link10920 link10921 link10922 link10923 link10924 link10925 link10926 link10927 link10928 link10929 link10930 link10931 link10932 link10933 link10934 link10935 link10936 link10937 link10938 link10939 link10940 link10941 link10942 link10943 link10944 link10945 link10946 link10947 link10948 link10949 link10950 link10951 link10952 link10953 link10954 link10955 link10956 link10957 link10958 link10959 link10960 link10961 link10962 link10963 link10964 link10965 link10966 link10967 link10968 link10969 link10970 link10971 link10972 link10973 link10974 link10975 link10976 link10977 link10978 link10979 link10980 link10981 link10982 link10983 link10984 link10985 link10986 link10987 link10988 link10989 link10990 link10991 link10992 link10993 link10994 link10995 link10996 link10997 link10998 link10999 link11000 link11001 link11002 link11003 link11004 link11005 link11006 link11007 link11008 link11009 link11010 link11011 link11012 link11013 link11014 link11015 link11016 link11017 link11018 link11019 link11020 link11021 link11022 link11023 link11024 link11025 link11026 link11027 link11028 link11029 link11030 link11031 link11032 link11033 link11034 link11035 link11036 link11037 link11038 link11039 link11040 link11041 link11042 link11043 link11044 link11045 link11046 link11047 link11048 link11049 link11050 link11051 link11052 link11053 link11054 link11055 link11056 link11057 link11058 link11059
Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
3 сынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Қаңқа — дененің тірегі.

2-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Қаңқа — дененің тірегі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: балалар қаңқа, оның құрылысы, қызметі, дененің тірегі – қаңқа туралы білім алады.

Дамытушылық: дене мүшелері, олардың әрқайсысының қызметтері туралы білімдерін дамытады.

Тәрбиелік: дененің тірегі – қаңқа сүйектерін түрлі зақымдардан сақтандыруға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: сұрақ парақтары, слайд, суреттер, А-3 қағаздары, маркерлер.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

I-топ — Бас сүйектері.

II-топ — Жамбас сүйектері.

III-топ — Қол сүйектері.

IV-топ — Омыртқа сүйектері.

V-топ — Аяқ сүйектері.

VI-топ — Қабырға сүйектері.

«Топтастыру» стратегиясы.

- Балалар, «қаңқа» дегенде сендердің көз алдарыңа не келеді?

Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп — көршісімен бөліседі, одан кейін — топ, барлығы ақылдарын ортаға салады. Ақыры — сыныппен жұмыс — топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Қаңқа - адамның сүйектері: 1). бас;

2). Кеуде;

3). Қол;

4). Аяқ.

Қаңқа

II. Мағынаны тану

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім.

I — топ  — Бас.

II — топ — Омыртқа.

III — топ  — Төс.

IV — топ  — Қол — аяқ.

Қаңқа сүйектерден тұратындығын ескере отырып: «Бас сүйектері», «Омыртқа сүйектері» , «Төс сүйектері» , «Қол, аяқ сүйектері» атына сай, оқулықтың бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім.

Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне.

Сонымен, сабақтың тақырыбы «Қаңқа — дененің тірегі», яғни қаңқа сүйектері туралы алған білімдері ортаға салынып, әр топтағы оқушы тақырып бойынша толық мағлұмат алады.

I — топ.

Қаңқа сүйектерден тұрады. Сүйектердің жалпы саны — 206. Олар — бас, кеуде, қол және аяқ сүйектері. Бас — мықты сүйектен тұрады. Оның астында ми орналасқан. Бас сүйек миды зақымданудан сақтайды. Бастағы тек жақ сүйек қана қозғалады, басқалары қозғалмайды. Жақ сүйек тамақты шайнауға және сөйлеуге мүмкіндік береді.

Эксперт парағы:

1. Қаңқа неден тұрады?

2. Сүйектердің жалпы саны қанша ?

3. Бассүйек не үшін керек?

4. Қандай сүйектер қозғалады?

II — топ.

Дененің қаңқасы — омыртқа жотасы, төс сүйек, қол мен аяқ сүйектерінен тұрады. Омыртқа жотасында 33 — 34 омыртқа бар. Олар бір — бірімен серпімді шеміршектер арқылы байланысқан. Сондықтан адам еркін еңкейе алады.

Эксперт парағы:

1. Қаңқа қандай сүйектерден тұрады?

2. Адамда қанша омыртқа бар?

3. Не арқылы адам еркін еңкейеді?

4. Омыртқалар бір — бірімен қалай байланысқан?

III — топ.

Әр омыртқаның ортасында саңылау бар. Омыртқалар бір — бірімен жалғасқанда бұл саңылаулар тұтасып, түтік құрайды. Онда жұлын орналасады. Омыртқа жотасы жұлынды зақымданудан сақтайды.

Төс — омыртқа жотасы мен төс сүйекке бекіген 12 жұп қабырғадан тұрады.

Эксперт парағы:

1. Омыртқалардың ортасында не бар?

2. Жұлынды зақымданудан не сақтайды?

3.Омыртқа жотасында не орналасқан?

4. Адамда қанша қабырға бар?

IV — топ.

Қаңқаның жоғарғы бөлігінде қол сүйектері орналасқан. Омыртқа жотасының төменгі бөлігінде жамбас сүйектер орналасқан. Олардан аяқ сүйектері тарайды. Қол мен аяқ сүйектері бір — бірімен буындар арқылы жалғасады. Буын қол мен аяқты еркін бүгіп, жазуға, түрлі қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді.

Қаңқа — адам денесінің тірегі. Ол ішкі ағзаларды зақымданудан қорғайды.

Эксперт парағы:

1. Қаңқаның жоғарғы жағында не орналасқан?

2. Омыртқа жотасының төменгі бөлігінде не орналасқан?

3. Қаңқа не үшін керек?

4. Адам аяқ — қолдарын не арқылы бүгеді, жазады?

III. Ой қозғау

Яғни, «Қаңқа қандай сүйектерден тұрады?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Егер менде омыртқа болмаса…» деген тақырыпқа шағын эссе жазып кел.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности