link6048 link6049 link6050 link6051 link6052 link6053 link6054 link6055 link6056 link6057 link6058 link6059 link6060 link6061 link6062 link6063 link6064 link6065 link6066 link6067 link6068 link6069 link6070 link6071 link6072 link6073 link6074 link6075 link6076 link6077 link6078 link6079 link6080 link6081 link6082 link6083 link6084 link6085 link6086 link6087 link6088 link6089 link6090 link6091 link6092 link6093 link6094 link6095 link6096 link6097 link6098 link6099 link6100 link6101 link6102 link6103 link6104 link6105 link6106 link6107 link6108 link6109 link6110 link6111 link6112 link6113 link6114 link6115 link6116 link6117 link6118 link6119 link6120 link6121 link6122 link6123 link6124 link6125 link6126 link6127 link6128 link6129 link6130 link6131 link6132 link6133 link6134 link6135 link6136 link6137 link6138 link6139 link6140 link6141 link6142 link6143 link6144 link6145 link6146 link6147 link6148 link6149 link6150 link6151 link6152 link6153 link6154 link6155 link6156 link6157 link6158 link6159 link6160 link6161 link6162 link6163 link6164 link6165 link6166 link6167 link6168 link6169 link6170 link6171 link6172 link6173
Ерекешова
Должность:Учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЗКО Бурлинский район г.Аксай
«Ел болашағы — білімді ұрпақ» интеллектуалды ойын

Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі
Ерекешова Зайра Амирхановна

Тақырыбы: Ел болашағы — білімді ұрпақ

Сайыстың мақсаты:

а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.

ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.

б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.


Сайыс түрі: интеллектуалды сайыс сабақ
Сайыстың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, ой қозғау
Сайыстың көрнекілігі: слайд, даналық сөздер.

Сайыстың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын сыныптар таныстырылады.


ІІ. Кірісе бөлім

Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар. «Ел болашағы — білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Сайыс 3 сынып оқушылары арасында оздырылып отыр.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, танысып өтейік.

· 3 «Ә» сынып «Тапқырлар» тобы

· 3 «Ғ» сынып «Алғырлар» тобы.

Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ - қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік.
Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз:

1.

2.

3.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

1 - кезең: «Таныстыру»

2 - кезең: «Бәйге»

3 - кезең: «Ойлан, тап!»

4 - кезең: «Полиглот»

5 - кезең: «Математикалық сайыс»

6- кезең: «Сөзжасам»

Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!

1 - кезең: «Таныстыру»

Әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір-бірімен танысады.

Алғашқы кезегіміз таныстыру,
Топтарды бір - бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларын қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.
Топтар өзара кезегін анықтайды.

Топтың аты: «Тапқырлар»

Топтың ұраны:

Тапқыр болу - ізгі арман, мұратымыз,
Талмасын әрдайым да қанатымыз!

Топтың аты: «Алғырлар»

Топтың ұраны:

Нақты жауап, саналы шешім береміз,
Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!

2 - кезең: «Бәйге»

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
Келесі кезекті Бәйге жарысқа берейік:

1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз? (Ту, Елтаңба, Гимн)

2. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

3. Сәбиді ұйықтатқанда айтылатын ән?(бесік жыры)

4. Дененің қызуын өлшейтін құрал (градусник)

5. Қан соратын жәндік (маса)

6. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)

7. Ұзындық өлшем бірлігі (км, м, дм, см, мм)

8. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров

9. Қазақтың атақты суретшісі (Ә. Қастеев)

10. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би

11. Күйді орындайтын адам кім — күйші

12. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин

13. Балды жақсы көретін аң — аю

14. 40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең — 240

15. Бие сүтінен не дайындалады қымыз

16. Қай жануар жылға ілікпей қалды — түйе

17. Кітап сөзінің бас әріпі — К

18. Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев

19. Тиін нені жақсы көреді — жаңғақ

20. Иіс сезу мүшесі — мұрын

3 - кезең: «Ойлан, тап!»

Ребус шешу.

Бірқазан, аққу, қасқыр, борсық

4 - кезең: «Полиглот»

тақтадан көрсетілген суреттердің орысша, қазақша атауларын айтады.

5 - кезең: «Математикалық сайыс»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік!

1. Мен бір сан ойладым, оған 30 - ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?
2. 1 дм неше см бар?
3. Ең үлкен бір таңбалы сан, ең кіші екі таңбалы сан, ең кіші үш таңбалы санды ата?
5. 3 жүзд. 1 онд. 8 бірл.

Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (5қаз)

6 аламаның 2 -уін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Табақта 7 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (12алма)

6 - кезең: «Сөзжасам»

(капитандар сайысы)

Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.

«ҚАЗАҚСТАН» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

Қаз, аз, ат, тана, ана, апа, ата, тас, сат, саз, нас, ақ, қас, сас т.б

Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.

Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,
Шықтық - ау деп ойлап тұрмыз көңілден.
Сайысымыз аяқталды бүгінгі,
Өрелі ой, жұмбақ сөзден өрілген.
Қош сау болыңыздар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности