Дауленова Гульнара Зейнулловна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Киелі киіз үй

Қазақ тілі және әдебиет

пәнінің жоғары санатты

мұғалімі : Гүлнара Дәуленова

Ақмола облысы

«Балдәурен» РОСО

Сабақтың тақырыбы: Киелі киіз үй. 1 сабақ

Сабақтың мақсаты:

1. Киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беру, жүйелі түрде өз пікірін айта білу.

2.Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

3. Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық.

Көрнекіліктер: слайд, сандықша, кеспе қағаз.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: сабақ мақсатын хабарлау, оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Кіріспе сөз

Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аласыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Жаңа сөздер:

Ақ босаға — священный порог

Ошақ — треножник

Төр — почетное место

Әйелдер жақ — женская сторона

Ерлер жағы — мужская часть

2. Мәтінмен жұмыс

А) оқу, аудару

Киіз үй — бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.

Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.

Киіз үйді қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген.Киіз үй бүгінгі дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.

АҚ БОСАҒА.

Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шеқара — ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз — бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз.

ОТБАСЫ — ОШАҚ ҚАСЫ.

Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл — киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жағынан жерде тіршілік, тірлік бар.

ТӨР.

Киіз үйдің қонақ отыратын жері — төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.

ӘЙЕЛДЕР ЖАҚ:

Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді.Сондай-ақ, сол қанатта өзіндік шешімі бар төсекағаш тұрады.

ЕРЛЕР ЖАҚ

Ер адам жағында (оң жақ) босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, өмір жолының маңызды кезеңдерін белгілейтін әдет-ғұрыптар кезінде, атап айтқанда, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты шараларды сакральды мәнге ие бола түсті.

Б) мәтінді қалай меңгергендерін тексеру.

1. Төрге кімдер отырады?

2. Киіз үйдің сол жағы кімге арналады?

3. Ерлер жағында нелер тұрады?

4. Үйдің ортасында не тұрады?

ІV. «Сандықша ойыны»

Тақтаға қағаздан жасалған сандықтар ілінеді. Сол сандықтағы сұрақтарға жауап беру.

Мына сөздің түбірін тауып, сөйлем құрастыр:

Киіз үйге, баспанаға, шаңырақты, алтын орданы, керегенің, ақ отауға, ою-өрнекпен, киізді.

V. Тапсырма.

1. Төр сөзін әшекейлейді

құрметті орын

ТӨР Қонақ

әдет

ырыс

VІ. Синквейн

  1. Зат есім Киіз үй,
  2. 2 сын есім Киелі, жылы
  3. 3 етістік Тігіледі, жығылады, көшіріледі
  4. сөйлем құрастыру Киіз үй көшпелі халықтың баспанасы.
  5. ссиноним Баспана.

VІІ. Қорытынды.

Бүгін біз сіздермен киелі киіз үй туралы әңгімеледік. Әртүрлі жұмыс жасадық. Енді сабағымызды қорыта келе, ендігі сөзді Ақ батаға берейік.

VІІІ. Ақ бата оқылады.

Ақ батаны берейін,

Жолың болсын жортқанда,

Ойың болсын сабақта.

Жылы жүзбен сіздермен жүздесейік,

Киіз үй шаңырағында кездесейік.

Жиһазымыз ақ ордаға таға берсін,

Үйімізге қонағымыз келе берсін.

Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын,

Балдәуренде той-думан бола берсін!

2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға киіз үйдің құрылуы туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды әдептілікке, достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, баяндау, саралап оқыту.

Көрнекіліктер: тірек-сызба, кеспе қағаздар,бағалау кестесі, суреттер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа деген зейінін аудару.

Негізгі бөлім

ІІ. Блиц сұрақтар:

1. Бүгін қай күн?

2. Қазір жылдың қай мезгілі?

3. Аптаның қай күні?

4. Қыс айлары қандай?

5. Қыста ауа -райы қандай болады?

ІІІ. Ой қозғау стратегиясы:

Слайд №1.

(Киіз үй сөзін естігенде қандай ассоциация туады.)

Слайд №2.

ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

– Біздің бүгінгі сабағымыз — тіл мәдениеті ерекше осы киіз үйдің ішінді өтеді. Сабағымыздың тақырыбы «Киіз үй». Бүгін біз киіз үйдің құрылысымен танысамыз.

V. Кіріспе сөз: ( музыка әуені)

Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үй адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністеріне де төзімді. Киіз үй қазақ халқының қысы-жазы отыратын баспанасы болған. Ол тез жығып түйеге артып жүре беруге, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй негізгі 4 бөліктен тұрады. Олар: 1 - шаңырақ, 2 - уықтар, 3 - кереге, 4 - сықырлауық немесе есік. Бұлардың барлығы: талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал.

Қазақтың киіз үйі 6-қанатты,8-қанатты, 12- қанатты, 24-қанатты болады.

Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз шаңыраққа әр түрлі жіптерден жасалған шашақтар іліп қояды. Не үшін? Иә,көз тимеу үшін. Жалпы киіз үй оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Яғни ерлер және әйелдер жағы болып. Ерлер жақта ер адамға тән нәрселер ілініп тұрады. Олар: шоқпар, қамшы, садақ, т.б. қару-жарақтар. Ал әйелдер жағында тек әйелге тән нәрселер тұрады. Олар: ыдыс-аяқ, төсек орын, бесік тағы басқалар. Төр қазақ халқы үшін өте қасиетті болып саналады. Төрде міндетті түрде аң терілері және қасиетті домбыра ілулі тұрады.Барлық киіз үй әдемі ою-өрнектермен әшекейленген түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен безендіріледі.

– Енді мәтінге кіріспес бұрын жаңа сөздермен танысайық.

Слайд №3.

VІ.Сөздік жұмысы:

1. киіз үй- юрта

2. киіз- кошма

3. шаңырақ- купол или верхняя часть юрты

4. кереге- раздвижная решетчатая основа

5. уық — купольные жерди

6. көшіп-қону — кочевать

7. жию- собирать

8. бұзу — разбирать

9. жаңбыр — дождь

10. боран — буран

11. баспана - жилище

12.қаңқасы — скелет

13. қайыс — кожаная веревка

VІІ. Мәтінмен жұмыс.

А) мәтінді оқу

Ә) аудару

Киіз үй

Киіз үй- қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиюға және бұзуға ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтартар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй қатты боран соққанда жығылмайды, жаңбыр жауса суды өткізбейді.

Киіз үйдің қанқасы үш бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыспен байланады. Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады. Уықтар шаңырақты тіреп тұрады.

Б) мәтіннен сөйлемдерді теріп оқу.

1. Из какиз трех частей состоит скелет юрты?

2. Какой воздух в юрте?

3. Как зимовали в юрте?

В) Жаңа сөздерді қалай меңгергендерін тексеру.

– Берілген карточкалармен сөз тіркес, сөйлем құрастыру.

Слайд №4.

VІІІ. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

1.. Сәйкестігін тап

Ұлттық дәстүр наследие

Асыл мұра казахский народ

Әдемі киіз үй народная традиция

Қазақ халқы красивая юрта

2. Нүктенің орнына болымсыз етістіктің - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалға.

Бар…, жат…, отыр…, үз…, кел…, ат…, қой…, айт…, кет…, секір… .

Слайд №5.

2-деңгей

1. Кереге сөзін септе

2. Етістіктерді нүктенің орнына қой.

Киіз үй көне дәуірінде пайда .... . Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне … . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен .... . Киіз үй негізгі төрт бөліктен … .

Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.

Слайд №6

3-деңгей

1. Берілген сөздерді топтарға бөліп жаз.

Қобыз, құрт, уық,қымыз, қыз қуу, домбыра, асық, кереге, шертер,бесбармақ, көкпар,шаңырақ, сазсырнай, ірімшік, сықырлауық, бәйге,дулыға, самса, алтыбақан.

Ұлттық аспаптар

(Музыкальные инструменты)

Ұлттық тағамдар

(Национальные блюда)

Киіз үйдің бөліктері

(Части юрты)

Ұлттық ойындар

(Национальные игры)

2. Шаңырақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.

4-деңгей Шығармашылық

1. Киіз үйдің ерекшелігі туралы шағын әңгіме жаз.

Слайд №7.

Ашық журнал

ІХ. Балалардың еңбегін бағалау.

Слайд №8.

Х . Қорытынды.

1. Киіз үйді неден бастап құрады? (кереге)

2. Киіз үйдің ең жоғары бөлшегі не? (шаңырақ)

3.Шаңырақ пен керегені қосып тұратын бөлшек қалай аталады? (уық)

4.Қос босағадан және жарма беттен құралатын зат. (сықырлауық немесе есік)

Слайд №9.Слайд бойынша киіз үйді шығару.

5.Ертеде қазақ халқының баспанасы не болған? (киіз үй)

Балалар, біз бүгінгі сабақта өздеріңіз көріп отырғандай киіз үй туралы мәлімет алдық. Өздерің төрінде отырған қазақтың киіз үйі сендерге ұнады ма? Олай болса бүгінгі тақырыпқа сай сабағымыздың соңын мына өлең шумағымен аяқтаймын.

Слайд №10.

Киіз үй дөп-дөңгелек,

Жыққан кезде он бөлек.

Тіккен кезде топ етіп,

Қона қалар дөңге кеп.

- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп, көп рахмет.

3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй (қорытынды сабақ)

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға киіз үй түрлері туралы жалпы мағлұмат беріп, әр түрлі тапсырмалар бойынша оқушының өздігінен ізденуіне жағдай жасап, шығармашылықтарын дамыту, өз пікірін айта білуге дағдыландыру.

2. Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

3.Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұлтжандылық қасиеттерін, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка, орыс тілі, информатика.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблема арқылы сұхбат, көрініс, деңгейлік тапсырмалар, эвристикалық әдісі, әңгіме, баяндау, саралап оқыту,рефлексия,

Көрнекіліктер: киіз үйдің суреті, слайдтар, жинақталған карточкалар, сөзжұмбақ, үн таспа,тірек-сызба, бағалау кестесі, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа деген зейінін қою.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Негізгі бөлім

  1. Кіріспе сөз.
  2. Жаңа сабақ.
  3. Сабақты пысықтау.
  4. Бекіту кезеңі.
  5. Оқушыларды бағалау.
  6. Қорытынды.

ІІ. Блиц сұрақтар:

  1. Бүгін қай күн?
  2. Қазір жылдың қай мезгілі?
  3. Қыс айлары қандай?
  4. Аптаның қай күні?
  5. Қыста ауа райы қандай болады?

ІІІ. Ой қозғау стратегиясы:

(Киіз үй қандай бөлшектерден тұрады?)

ІV. Кіріспе сөз:

Қазақ тілі сабағы өзгеше әрі ерекше өтпекші. Бұл сабақ интеграциялық сабақ. Бұл сабақта әр оқушы өз білімінің дәрежесін көрсетуге тиіс. Оқушылардаң білімі акциялармен бағаланады.

Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар («5»-ке, «4»ке, «3»-ке) бар.

әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары «Акциялармен» бағаланады. «Акционер»- оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады: толық емес жауап — сарпы түсті «акция»; дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап — қызыл түсті«акция», дұрыс негізделген жауап — жасыл түсті «акция». Әр «акцияның» бастапқы құны бар, оны «банк» бекітеді. Баллдардың ең жоғары мөлшері түстердің санымен анықталады (мысалы, егер оқушыда 2 түсті «акция» болса, онда «түсімге»тек 2 балл қатысады, егер 4 түсті болса, ондағы жоғары балл — 4).

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтар өз орындарында отырады. Әр топтың төс белгісі. Топ аты жазылған жазулар бар. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді.

Келесі сөз информатика пәнінің мұғаліміне беріледі.

Ең бірінші есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін қайталайық.

Общие требования безопасности и требования во время работы на компьютере:

  1. Запрещается трогать провода, вилки, розетки, штекеры, передвигать без разрешения учителя оборудование.
  2. Запрещается класть на стол рядом с ПК портфели, сумки, книги. На столе должны лежать только ручки и тетради.
  3. Нельзя ничего класть на клавиатуру.
  4. Во время работы установить расстояние глаз от экрана — на расстоянии вытянутой руки.
  5. Учащимся не следует вставать с места при входе посетителей.
  6. В случае возникновения зрительного напряжения или усталости можно, не вставая с места, выполнить несколько упражнений для снятия этого напряжения или усталости.

V. Кіріспе сөз.

Киіз үй — қазақтың өзімен жасасып, тарих белестерінен бірге асқан заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі. От басының сауаттылығы мен саулығының белгісі ретінде босағаға. Шаңыраққа құрмет көрсету — ежелден келе жатқан дәстүр.

VІ. Сөздік жұмысы.

Экранда электрондық көрнекілік-киіз үйдің элементтері және соған арналған сөздік жұмыс.

Осы жұмысты талқылап, оқушылар дәптерге жазады.

Ас-су бұрышы шаңырақ

Кереге кебеже

Текемет, кілем әдет-ғұрып, салт-дәстүр

Сықырлауық көшпенді

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности