Казахстан, Жамбылская область, Шуский район, с. Толе би
КГКП детский сад «Асем»
Воспитатель
Кебисбаева Г.А.
Айналамен танысу, көркем әдебиет, математика, сурет, құрастыру, жапсыру, мүсіндеу, тіл дамыту.
Көрнекілер: Жыл мезгілдерінің сүреттері, балапан жануарлар бейнесі, үнтаспа, қағаз, желім, сурет үлгісі, бояу, ермексаз.
Қолданылатын әдістер: Әңгімелер, ойын, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, тиым сөздер, сын тұрғысында ойлау.
Сөздік жұмыс: табиғат, ардақты дос, аяулы дос, жарқын дос, ғажайып әлем, шуағын төккен, шапағатты күн, жеті күн, жеті тағам, жеті қазына, жеті мүше.
Сабақтың барысы.
Психологиялық тренинг.
- Кәне, сәлемдесіп алайық.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Балалар: Сәлеметсіздер ме? Здравствуйте.
Тәр.: Ардақты дос, алтын дос, аяулы дос, жарқын дос, - дегендей, енді бір-бірімізге қарап.
«Досым күлімдейікші» - деп айтамыз.
Тренинг «Мен қандаймын?».
Тәр.: Балалар, сендер өздерің туралы айтуға дайынсыңдар ма?
1-бала: Мен әдемі қызбын. Я красивая девочка.
2-бала: Мен келбетті, көріктімін.
3-бала: Мен әдепті, мейрімдімін.
4-бала: Мен ақылды, дарындымын.
Нұрым: Мен зейінді, зерекпін.
Тәр.: Сендер қандай сұлу, мейірімді, ақылды балаларсыңдар. Осындай қайырымды, ақ жарқын болуымызға бізге не көмектеседі?
Балалар: Шуағын төккен,
Шапағатты күн!
Тәр.: Дұрыс, ендеше шуағын төккен күнмен де амандасып алайық.
1-бала: Арайлап атқан таңымыз.
2-бала: Қайырлы болсын күніміз.
3-бала: Шуақты күннің сәулесі.
Алуа: Жайнасын бүгін жарқырап.
Барлығы: Амансың ба — нұрлы күн. Здравствуй, солнце золотое.
Тәр.: Енді жұмбақтың шешуін табыңдар.
Арайлап таң атты,
Нұрлы сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Күлімдейді жүзіміз,
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай мезгіл?
Перизат: Таңертеңгі мезгіл.
Тәр.: Енді ыстық лебіздерімізді және бір-бірімізге шуақты күн тілейік.
1-бала: Аспан ашық болсын!
2-бала: Күн қайырлы болсын!
3-бала: Күн шуақты болсын!
4-бала: Шаттыққа толы болсын!
5-бала: Біз балдырған тең басқан!
6-бала: Дос құшағым кең ашқан!
7-бала: Тілегіміз әділдік!
Барлығы:Ашық болсын кең аспан!Пусть всегда будет небо голубое!
Тәр.: Бір жылда неше жыл мезгіл бар? Қандай атап беріңдерші?
Бала: Көктем, жаз, күз, қыс. Весна, лето, осень, зима.
Тәр.: Жыл мезгілі бізге қандай сыйлықтар сыйлайды?
1-бала: Қыс мезгілі — сырғанатын, шаңғысын, шанасын, аппақ қарын сыйлайды.
2-бала: Көктем мезгілі — сарқыраған өзенін, алғашқы гүлін, көгілдір аспанын сыйлайды.
3-бала: Жаз мезгілі — ыстық күннің сәулесін, ашық түсті гүлдерін, жемісі мен көкөнісін сыйлады.
4-бала: Күз мезгілі — алтын астығы мен нанын, жеміс-жидегін сыйлайды.
Тәр.: Балалар, білесіңдер ме, табиғат ғажайыптарын терең сезініп, өлең жазған ақын атамыз кім?
_____:Абай Құнанбаев атамыз.
Жыл мезгілдері жайлы өлең жолдарын еске түсіру.
1-Бала: Жаз.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көк орай, шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп талғанда:
Күркіреп жатқан өзенге.
Көшіп ауыл қонғанда.
2-бала: Күз.
Сұрбұлт түсі суық қаптайды аспан.
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
3-бала: Қыс.
Ақ киімді, денемі, ақ сақалды.
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяу бен қар.
Бәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
4-бала: Көктем. Жазғытұры.
Жазғытұры қалмайды, қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен
Жайраң басып жас күлер құрбысымен.
Орнымыздан тұрып «Саусақтарға жаттығу жасайық».
Сергіту сәт.
Тәр.: Қағып, сілкіп, кірді де (қолды сілкілді).
Су бүркейді табаға (саусақпен бүркеу).
Қолымызға жабысқан, түсірейік қамырды. (саусақтары төмен қарай сипау).
Қолды жуып, кептіріп (қолды айналдыра сипау).
Табыстырып саусақты, дем алдырып алайық (саусақтарын кезекпен түйістіру).
«Дарын-жанып тұрған жалын» демекші, дарындықтарымызды көрсетейік.
1. Сурет
2. Жапсыру
3. Құрастыру
4. Мүсіндеу
Жасалған жұмыстарынан көрме.
Мақал-мәтелдер айту.
1-бала: «Еңбек етсең еріңбей, тояды қарның тіленбей».
«Жері байдың — елі бай».
2-бала: Тұған жердің торғайда ыстық.
Жаңылташ айту.
3-бала: «Қыста құлағын үсіп-ісіп қалды». «Бұл қар-сұр, қар-кір қар, үстінде аунама, үстіңді былғар».
4-бала: «Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас». «Қарлығаш көктем нышаны».
Сұрақтар.
1. Біз осы өмір сүретін әлемде, барлық адамдар қайда тіршілік етеді?
5-бала: Барлық адамдар жер бетінде тіршілік етеді.
2. Адам тіршілігіне не ортақ деп ойлайсыңдар?
6-бала: Жер, күн, жұлдыздар, ай, су, ауа т.б.
4. Біз немен демаламыз?
7-бала: Ауа мен дем аламыз.
5. Біз нені басып жүреміз?
8-бала: Біз жерді басып жүреміз.
1. Ал су не үшін керек?
9-бала: Адамға сусыз өмір жоқ, гүлге де, егіске де, бау-бақшаға да, ағашқа да су керек, бәрі сумен.
2. Осылардың бәрін бізді қоршаған ортаны бір ауызбен не деп атаймыз?
1-бала: Бізді қоршаған орнаты, табиғат деп атаймыз.
3. Табиғат нешеге бөленеді?
2-бала: Тірі табиғат, өлі табиғат. Тірі табиғатқа: гүлдер, шөптер, ағаштар, құстар, жануарлар жатады. Өлі табиғатқа: тас, құм, су, мұз, топырақ, жаңбыр, қар жатады.
4. Қалай ойлайсыңдар, осы жалпы табиғатқа қамқорлық керек пе, жоқ па?
3-бала: Табиғаттағы барлық заттарға қамқорлық жасау, ластамау, таза болуы керек.
Дидактикалық ойын : «Сөз ойла, тез ойла».
(Үн таспадан шиқылдаған балапанның дауысы естіледі).
- Қарандаршы, балалар, бір шақылдаған дауыс шығатын секілді.
Ортаға балапан келеді.
- Қараңдар, тамаша, мынау кім?
- Балапан ғой.
Балапан: Көмектесіңдерші, мен адасып қалдым.
- Көмектесеміз бе?
Балапан: Уа, тамаша, қандай, керемет. Сіздер кімсіңдер?
Бала: Біз балалармыз. Сен енеңнен адасып қалдың ба?
Балапан: Мен білмеймін енем кім екенін.
Балалар біз ойын ойнайық.
Балапан өзінің енесін тауып алар.
Мен төлдерін атаймын, ал сендер енелерін атаңдар.
Бота — түйе.
Құлын — жылқы.
Қозы — қой.
Лақ — ешкі.
Күшік — ит.
Қонжық — аю.
Балапан — тауық.
Балапан: Алақай, менің енем тауық. Ол енді мені іздеп келеді ғой.
- Дұрыс айтасын, әрине, іздеп келеді.
Осы кезде балапан қаматын қағып, сілкінеді де, қанатының астынан хат түседі.
- Мынау не?
Математикалық тапсырма.
1-бала: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Екінші қанатын сілкілегенде 7 саны түседі.
Балалар : Киелі сан дейді.
2-бала: Жеті күн: бүгін, ертең, бірсугіні, арғы күні, қасиетті күні, азына, соңғы күн.
3-бала: Жеті ата: ата, әке, бала, немерең, шөбере, шөпшек, немене.
4-бала: Жеті тағам: тұз, қатық, ет, кеспе, бидай, тары, су.
5-бала: Жеті қазына: сұлу әйел, берен мылтық, қыран бүркіт, жүйрік ат, ер жігіт, жүйрік тазы, ақыл-білім.
6-бала: Жеті мүше: бас, 2 қол, 2 аяқ, кеуде, іш.
Осы кезде тауық келеді.
Тауық: Балалар, менің балапаным адасып кетіпті, көрген жақсыңдар ма?
Балапан: Ене, мен мұндамын. Алақай, енем келді.
Жәй әуен ойыналады.
Белсенділерді, бағалап мадақтау. Бәрі қосылып «Қазақстаным табиғат әлемінде».
Қорытындысы: