Құрметті әріптестер! Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!