link488 link489 link490 link491 link492 link493 link494 link495 link496 link497 link498 link499 link500 link501 link502 link503 link504 link505 link506 link507 link508 link509 link510 link511 link512 link513 link514 link515 link516 link517 link518 link519 link520 link521 link522 link523 link524 link525 link526 link527 link528 link529 link530 link531 link532 link533 link534 link535 link536 link537 link538 link539 link540 link541 link542 link543 link544 link545 link546 link547 link548 link549 link550 link551 link552 link553 link554 link555 link556 link557 link558 link559 link560 link561 link562 link563 link564 link565 link566 link567 link568 link569 link570 link571 link572 link573 link574 link575 link576 link577 link578 link579 link580 link581 link582 link583 link584 link585 link586 link587 link588 link589 link590 link591 link592 link593 link594 link595 link596 link597 link598 link599 link600 link601 link602 link603 link604 link605 link606 link607 link608 link609
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Модель түрлері

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
№122 жалпы орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі
Маханбетова Мақпал

Сабақ мақсаты:Модельдер түрлері мен модельдің жіктелуі туралы
жалпы білім беру.

Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру;

Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету

Тәрбиелік: жұптық жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну

Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, компьютер, тесттік тапсырма, суреттер, слайд.

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Қар көшкіні», «Ақпараттық диктант», «Блум таксономиясы», «Телеграмма», «Деңгейлік тапсырмалар», жұптық, топтық жұмыс әдістері, «Деңгейлік тапсырмалар».

Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. оқушыларды түгелдеу;

3. Түрлі-түсті конфеттер арқылы оқушыларды жұптастыру.

4. Сабақтың мақсатын айту:

ІІ. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: 2 мин

Интербелсенді тақтамен видеоролик көрсету: «Бәрі өз қолыңда»

ІІІ. Үй жұмысын тексеру. 7 мин. «Білу, тану». «Қар көшкіні» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қою және алгоритмдік логикалық сұрақтармен келтірілген суреттер тарату. Оқушылар алгоритмдік логикалық суреттердің жауабын табады.

АЛГОРИТМ
1. Суретте көрсетілген екі жасыл шеңбер мен екі қызыл шеңбердің орнын ауыстыру керек. Ауыстыру барысында тек 3-ші және 4-ші ұяшықтарға қоюға рұқсат етіледі.

Алгоритм
2. Екі 5 тиынды 1-ші және 2-ші шеңберге орналастыр. Екі 10 тиынды 8-ші және 10-шы шеңберге орналастыр. 5 тиындар мен 10 тиындардың орнын ауыстыр. Жүру қадамы әр тиын үшін біреу ғана. Бір тиын қатарынан екі рет жүруге болмайды.

Сұрақтар:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің қандай түрлері бар?
3. Тармақталған алгоритм деген не?
4. Сызықтық алгоритм деген не?
5. Тармақталған алгоритмге мысал келтір.
6. Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі?
7. Модель дегеніміз не?
8. Нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру не деп аталады?
9. Шартты тексеру блогын блок-сызбада қалай таңбалаймыз?
10. Толық және толық емес алгоритмдерге анықтама
11. “Ана” сөзін жаз, “Ана” сөзі жазылды-деген сөйлемде алгоритм бұйрығы қайсй?
12. Алгоритм орындаушы.
13. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығы қалай аталады?

ІV. Жаңа сабақ. «Түсіну». “Модель түрлері” 4 мин.

Таңбалық және вербальдік ақпараттық модельдер.

Объектіні немесе процесті сипаттайтын ақпараттық әр түрлі көлемде, көрсету тәсілі түрліше және әр түрлі құралдармен берілуі мүмкін. Әр адамның мүмкіндігі мен қиялы әр қилы болғандықтан алуан түрлілікке қойылар шек жоқ.

Ақпараттық модельге вербальдік ( ағылшын тілінен аударғанда ауызша ) модель жатады. Бұл модель ойлау мен оның қорытындысы нәтижесінде алынады. Вербальдік модель ойда қалуы немесе сөзбен жеткізілуі мүмкін.

Вербальдік модель дегеніміз- ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтамыз.

Геометриялық модель- графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модель- иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модель- объект немсе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдер- схема, графиктер мен кестелер т.б .

Логикалық модель- ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер- ноталар, химиялық формулалар.

  1. Деңгейлік тапсырмалар. «Қолдану» 8 мин

V. «Сергіту сәті». Мағыналы мультфильм көрсету. 2 мин.

  1. Компьютерлік тәжірибиелік жұмыс. «Талдау». 10 мин


А деңгейі
Графикалық редактор құралдарының

көмегімен сынып бөлмесінің

моделін ұсыныңдар.
В деңгей
Графикалық редакторда өз мектептеріңнің

моделін құрыңдар.
С деңгей
Сабаққа кешігу барысында жазылатын түсініктеменің сөздік

моделін құрыңдар.

VІ. «Жинақтау». Тесттік тапсырмамен қорытындылау. 5 мин

1. Модель түрлері –

А) материалдық және ақпараттық

В) негізгі және қосымша

С) толық және толық емес

Д) толымды және толымсыз

2. Ақпараттық модель дегеніміз –

А) ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель

В) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

С) графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар

Д) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

3. Арнайы модель дегеніміз –

А) схема, графиктер мен кестелер

В) ноталар, химиялық формулалар

С) математикалық таңбалар

Д) обьект

4. Логикалық модель –

А) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

В) математикалық таңбалар

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

5. Динамикалық модель –

А) уақыттың өтуіне байланысты нысан қасиеттерін көрсетеді

В) математикалық таңбалар

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

6. Таңбалық модель түрлері –

А) компьютерлік, компьютерлік емес

В) негізгі және қосымша

С) толық және толық емес

Д) толымды және толымсыз

7. Компьютерлік модель –

А) уақыттың өтуіне байланысты нысан қасиеттерін көрсетеді

В) математикалық таңбалар

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдер

8. Модельді сынақтан өткізу неге негізделген?

А) уақыттың өтуіне байланысты нысан қасиеттерін көрсетеді

В) модельдің жұмыс істеу қабілетін және дұрыстығын анықтайды

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдер

9. Компьютерлік тәжірибие жүргізілгеннен кейін қандай кезеңге көшеміз?

А) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

В) математикалық таңбалар

С) ой қорытындысы мен шарттарды талдаунегізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер

Д) алынған нәтижені талдау кезеңі

10. Вербальдік модель –

А) ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель

В) иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар

С) графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар

Д) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

VIІ. Үйге тапсырма: 1 мин.
Модель түрлері.
Кез келген заттың моделін жасап келу.

VIІІ. Бағалау: “Табыс критериі” бойынша
Смайликтермен 2 мин

«Рефлекция» әдісі бойынша өз ойларын тақтада ілулі суреттерге сәйкесінше жабыстырады. 1 мин

  1. «Нені үйрендім, білдім» - чемодан суретіне
  2. “Сабақта қажет емес, артық болған дүниелер”- қоқыс жәшігіне

“Менің үйренуім керек” - ет тартқыш суретіне.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности