link4032 link4033 link4034 link4035 link4036 link4037 link4038 link4039 link4040 link4041 link4042 link4043 link4044 link4045 link4046 link4047 link4048 link4049 link4050 link4051 link4052 link4053 link4054 link4055 link4056 link4057 link4058 link4059 link4060 link4061 link4062 link4063 link4064 link4065 link4066 link4067 link4068 link4069 link4070 link4071 link4072 link4073 link4074 link4075 link4076 link4077 link4078 link4079 link4080 link4081 link4082 link4083 link4084 link4085 link4086 link4087 link4088 link4089 link4090 link4091 link4092 link4093 link4094 link4095 link4096 link4097 link4098 link4099 link4100 link4101 link4102 link4103 link4104 link4105 link4106 link4107 link4108 link4109 link4110 link4111 link4112 link4113 link4114 link4115 link4116 link4117 link4118 link4119 link4120 link4121 link4122 link4123 link4124 link4125 link4126 link4127 link4128 link4129 link4130 link4131 link4132 link4133 link4134 link4135 link4136 link4137 link4138 link4139 link4140 link4141 link4142 link4143 link4144 link4145 link4146 link4147 link4148 link4149 link4150 link4151 link4152 link4153 link4154 link4155 link4156 link4157
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
MS WORD-пен танысу

Жумадилов Қ.Б.
Информатика пәні мұғалімі
Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Қазақстан Республикасы,Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,Бәйтерек ауылы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың MS Word-ты іске қосу, мәтіндік құжат құру, мәтіндік құжатты пішімдеу, пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге тірбиелеу;

Сабақтың түрі: теориялық, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, дербес компьютер, слайдтар, тест сұрақтары.

Сабақатың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Сабақты ұйымдастыру.

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. Оқушылардың сабаққа қатысын, сабақ құралдарын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?
  2. Растрлық графикалық редакторларды атаңыз.
  3. Векторлық графикалық редакторларды атаңыз.
  4. Растрлық, векторлық, графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?
  5. Paint құрал-саймандарын атап шығыңыз.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

1) Негізгі мәзірден Іске қосу → Программалар → Microsoft Office → MS Word командаларын орындау арқылы;

2) Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен;

3) Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

1) Файл → Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз;

2) Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз;

3) Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шертіңіз.

Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға сұхбат терезе шығады. Осы сұхбат терезе арқылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз (жауап - Ия (Да)), өзгерісті сақтамайсыз (жауап — Жоқ (Нет)) немесе редакциялауды жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена)).

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. Word терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows-тағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі мәзір бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Пішім, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама.

Терезенің белгілі элементтеріне қосымша ретінде Word процессорының ерекшеліктерін атап өтейік.

Горизонталь жолдық сызғыш.

  1. Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан: бірінші жолдың маркері (1), абзацтың сол (2) және оң (3) шекараларының маркері берілген. Оларды тышқанның көмегімен абзацтың параметрлеріне сәйкес өзгертуге болады.
  2. Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде бейнелеу режимін таңдау батырмасы орналасқан, солдан оңға қарай Әдеттегі (Обычный), Веб-құжат (Веб-документ), Беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) батырмалары бар.

Әдеттегі — амалдарды орындауға өте ыңғайлы;

Веб-құжат — құжатты Веб-құжат түрінде бейнелеу;

Беттерді белгілеу — құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;

Құрылым — құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әртүрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын (тақырыбын) көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.

  1. Қалып-күй жолы Microsoft Word терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әртүрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады. (10-кесте)

Қалып-күй жолы

Қалып-күй жолындағы ақпарат

Индикатор

Мәні

1-бет

Құжаттың терезедегі көрінетін бетінің реттік номірі

1-бөлім

Көрінетін бет орналасқан бөлім

1/1

Көрінетін бет нөмірі/құжаттағы беттердің жалпы саны

2 см-ге

Енгізу курсорынан беттің жоғарғы шетіне дейінгі арақашықтық

1-бет

Курсор тұрған беттің нөмірі

6 саны

Беттегі курсор позициясының нөмірі

ЗАП

Макрокомандаларды жазу режімінің индикаторы

ИСПР

Редакторлық түзету режімінің индикаторы

ВДЛ

Маркировканы кеңейту режімінің индикаторы

ЗАМ

Алмастыру режімінің индикаторы

Ағылшын тілі

Тіл индикаторы

MS Word-ты ашқанда бос бет пайда болады. Оған кез келген мәтінді теруге болады. Сонымен қатар жаңа құжатты құру үшін Файл мәзірінен Құру командасын таңдауға болады.

Бар құжатты ашу үшін Файл мәзірінде Ашу командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет.

Құжатты сақтау үшін Файл мәзірінде Сақтау командасын немесе батырмасын шерту қажет.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту. Құралдарды сәйкестендір.

басылымды қарап шығу

баспаға жіберу

буферге көшіру

буферге қиып алу

масштаб

болдырмау

курсив

қаріп өлшемі

жартылай қалың

V. Үй тапсырмасын беру. MS WORD-пен танысу.

VІ. Оқушыларды бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности