін ұйымдастырып, дайын жұмыстарын қалалық және мектепшілік көрмелерге шығарамыз.

Жетістік қиын, Қол жетпейтін мұнардай,

Тербелген желмен, Сыры тұнық шынардай.

Шәкіртімен, Жүрмес кімдер құанбай.

Бар адамзат, Ұстазға қарыз, күн айдай.

2013 жылы қалалық «Дарын» конференциясының этномәдениет секциясында өзінің шығармашылық жоба жұмысын 9 ә сынып оқушысы Мусаканова Марал қорғап 3 — дәрежелі дипломға ие болды. 2013 жылы «Дарын» конференциясының биомедицина секциясында өздерінің шығармашылық жоба жұмыстарын 10 а сынып оқушылары Абдулина Әсем және Байғожаев Дархан қорғап дәрежелі 3 орынға ие болды. Сонымен қатар «Кіші ғылыми академия» конференциясына этномәдениет секциясына Мусаева Шуға және Ерланов Асқар - 9 а сынып оқушылары өздерінің жұмыстарын қорғап, дәрежелі — 2 –орынға ие болды

Төменде жоба жұмысының іздену-зерттеу нәтижесі және өз қолымен орындаған әр түрлі моншақтан, капроннан жасалған бұйымдар және жұмыс кезіндегі көріністер көрсетілген.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности