link8352 link8353 link8354 link8355 link8356 link8357 link8358 link8359 link8360 link8361 link8362 link8363 link8364 link8365 link8366 link8367 link8368 link8369 link8370 link8371 link8372 link8373 link8374 link8375 link8376 link8377 link8378 link8379 link8380 link8381 link8382 link8383 link8384 link8385 link8386 link8387 link8388 link8389 link8390 link8391 link8392 link8393 link8394 link8395 link8396 link8397 link8398 link8399 link8400 link8401 link8402 link8403 link8404 link8405 link8406 link8407 link8408 link8409 link8410 link8411 link8412 link8413 link8414 link8415 link8416 link8417 link8418 link8419 link8420 link8421 link8422 link8423 link8424 link8425 link8426 link8427 link8428 link8429 link8430 link8431 link8432 link8433 link8434 link8435 link8436 link8437 link8438 link8439 link8440 link8441 link8442 link8443 link8444 link8445 link8446 link8447 link8448 link8449 link8450 link8451 link8452 link8453 link8454 link8455 link8456 link8457 link8458 link8459 link8460 link8461 link8462 link8463 link8464 link8465 link8466 link8467 link8468 link8469 link8470 link8471 link8472 link8473 link8474 link8475 link8476 link8477 link8478 link8479 link8480 link8481 link8482 link8483 link8484 link8485 link8486 link8487 link8488 link8489 link8490 link8491 link8492 link8493 link8494 link8495
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Етістік райларынан өткенді қайталау

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы
№96 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Наушабекова Алия

Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың ойлау, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Орындалатын тапсырмалар арқылы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Ресурстары: Оқулық, интерактивті тақта,маркер,газет,кубик
Әдіс - тәсілдері: Тәсілі: жекелей, жұптық, топпен

Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, іздендіру, талдау, түсіндірмелі
Оқыту нәтижелері: • Ереже, қағидаларды еске түсіреді;
• Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
• Өз бетінше талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады;
• Өз ойларын қағаз бетіне түсіруге үйренеді;
• Өлеңге, поэзияға деген қызығушылықтары артады.

• Жылдам тауып айтуға дағдыланады

• Ғылыми ізденіске қызығушылығы артады
Түйінді идеялар: Етістіктің райлары, ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай, жасалу жолдары, жіктелуі,өткен тақырыптар
Дереккөздер: Оқулық, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау Модульдар
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Оқушыларды «Табиғатқа саяхат» әдісі бойынша 4 топқа бөлемін.

Бағалау парағын топбасшыларға тарқатамын.

1.Ашық рай 2.Бұйрық рай 3. Шартты рай 4. Қалау рай

Міне , көктем айы да жақындап қалды, табиғатқа саяхат жасау үшін топ құруымыз қажет. Ол үшін ең бірінші топ басшы керек, оқушылар топ басшыны өздері сайлап тақтаға шығарады, топ басшыларды сайлап алғаннан кейін, ендігі кезекте ақылшыны, кейін жол көрсетушіні , жүк көтерушіні топ басшылар өздері таңдап алады.Топқа бөлуде «Табиғатқа саяхат» әдісінің тиімділігі сол топта үлгерімі жоғары, үлгерімі төмен оқушылар аралас болады.

1. Әр топ өзінің атын қорғайды . Мысалы: «Ашық рай» тобы ашық райдың анықтамасын мысалымен дәлелдеп айтады.

2. «Иә, жоқ» әдісі Топ бір –біріне сұрақтар қояды. Жауабы тек иә,жоқ болуы керек.

Мысалы : Зат есімнің сұрағы қандай ? қай? Жауабы: жоқ

Топтағы оқушылар түгел қамтылуы үшін әр оқушының атын атап, сұрақты соған қаратып қояды.

3. «Сандар сөйлейді» әдісі. Топбасшы шығып,бір сан таңдайды.

Мысалы: 2,3,4,6,7

Сол сан жайында тобымен бірге зерттеу жұмысын жүргізеді . 2-ні алса зат есім құрамына қарай 2 –ге бөлінеді…

Мұнда оқушылар алған білімдерін өмірде қолдана алуы керек,өйткені бұл әдісте бір ғана тақырып қамтылмайды.

Сергіту сәтіі : Биылғы жылы Ж.Жабаевтың 170 жылдығы және күні ертең М.Мақатаевтің туылған күні . Сергіту сәтін ұлы тойдың иегерлерінің өмірі мен шығармалары жайында айтуды тапсырамын.

Мысалы: Ашық рай тобы М.Мақатаевтің өмірі мен шығармалары жайлы айтса, бұйрық рай ақынның өлеңін мәнерімен жатқа айтады.

4 .Дәптермен жұмыс.

182-жаттығу,183-жаттығу Етістіктерді тауып, қай рай екенін анықтау

Слайдта жазылған тапсырмаларды орындайды.

Етістіктерді райдың 4 түріне бөліп жазып шығады.

5. «Қалдықсыз технология» әдісі .Оқушыларға газет,қайшы,клей тарқатылады. Газеттен осы шақ,келер шақ ,өткен шақ ты тауып ,қиып алып, параққа жабыстырады. Мысалы: Келер шақ: барар , келмек

Топтар бір-бірінің қатесін тексеріп ,бағалап отырады.

6. Топбасшылар сайысы. Әр топ басшы өзінің тобының тақырыбына байланысты 1 шумақ өлең шығарады.

  1. Бекіту: «Тапқырлық» әдісі . Бұл әдіс оқушыларды кез келген жағдаяттан шыға білуге , тапқырлыққа , жылдамдыққа жетелейді.Кубиктің 6 жағына

6 түрлі әріп жабыстырылады.Әр топтан бір оқушыдан шығып кубикті айналдырады, қай әріп түссе сұрақтың жауабының барлығын сол әріптен бастап айтады . Сұрақты топтағы қалған оқушылар қояды.

Топ басшысының бағалауы
Бағалау: Оқушылардың үй тапсырмасына жауаптарын, топ басшыларының бағалауын және шығармашылық жұмыстарға қатысуы негізінде бағалау
Рефлексия:

Әр топтан бір журналист оқушы шығып, келесі топқа барып сұхбат жүргізеді. Алған сұхбатының мазмұнын келіп жариялайды.
Үйге тапсырма: Райларды қатыстырып, мәтін құрастыру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности