Техникалық және кәсіптік білім беру : қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтердің барлық негізгі бағыттары бойынша техникалық қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауға бағытталған білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.Кәсіптік оқу бағдарламасы : нақты кәсіп немесе мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын айқындайтын құжат;Теориялық оқу жалпыға міндетті стандарттар негізінде өзіне гуманитарлық жаратылыстану-ғылыми кәсіптік және таңдап алынған пәндерді оқытуды қамти отырып, оқушылар бойында өзі таңдаған мамандықты саналы тұрақты және терең игеруге және одан әрі біліктілігін арттыруға керекті білім жүйесінің қажетті көлемін қалыптастыруды мақсат етеді.
Кәсіптік білім берудегі өндірістік оқу сабағы оқушылардың оқу шеберханасындағы өндірістік оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өндірістік оқу сабағының ұзақтығы 6 немесе 7 академиялық сағат көлемінде болады.
Құрылымы жағынан өндірістік оқу сабағы негізгі үш элементті қамтиды: кіріспе нұсау, оқушылардың машықтану барысындағы жаттығуы (өзіндік жұмыс) және шебердің ағымдағы нұсқауы, қорытынды нұсқау.Кіріспе нұсқаудың міндеті — бұл оқушылар санасына атқарылайын деп тұрған өндірістік оқудың мақсаттары туралы толық және кең көлемді түсінік қалыптастыру, оны орындаудың жағдайы, құралдар мен орындалу әдістері мен ерекшеліктері, сонымен қатар бақылау және өзін-өзі бағалау әрекеттері туралы мағлұмат беру болып табылады.
Оқушыларға өндірістік шебер тарапынан ағымдағы нұсқау берудің басты міндеті-оларға өндірістік оқу жұмыстарын орындау кезінде басшылық жасау, дағдыларының қалыптасуын бақылау және саралау, соның ішінде білімін, біліктілік пен дағдыларын тексеру және бағалау болып табылады. Қорытынды нұсқау — өткізілген сабақты қорытындылау, оқушылардың сол сабақта алған біліктілік пен дағдысын саралау мақсатында жүргізілуі тиісті өндірістік оқу үдерісінің маңызды құрамы болып табылатыны- бұл оқыту әдістемесі. Өндірістік оқуды жүргізу әдістемесі дегеніміз-шебер мен оқуш ының бірлесе ұйымдастырылған қызметтерінің жолдары соның көмегімен оқушылардың білімге біліктілікке және дағдыға қол жеткізуі, ой мен дене күшінің жетілуі, олардың кәсіби шеберлігінің адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген көзқарасының шығармашылық қабілетінің қалыптасуы.Өндірістік оқу үдерісінде сөздік (түсіндіру, әңгімелеу, ауызша немесе жазбаша нұсқау т.б.), көзбейнелеу (еңбек әрекеттері мен қимыл-қозғалыстарын көрсету, көрнекі құралдарды пайдалану, бейнелеу құралдарын қолдану және т.б.) өндірістік (жаттығулар, зертханалық жұмыстар, өндірістік-техникалық тапсырмаларды орындау және т.т.) әдістер қолданылады.Қазіргі кезде өндірістік оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялық әдістердің элементтерін қолданы кең өріс алып келеді.Мысалы : өндірістік оқу сабақтарын өткізгенде сергіту жаттығулары, сайыс, сұрақ-жауап т.б. әдістерін қолданып келеді.Өзге оқыту үдерістері секілді, өндірістік оқу үдерісі де белгілі бір оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Өндірістік оқу құралдарына қалыпты оқу-өндірістік үдерісті қамтамасыз ететін оқу-өндірістік жабдықтар, құрал-саймандар, оқу және өндірістік құжаттар, шикізаттар, өңделетін және қолданылатын материалдар, көрнекі құралдар, техникалық оқу құралдары т.б. жатады. Біздің колледж шеберханасы (слесарлық) құрал-саймандармен жабдықталған, әр оқушыға жұмыс орны белгіленген өткізілетін операциялық тақырыптар бойынша жасалатын бұйымдардың техникалық карталары сызылып, таратылып отырады. Өндірістік сабақ компьютер, эпсонның көмегімен слайд арқылы өткізіледі. Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен басқарылатын кәсіп салаларында шебер оқушыларға қайталау, «көшірме жасау» тәсілі арқылы іс–қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді. Шебердің қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда оқушыларға үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі жөнінде айтып отырмыз, практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл іс-әрекеттерді көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін, қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс. Алғашқы үлгі олардың санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды. Бұл тек қолмен атқаратын жұмыстарға ғана емес, ол құрал–жабдықтармен, машиналар мен аппараттар арқылы істелінетін жұмыстарға да тиесілі. Енді, өндірістік оқыту сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар түрлері, оларды тиімді пайдалану әдістеріне сипаттама берейік: - Көрнекі құралды көрсету барысында қимыл–тәсілдер өзара үйлестіріліп, қажет техникалық–технологиялық талаптар сақталуы тиіс. Жұмыс үлгілері, бұйымдар, құралдар, жабдықтар, аспаптар, бөлшектерді арнайы стендке орнатқан жөн. Ол салыстыру, талдау, түсіндіруде тиімді, егер ұсақ үлгілері болса, әр оқушыға үлестіріп берген дұрыс.Технологиялық процестерді түсіндіргенде өңдеу, жинау және бөлшектеу жұмысында дайын өңделген, құрастырылған өнімдер үлгісін пайдалану керек. Мұнда технологиялық бірізділік қатаң түрде сақталуы тиіс.Көрнекі құрал ретінде көлемді қораптар, қозғалтқыштар (двигательдер), агрегаттар, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланған кезде, олардың сыртқы қорғаныштары, қақпақтары ашылып, айшықты, түгел көрінуі тиіс.Міне өндірістік оқу сабақтарындағы осы талаптардың нақты орындалған кезінде ғана өндірістік сабақтың өндіріс өзегіне айналары сөзсіз.
Үй адресі: Қызылорда облысы, Арал қаласы, Коморова көшесі №2 А үй.
Pristuk
С удовольствием высказалась бы, если бы имела возможность прочесть по русски. Извините. |
|